ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Зерттеу әдістері
Біз Ехобаға қауымдарда, конгрестерде топ болып ғибадат етумен қатар, жеке және отбасы болып та ғибадат етеміз. Төменде жеке зерттегенде не отбасылық ғибадат өткізгенде қарастыруға болатын ұсыныстар бар:
-
Қауым кездесулеріне дайындалыңыз. Ән айтып жаттығыңыз және отбасыңыздағыларға түсініктеме дайындауға көмектесіңіз.
-
Киелі кітаптан бір үзінді оқыңыз. Кейін оқиғаның суретін салыңыз немесе білгендеріңізді жазып қойыңыз.
-
Киелі кітапта жазылған дұғаларды оқып, өз дұғаңызды қалай жақсарта алатыныңызды қарастырыңыз.
-
Сайтымыздағы бір видеоны көріп, бірге талқылаңыздар не ұнаған ойларды жазып қойыңыз.
-
Қызметке дайындалып, ұсыныс айтып жаттығып көріңіздер.
-
Жаратылыстарды бақылап ой жүгіртіңіз не олардан Ехоба жайлы не білуге болатынын талқылаңыз a.
a 2023 жыл, наурыз айының “Күзет мұнарасынан” “Жаратқандарына қарап Ехобаны таныңыз” деген мақаланы қараңыз.