Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ

Рухани толысқан адам дұрыс шешімдер қабылдайды

Рухани толысқан адам дұрыс шешімдер қабылдайды

Мұсаның 1-жазбасы 25:29—34 оқып, Есау мен Жақыптың қайсысы дұрыс шешім қабылдағанын біліңіз.

Мәнмәтініне үңіліңіз. Бұған дейін не болды? (Мұс. 1-ж. 25:20—28). Бұдан кейін не болды? (Мұс. 1-ж. 27:1—46).

Қосымша ізденіңіз. Сол уақытта тұңғыш ұлдың қандай құқықтары мен міндеттері болған? (Мұс. 1-ж. 18:18, 19; w10-U 1.5. 13-б.).

  • Тұңғыш ұл болу деген міндетті түрде Мәсіхтің арғы атасы болу дегенді білдірген бе? (w17.12-U 14, 15-б.).

Тәлім алып, өмірде қолданыңыз. Неге Жақып тұңғыштық жолын Есауға қарағанда көбірек бағалаған? (Евр. 12:16, 17; w03-U 15.10. 28, 29-б.). Ехоба осы екі ағайындыға қалай қарады және неге? (Малх. 1:2, 3). Есау дұрыс шешім қабылдау үшін не істеуіне болар еді?

  • Ойланып көріңіз: “Апта сайынғы кестемнен рухани нәрселерді бағалайтыным көріне ме? Мысалы, отбасылық ғибадатты жоспарладым ба?”