Зерттеу әдістері
Бауырластардың өмірбаяндарын оқу сізге ұнай ма?
Күнде таңертең бір өмірбаяннан оқып отыратын бір ерлі-зайыпты былай дейді: “Бауырластардың оқиғалары бойымызға жігер құйып, қуантып тастайды. Оларға қарап “демек, біз де қандай жағдай болмасын, адал болып қала аламыз” деп түйеміз”. Осы пікірді бір әйел бауырласымыз былай деп қоштады: “Бұл өмірбаяндар жаныңа жұбаныш пен жылу сыйлап, алға сүйрейді. Қай бауырластың оқиғасын алсаң да, өмірі мән-мағынаға бай. Мен де көбірек қызмет етсем, балаларымды Ехобаға толық уақыт қызмет етуге талпындырсам деймін”.
Өмірбаяндар сізді де мәнді мақсаттар қоюға, әлсіздіктеріңізге дес бермеуге және ауыр сынақтардан басыңызды тік ұстап, қуанышпен өтуге көмек болады. Оларды оқу үшін:
jw.org сайты не “JW Library”® қосымшасынан “Ехоба куәгерлерінің өмірбаяны” деген мақалалар топтамасын іздеңіз;
“Күзет мұнарасының онлайн кітапханасы”™ не “Күзет мұнарасының кітапханасынан” “Ехоба куәгерлерінің өмірбаяны” деген тақырыптағы мақалаларды іздеңіз.