ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ
Әділетсіздікке төзу
Мұсаның 1-жазбасы 37:23—28; 39:17—23 оқып, әділетсіздікке төзген Жүсіптен үйреніңіз.
Мәнмәтінін қараңыз. Жүсіптің әділетсіздік көруіне не себеп болды? (Мұс. 1-ж. 37:3—11; 39:1, 6—10). Ол әділетсіздікке қанша уақыт төзді? (Мұс. 1-ж. 37:2; 41:46). Осы уақыт аралығында Ехоба ол үшін не істеді және не істемеді? (Мұс. 1-ж. 39:2, 21; w23.01 17-б., 13-абз.).
Тереңірек үңіліңіз. Потифардың әйелі жала жапқанда, Жүсіп өзін ақтағаны жайлы Киелі кітапта ештеңе айтылмайды. Жүсіп неге үндемеген болуы мүмкін және неге біз барлық жайтты білеміз деп күтпеуіміз керек? Келесі тармақтарды оқып, осы сұрақтар жайлы ой жүгіртіп көріңіз (Нақ. с. 20:2; Жох. 21:25). Әділетсіздікке төзуге Жүсіпке қандай қасиеттер көмектескен болуы мүмкін? (Миха 7:7; Лұқа 14:11; Жақ. 1:2, 3).
Тәлім алыңыз. Былай деп ойланып көріңіз:
-
Мәсіхтің шәкірті болғаным үшін қандай әділетсіздіктерге кезігуім мүмкін? (Лұқа 21:12, 16, 17; Евр. 10:33, 34).
-
Әділетсіздікке төзе алуым үшін қазір қалай дайындалсам болады? (Зәб. 62:7, 8; 105:17—19; w19.07 2—7 б.).