ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ
Ехобаға адал адам берген антын бұзбайды
Билер 11:30—40 оқып, Ефта мен оның қызының оқиғасынан антты орындауға қатысты қандай сабақ алуға болатынын көріңіз.
Мәнмәтініне үңіліңіз. Адал исраилдіктер Ехобаға берген анттарына қалай қараған? (Мұс. 4-ж. 30:2). Ефта мен оның қызы Ехобаға сенім артқаны неден көрінеді? (Би. 11:9—11, 19—24, 36).
Қосымша ізденіңіз. Ефта ант бергенде нені ойда тұтса керек? (w16.04 5-б., 12-абз.). Антты орындау үшін Ефта мен оның қызы қандай құрбандықтарға барды? (w16.04 6, 7-б., 14—16 абз.). Бүгінде мәсіхшілер қандай ант беруі мүмкін? (w17.04 6—9 б., 10—19 абз.).
Тәлім алып, өмірде қолданыңыз. Былай деп ойланып көріңіз:
-
Бағышталу антымды бұзып қоймас үшін не істеуім керек? (w20.03 13-б., 20-абз.)
-
Ехобаға көбірек қызмет ету үшін қандай құрбандықтарға барсам болады?
-
Жұбайыма берген антымды орындай беруге маған не көмектеседі? (Мат. 19:5, 6; Ефес. 5:28—33)