ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ
Қысымға ұшырағанда батыл болыңыз
Еремия 38:1—13 оқып, Еремия пайғамбар мен сарай қызметкері Әбдімәліктің жағдайынан батылдық қасиеті жайлы көбірек біліңіз.
Мәнмәтінін қараңыз. Ехобаның хабарын жариялау үшін неге Еремияға батылдық қажет еді? (Ерм. 27:12—14; 28:15—17; 37:6—10). Еремияның хабарын адамдар қалай қабылдады? (Ерм. 37:15, 16).
Тереңірек үңіліңіз. Еремия қандай қысымға ұшырады? (jr-U 26, 27-б., 20—22 абз.). Ежелдегі су қоймалары жайлы зерттеп көріңіз (it-2-U 1192, 1193-б.). Балшықтанып жатқан құдыққа тасталғанда Еремия не сезінген болуы мүмкін? Әбдімәліктің бойында қандай қорқыныш болған болуы мүмкін? (w12 1.7. 19-б., 2, 3-абз.).
Тәлім алыңыз. Былай деп ойланып көріңіз:
-
Ехоба адал қызметшілерін қорғайтынын бұл оқиға қалай дәлелдейді? (Зәб. 97:10; Ерм. 39:15—18).
-
Қандай жағдайларда батылдық танытуым керек болады?
-
Қысымға ұшырағанда берілмей дұрыс әрекет ету үшін, батылдық қасиетін қалай шыңдасам болады? (w11-U 1.3. 30-б.) a.
a Жеке зерттеуге қатысты кеңестерді оқып көргіңіз келсе, 2023 жылғы “Күзет мұнарасының” шілдедегі санынан “Зерттеу әдістері” деген қоршауды қараңыз.