КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ ТІРКЕС
Күнәлардың төлемнен бұрын кешірілуі
Біздің күнәларымыз тек Исаның берген төлем құрбандығы арқылы кешіріледі (Ефес. 1:7). Бірақ Киелі кітапта “[Құдай] бұрынғы уақыттарда жасалған күнәларды төзімділікпен кешіріп отырғаны”, яғни Иса төлем бермей тұрып кешіргені айтылған (Рим. 3:25). Ехоба қалай әділдіктің Құдайы бола тұра, күнәларды төлемнен бұрын кешірген?
Ехоба сенімі бар адамдарды құтқару үшін “ұрпақ” келетінін шешкенде-ақ, оның көзінде төлем өтеліп қойылғандай болды (Мұс. 1-ж. 3:15; 22:18). Сондай-ақ Құдай жалғыз Ұлы уақыты келгенде өз еркімен төлем құрбандығын беретініне кәміл сенімді болды (Ғал. 4:4; Евр. 10:7—10). Иса жерде болғанда, Құдай оған төлем құрбандығын бермей тұрып-ақ өзгелердің күнәсін кешіретін билік берген. Иса өзіне сенім білдірген жандардың күнәларын алда беретін төлем құрбандығының құнымен жапқан (Мат. 9:2—6).