Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ

Кең көзқараспен зерттеңіз

Кең көзқараспен зерттеңіз

Әдетте біз зерттемес бұрын, “Бұл мәлімет не жайлы екен?” деп ойланатын шығармыз. Бірақ абай болмасақ, мәліметтің не жайлы болатынын шамамен түсініп тұрған кездері “бұл тақырыпты жақсы білемін” деген ойға алданып қалуымыз мүмкін. Сондықтан кең көзқараспен, яғни жаңа нәрсе білгім келеді деген оймен зерттегеніміз маңызды. Ол үшін не істеуіміз керек?

Даналық сұрап дұға етіңіз. Ехобадан “маған қазір пайдалы болатын ойларды көре білуге көмектесші” деп сұраңыз (Жақ. 1:5). Сондай-ақ осыған дейін білгендеріңізбен шектеліп қалмаңыз (Нақ. с. 3:5, 6).

Киелі кітаптың ерекше әсерін ұмытпаңыз. “Құдайдың сөзі тірі” (Евр. 4:12). Әр оқыған сайын Киелі кітап бізге жаңа қырынан ашылып, өміріміздің әртүрлі саласына әсер етіп отырады. Бірақ ол үшін біз кең көзқараспен, яғни жаңа нәрсе білемін деген оймен оқуымыз керек.

Ехобаның дастарқанындағы астың бәрін бағалаңыз. Ехобаның рухани ас-суы “бай дастарқан” іспетті (Ишая 25:6). Мынаны жеймін, ал мынаны жемеймін деп, рухани ас-судың кейбірінен бас тартып жүрмеңіз. Өйткені Ехобаның беретін рухани ас-суы өте “дәмді” әрі біз үшін аса пайдалы!