Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Есіңізде ме?

Есіңізде ме?

“Күзет мұнарасының” соңғы сандарын мұқият оқыдыңыз ба? Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

Зәбүр 103:8-де айтылғандай, Ехобаның мейірімді екенін білгендіктен, біз не нәрсеге сенімдіміз?

Ехоба мейірімді болғандықтан, біздің қателіктерімізді кешіреді. Сондай-ақ ол қиналғанымызда бізге көмектеседі. Біз де осы жағынан Ехобаға еліктейік (w21.01, 21-б.).

Ехоба басшылық принципін не үшін орнатқан?

Жақсы көргендіктен. Ол өз отбасының тәртіппен әрі татулықта өмір сүргенін қалайды. Үй ішінде басшылық принципін мойындайтын адам кімнің шешім қабылдап, сол шешімді жүзеге асыруға жауапты екенін жақсы біледі (w21.02, 3-б.).

Мәсіхшілер хат алмасуға арналған қосымшаларды қолданғанда не үшін абай болу керек?

Көп адамнан тұратын үлкен чаттық топтарға келгенде әсіресе абай болу керек (Тім. 1-х. 5:13). Өйткені рас-өтірігі белгісіз мәліметтер таратып қоюымыз және бауырластарды табыс көру мақсатында пайдалана бастауымыз мүмкін (w21.03, 31-б.).

Құдай неге Исаның азап шегіп, өлуіне жол берді?

Бірінші себебі — яһудилерді қарғыстан босату үшін Иса бөренеге ілінуі керек болды (Ғал. 3:10, 13). Екінші себебі — Ехоба Исаны болашақта Бас діни қызметкеріміз болуға дайындады. Үшіншіден, Иса өле-өлгенше адалдық сақтауымен адамдар аяусыз сыналса да, мінсіз болып қала алатындарын дәлелдеді (w21.04, 16, 17-б.).

Қызметте адамдарды үйлерінен таппасаңыз, не істей аласыз?

Адамдар үйлерінде болады-ау деген уақытта барсақ болады. Сондай-ақ әртүрлі жерлерде уағыздасақ болады. Немесе хат жазып қалдырып кетсек болады (w21.05, 15, 16-б.).

Елші Пауылдың “заң арқылы сол заң үшін өлі болдым” дегені нені білдіреді? (Ғал. 2:19)

Мұса Заңы Исраил халқының күнәсін әшкереледі және оларды Мәсіхке жетеледі (Ғал. 3:19, 24). Пауыл Мәсіхті қабылдады. Осылай “заң үшін өлі болды”, яғни бұдан былай оған Мұса Заңының билігі жүрмейтін болды (w21.06, 31-б.).

Ехоба қандай жайттарға төзіп отыр?

Есімінің қаралануына, бүкіләлемдік билігіне көбісінің қарсы шығуына, кейбір балаларының бүлік шығаруына, Шайтанның сансыз өтірік таратуына, аяулы қызметшілерінің қасірет шегуіне, өмірден өткен достарынан ұзаққа ажырап қалғанына, зұлымдардың басқаларға жәбір көрсетуіне, адамдардың азғындануына, жердің бүлінуіне (w21.07, 9—12 б.).

Жүсіп шыдаммен күтуде қандай үлгі қалдырды?

Бауырлары оған әділетсіздік жасады. Кейін Мысырда жалған айып тағылып, түрмеге жабылды. Бірақ ол әділдік орнағанша шыдаммен күтті (w21.08, 12-б.).

Хагей 2:6—9, 20—22 тармақтарда қандай сілкініс жайында пайғамбарлық айтылған?

Патшалық жайлы хабарға халықтар құлақ асып жатқан жоқ. Бірақ көп адам шындықты қабылдап жатыр. Ақырғы сілкініс кезінде халықтар жойылады (w21.09, 15—19 б.).

Неліктен қызметімізді еш талмай атқаруымыз керек?

Ехоба күш салып жатқанымызды бағалайды. Қызметімізді еш талмай атқарсақ, мәңгілік өмірге жетеміз (w21.10, 25, 26-б.).

“Барлық іс-әрекеттерімізде киелі болуға” Мұсаның 3-жазбасы 19-тарау қалай көмектеседі? (Пет. 1-х. 1:15)

Петірдің 1-хаты 1:15-тегі бұл сөздер Мұсаның 3-жазбасы 19:2-ден алынса керек. Қандай істерде киелі бола алатынымызды Мұсаның 3-жазбасы 19-тараудан білеміз (w21.12, 3, 4-б.).