Зерттеу әдістері
“Ехоба куәгерлерінің ізденіс құралындағы” Киелі кітап тармақтарының түсіндірмелерін қолданып жүрсіз бе?
Бұл түсіндірмелердің арқасында Құдай Сөзін тереңінен түсіне аласыз. Мәселен, тармақтағы сөздер қандай жағдайда, қай заманда жазылғанын, не үшін жазылғанын, кімге қатысты екенін және кейбір сөздер мен тіркестердің мағынасын біле аласыз.
“Күзет мұнарасының онлайн кітапханасы” мен “JW Library®” қосымшасында алысқа кетпей-ақ, тармақтың өзінен “Ізденіс құралындағы” мәлімет көздерін көруге болады. Олар Киелі кітаптың кез келген аудармасында, зерттеуге арналған қосымша терезеде келтіріледі.
Мәлімет көздерінің тұрған кезегіне мән беріңіз. Жақын арада шыққандары бірінші, ал бұрынырақ шыққандары төмен жағында тұрады. Ескі мақалалардағы кейбір түсініктер қазір жаңарған болуы мүмкін.
“Күзет мұнарасының онлайн кітапханасында” тармақты бассаңыз, “Ізденіс құралындағы” мәлімет көздері бірден келтіріліп тұрады.
“JW Library” қосымшасында болса тармаққа арналған мәлімет көздерін көру үшін алдымен “Ізденіс құралын” жүктеп, ара-тұра оны жаңартып тұру керек. Ол үшін “Кітапханадан” “Көрсеткішке” кіріп, соңғы нұсқасын жүктеп алыңыз.