Болған оқиға
Барша адамға жанашыр болу
Жаңа Зеландияда тұратын әйел бауырлас jw.org сайтынан бір видео көреді. Онда Ехобаның өзгелерге жаны ашып қана қоймай, іс жүзінде жанашырлық көрсететіні айтылды (Ишая 63:7—9). Сөйтіп, бауырласымыз білгеніне сай әрекет еткісі келіп, біреуге көмектесуге бекінеді. Сол күні азық-түлік сатып ала жүріп ол үй-күйі жоқ бір әйелді көріп қалады да, оған тамақ алып берейін дейді. Ол әйел келіседі. Бауырлас оған тамақ сатып әкеледі де, “Қайғы-қасірет болмайтын кез келе ме?” деген буклетті көрсетіп, қысқаша уағыздайды.
Әлгі әйелдің көз жасы төгіліп, жылай бастайды. Сөйтсе, ол кішкентайынан шындықты білгенмен, көп жыл бұрын бұл жолды тастап кеткен екен. Бірақ соңғы кездері Ехобаға қайта оралуға көмек сұрап дұға етіп жүріпті. Бауырласымыз оған Киелі кітап беріп, ол зерттеу сабағын бастауға келіседі a.
Ехобаны үлгі тұтып, біз де адамдарға, соның ішінде туыстарымыз бен қауымдағы бауырластарға жанашыр болайық. Куәлік берудің орайын жібермеу арқылы да жанашырлық көрсете аламыз.
a Уағыздамай жүрген бауырластарға көмектесу жолын білу үшін 2020 жыл, маусым айындағы “Күзет мұнарасы” журналынан “Маған қайта оралыңдар” деген мақаланы қараңыз.