7-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
Біз Әкеміз Ехобаны қатты жақсы көреміз
“Біздің сүйетін себебіміз — ол бізді алдымен сүйді” (ЖОХ. 1-Х. 4:19).
3-ӘН Сен бізге күш бердің, үміт бердің
АҢДАТПА *
1, 2. Неге Ехобаның отбасының бір бөлігі бола аламыз және ол мұны қалай мүмкін етті?
ЕХОБА бізді қызметшілерінен тұратын өз отбасына шақырды. Неткен керемет шақыру десеңізші! Отбасымыз Құдайға бағышталған және оның Ұлының төлем құрбандығына сенетін жандардан құралған. Біз бақытты отбасымыз. Қазірдің өзінде мәнді де мағыналы өмірдің рақатын көрудеміз, әрі жерде орнайтын жұмақта не көкте шексіз өмір сүре алатынымызға қатты қуанамыз.
2 Ехоба бізді қатты жақсы көргендіктен, өз отбасының бір бөлігі болуға жол ашты. Бірақ бұл үшін оған зор құрбандыққа баруға тура келді (Жох. 3:16). Біз “қымбат бағаға сатып алындық” (Қор. 1-х. 6:20). Төлем арқылы Ехоба бізге онымен жақын қарым-қатынаста болуды мүмкін етті. Біз әлемдегі ең ұлы Тұлғаны Әке деп атау мәртебесіне иеміз. Сондай-ақ өткен мақалада қарастырғанымыздай, Ехоба — ең тамаша Әке.
3. Ехобаның бізге жасаған жақсылықтары жайлы ойлағанда, көкейімізде қандай сұрақ туындауы мүмкін? (“ Ехоба мені байқай ма?” деген қоршауды қараңыз)
3 Киелі кітаптың бір жазушысы іспетті біз де: “Ехобаның жасаған бар жақсылығын қалай өтеймін?”— деп ойланатын шығармыз (Зәб. 116:12). Шындығында, біз көктегі Әкеміздің жақсылығын ешқашан өтей алмаймыз. Десе де оның бізге деген сүйіспеншілігі бізді де оны сүюге талпындырады. Елші Жохан: “Ал біздің сүйетін себебіміз — ол бізді алдымен сүйді”,— деп жазған (Жох. 1-х. 4:19). Көктегі Әкемізді жақсы көретінімізді қандай жолдармен көрсете аламыз?
ЕХОБАҒА ЖАҚЫН БОЛЫП ҚАЛЫҢЫЗ
4. Жақып 4:8-ге сай, неге біз Ехобаға жақындауға күш салуымыз керек?
4 Ехоба оған жақындағанымызды және онымен сөйлескенімізді қалайды (Жақып 4:8 оқыңыз). Ол бізді “ұдайы дұға етуге” шақырады, әрі үнімізге әрдайым құлақ асады (Рим. 12:12). Ол бізді барлық кезде тыңдайды, ешқашан қолы тимей не шаршап тұрмайды. Ал біз Құдай Сөзі, Киелі кітапты және оны түсінуге көмектесетін басылымдарды оқу арқылы Ехобаны тыңдаймыз. Сондай-ақ жиналыстарда мұқият болу арқылы да оған құлақ түреміз. Балалар ата-аналарымен үнемі сөйлессе оларға жақын болады. Сол сияқты біз де Ехобамен үнемі сөйлессек, оған жақын боламыз.
5. Дұғаларымыздың сапасын қалай жақсарта аламыз?
5 Дұғаларыңыздың сапасы жайлы ойланып көріңіз. Ехоба біздің оған көңіліміздегіні ақтарып, дұға еткенімізді қалайды (Зәб. 62:8). Мына жайлы ойлап көрейік: Ехобаға айтатын дұғаларым ойланбай көшіре салынған хатқа ұқсай ма, әлде шын жүректен жазылған хатқа ма? Ехобаны өте қатты жақсы көретініңізге және онымен мықты қарым-қатынаста болғыңыз келетінінде сөз жоқ. Бұл үшін онымен ұдайы сөйлесуіңіз керек. Оған жүрек сырларыңызды айтыңыз. Қуанышыңызбен де, қайғыңызбен де бөлісіңіз. Ехобаға арқа сүйей алатыныңызға сенімді болыңыз.
6. Көктегі Әкемізге жақын болып қалу үшін не істеуіміз керек?
6 Көктегі Әкеміз Ехобаға жақын болып қалу үшін әрдайым ризашыл болуымыз керек. Біз зәбүр жыршысының айтқан сөздерімен толықтай келісеміз. Ол былай деген: “Біз үшін қаншама керемет іс жасадың, Біз жайлы қаншама көп ойлайсың, уа, Ехоба Құдайым. Саған ешкім тең келмейді; Істерің жайлы айтқым келсе де, Олардың көптігінен бәрін атап шыға алмас едім!” (Зәб. 40:5). Біз ризашылық сезініп қана қоймай, риза екенімізді сөзімізбен және ісімізбен көрсетеміз. Бұл қасиет бізді бұқарадан ерекше етеді. Біз өмір сүріп жатқан дүниеде адамдар Құдайдың жасаған жақсылықтарын бағаламайды. Адамдардың алғысты білмейтіндері — “соңғы күндері” өмір сүріп жатқанымыздың бір көрсеткіші (Тім. 2-х. 3:1, 2). Ал біз ешқашан бұндай көзқарасты жұқтырып алмайық!
7. Ехоба біздің не істегенімізді қалайды және неге?
7 Ата-аналар балаларының бір-бірімен ұрысқанын қаламайды, қайта дос болса екен дейді. Сол сияқты Ехоба да барлық қызметшілерінің бір-бірімен дос болғанын қалайды. Өзара сүйіспеншілігіміз шынайы мәсіхшілер екенімізді көрсетеді (Жох. 13:35). Зәбүр жыршысының: “Бауырлардың бірлікте тұрғандары қандай игі, қандай жағымды!”— деген сөздерімен келісеміз (Зәб. 133:1). Бауырластарды жақсы көрсек, Ехобаны жақсы көретінімізді дәлелдейміз (Жох. 1-х. 4:20). “Бір-біріне мейірімді де барынша жанашыр” бауырластардан тұратын отбасының бір бөлігі болу неткен ғанибет! (Ефес. 4:32).
СҮЙІСПЕНШІЛІГІҢІЗДІ МОЙЫНСҰНУЫҢЫЗБЕН КӨРСЕТІҢІЗ
8. Жоханның 1-хаты 5:3-ке сай, Ехобаға мойынсұнуымыздың басты себебі қандай?
8 Ехоба балалардың ата-аналарына мойынсұнғанын қалайтынындай, Ефес. 6:1). Ол бұған лайық, өйткені ол — Жаратушымыз, өміріміздің Қайнары әрі әлемдегі ең дана Әке. Алайда оған мойынсұнуымыздың ең басты себебі — біз оны жақсы көреміз (Жоханның 1-хаты 5:3 оқыңыз). Ехобаға мойынсұнуымыз қажет екеніне көптеген себеп болса да, ол бізді өзіне мойынсұнуға ешқашан күштемейді. Ехоба бізге ерік бостандығын берді. Сондықтан оған мойынсұнуды таңдасақ, әрі бұлай етуге сүйіспеншілігіміз талпындырса, ол қуанады.
біздің де өзіне мойынсұнғанымызды қалайды (9, 10. Ехобаның нормаларын біліп, соған сай өмір сүру неліктен маңызды?
9 Кез келген ата-ана балаларының қауіпсіздігін ойлайды. Сондықтан да олар балаларын қорғау үшін ережелер орнатады. Сол ережелерге бағынғанда, бала ата-анасына сенетінін, оларды құрметтейтінін көрсетеді. Ал көктегі Әкеміз Ехобаның нормаларын білгеніміз және соған сай өмір сүргеніміз одан да маңызды. Егер солай етсек, Ехобаны сүйетінімізді және оны құрметтейтінімізді көрсетеміз, мұның пайдасын өзіміз де көреміз (Ишая 48:17, 18). Ал Ехоба мен оның нормаларынан бас тартатындар түбінде өздері жапа шегеді (Ғал. 6:7, 8).
10 Ехобаға ұнамды өмір сүрсек, өзімізді физикалық, эмоциялық және рухани жағынан қорғаймыз. Ехоба біз үшін ненің жақсы екенін біледі. Құрама Штаттарда тұратын Аврора былай дейді:
“Ехобаға мойынсұнудың нәтижесі — ең жақсы өмір екенін білемін”. Бұл шындық еш өзгермейді. Сіз Ехобаның сүйіспеншілікпен берген басшылығына мойынсұнғанның қандай пайдасын көріп жүрсіз?11. Дұғаның көмегі қандай?
11 Дұға бізге мойынсұну қиын болған кезде де мойынсұнғыш болуға көмектеседі. Пенде болғандықтан кейде Ехобаға мойынсұну қиын болып жатады. Сонда да күнә жасауға деген бейімділігімізбен күресуіміз керек. Зәбүр жыршысы Құдайға: “Бойымда бойсұнушылық рухын оятшы”,— деп жалбарынған (Зәб. 51:12). Тұрақты ізашар болып қызмет ететін Дениз былай дейді: “Ехобаның қандай да бір талабын орындау қиын болғанда, дұрыс нәрсені істеуге күш сұрап дұға етемін”. Осындай дұғаларға Ехоба әрдайым жауап беретініне сенімді болсақ болады (Лұқа 11:9—13).
БАСҚАЛАРҒА ӘКЕМІЗДІ ЖАҚСЫ КӨРУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ
12. Ефестіктерге 5:1-ге сай, не істеуіміз керек?
12 Ефестіктерге 5:1 оқыңыз. Ехобаның “сүйікті балалары” ретінде оған еліктеу үшін барымызды саламыз. Мейірімді болсақ, өзгелерді кешірсек, әрі оларды жақсы көрсек, Ехобанікіндей қасиеттер танытамыз. Құдайды танымайтын адамдар біздің жақсы жүріс-тұрысымызды көріп, Құдай жайлы білгілері келуі мүмкін (Пет. 1-х. 2:12). Ехоба бізге қалай қараса, мәсіхші ата-аналар да балаларына солай қараулары керек. Сонда балалары мейірімді Әкемізбен өздері дос болғылары келуі ғажап емес.
13. Батыл болу үшін не істеуіміз керек?
13 Әдетте бала әкесін мақтан тұтады, әрі ол жайлы айтқанды ұнатады. Сол сияқты, біз де көктегі Әкемізді мақтан тұтамыз және өзгелердің ол жайлы білгенін қалаймыз. Бәріміз де “Ехобаны мен мақтан тұтамын”,— деген Дәуіт патшанікіндей сезімдеміз (Зәб. 34:2). Бірақ Ехоба жайлы айтуға ұялсақ ше? Қалай батыл бола аламыз? Ехоба жайлы айтқанда оның қалай қуанатынын, басқалардың ол туралы білгені олар үшін қаншалықты пайдалы екенін ойласақ, батылдана түсеміз. Ехоба I ғасырдағы бауырластарымызға батыл болуға көмектескен, бізді де көмексіз қалдырмайды (Сал. 1-х. 2:2).
14. Шәкірт дайындау ісіне атсалысудың кейбір маңызды себептері қандай?
14 Ехоба ешкімді алаламайды. Егер адамдарға шыққан ортасына қарамай сүйіспеншілік танытсақ, ол қуанады (Ел. іс. 10:34, 35). Өзгелерге сүйіспеншілік танытудың ең жақсы жолдарының бірі — оларға уағыздау (Мат. 28:19, 20). Бұның қандай пайдасы бар? Хабарымызға құлақ асқан адамдар қазірдің өзінде өмірлерін жақсарта алады, ал болашақта жердегі мәңгі өмірдің рақатын көре алады (Тім. 1-х. 4:16).
ӘКЕМІЗДІ ЖАҚСЫ КӨРІҢІЗ ДЕ, БАҚЫТТЫ БОЛЫҢЫЗ
15, 16. Бақытты болуымызға қандай себептер бар?
15 Ехоба сүйіспеншілігі мол Әке болғандықтан өз отбасының бақытты болғанын қалайды (Ишая 65:14). Тіпті қандай да бір қиындыққа кезігіп жүрсек те, қазірдің өзінде бақытты болуға себеп көп. Мысалы, көктегі Әкеміз бізді қатты жақсы көретініне сенімдіміз. Құдай Сөзі Киелі кітаптағы тура білімге иеміз (Ерм. 15:16). Сонымен қатар Ехобаны, оның заңдарын және бір-бірін жақсы көретін адамдардан тұратын бірегей отбасының бөлігіміз (Зәб. 106:4, 5).
16 Біз әрдайым бақытты бола аламыз, өйткені алда бізді жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдіміз. Жақын арада Ехоба бар зұлымдықты жоқ қылады және Патшалығы арқылы жер бетін жұмаққа айналдырады. Сондай-ақ өмірден өткен жақындарымыздың қайта өмір сүретініне, олармен қайта қауышатынымызға үміттенеміз (Жох. 5:28, 29). Бұл неткен қуанышты сәт болмақ! Ал ең бастысы, көп ұзамай көк пен жердегінің бәрі бар мадақ, бар атақ-даңқты сүюші Әкемізге арнап, оған ғана ғибадат етпек. Өйткені ол бұған лайық!
12-ӘН Ұлы Құдай Ехоба
^ 5-абзац Әкеміз Ехоба бізді қатты жақсы көреді және бізді өз қызметшілерінен тұратын отбасына қосты. Сондықтан біз де оны жақсы көреміз. Қамқор Әкемізді сүйетінімізді қалай көрсете аламыз? Бұл мақалада нақты не істеуге болатынын қарастырамыз.