Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ

Сурет салу есте сақтауды жақсартады

Сурет салу есте сақтауды жақсартады

Көбімізге оқыған, зерттеген нәрселерімізді есте сақтау оңай бола бермейді. Сізге де солай шығар. Бірақ байқадыңыз ба, Исаның мысалдары ойымызға тез оралады. Өйткені оларды көз алдымызға келтіру жеңіл, соның арқасында есте сақтау да оңай. Егер сіз де зерттеп жатқандарыңызды елестететін болсаңыз, көбісі есіңізде қалады. Бұл үшін сурет салып көрсеңіз болады.

Білген жаңа нәрселерінің суретін салатындар жиі оларды жақсырақ есте сақтайды. Бұл әдіс оларға тек сөздерді ғана емес, қандай да бір ұғымдар мен басты ойларды түсінуге көмектеседі екен. Олардың суреттері — бір өнер туындысы емес, қарапайым сызбалар ғана. Бір деректерге сай, сурет салудың әсіресе ересек адамдарға пайдасы зор.

Келесі жолы зерттеу жүргізгенде оқып-білгендеріңізді суретке айналдырыңыз. Сонда қаншама нәрсе есіңізде қалғанын көріп таңданарсыз!