Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сіз білгенсіз бе?

Сіз білгенсіз бе?

Құрбандыққа кептер де, көгершін де ұсынуға болатыны несімен ыңғайлы болған?

МҰСА ЗАҢЫ бойынша, исраилдіктер құрбандыққа кептерді де, көгершінді де ұсына алатын. Құрбандықтар жайлы заңдарда осы екі құс үнемі бірге айтылатын және бірінің орнын бірі алмастыра беретін (Мұс. 3-ж. 1:14; 12:8; 14:30). Заңның осындай болғаны исраилдіктер үшін ыңғайлы еді. Өйткені кептерді табу кейде қиын болатын. Неге?

Кептер

Кептер жыл құсы болғандықтан, Исраил аумағын тек жылы айларда мекендейді. Олар қазан айында оңтүстікке жылы жаққа ұшып кетеді де, көктемде Исраилге қайтады (Таң. ә. 2:11, 12; Ерм. 8:7). Сондықтан ежелгі исраилдіктер қыс мезгілінде құрбандыққа кептерді ұсына алмайтын.

Жартас көгершіні

Ал көгершіндер жылы жаққа ұша бермейтіндіктен, олар Исраилде жыл он екі ай болады. Көгершіндерді үйде ұстауға да болатын (Жох. 2:14, 16 салыстырыңыз). Киелі кітаптағы жануарлар мен өсімдіктер жайлы кітапта былай делінген: “Ежелгі Палестинаның барлық ауылдары мен қалаларында адамдар көгершін ұстайтын. Әрбір үйде өзінің кептерханасы болатын немесе үй иесі ұяны қабырғадан ойып жасайтын” (Ишая 60:8 салыстырыңыз).

Ұядағы көгершін

Исраилдіктер жылдың кез келген мезгілінде ұсына алатын құрбандықты қабылдағанынан Ехобаның сүйіспеншілігі мен парасаттылығын көреміз.