52-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
Ата-аналар, балаларыңызға Ехобаны сүюді үйретіңіздер
“Балалар — Ехобаның берген мұрасы” (ЗӘБ. 127:3).
134-ӘН Балалар — Құдайдың аманаты
АҢДАТПА *
1. Ехоба ата-аналарға нені сеніп тапсырды?
ЕХОБА алғашқы жұпты балалы болу қалауымен жаратты. Киелі кітапта: “Балалар — Ехобаның берген мұрасы”,— деп тура айтылған (Зәб. 127:3). Бұл нені білдіреді? Мысалы, жақын досыңыз сізден қомақты қаржыға қарай тұруыңызды өтінсе, не сезінер едіңіз? Досыңыз сізге сенім артқанына қуанатын шығарсыз. Десе де сол қаржыға қалай бас-көз боламын деп те уайымдайсыз. Біздің ең жақын досымыз Ехоба ата-аналарға ақшадан да анағұрлым қымбат нәрсені аманат етті. Ол ата-аналарға балаларын қамқорлап, бақытты етуді сеніп тапсырды.
2. Қандай сұрақтарды қарастырамыз?
2 Жұбайлардың балалы болатын-болмайтынын және қашан балалы болатынын кім шешу керек? Ата-аналар балаларына бақытты өмір сыйлау үшін не істесе болады? Қазір мәсіхші ерлі-зайыптыларға дана шешім қабылдауға көмек болатын Құдай Сөзіндегі бірнеше принципті қарастырайық.
ЖҰБАЙЛАРДЫҢ ШЕШІМІН ҚҰРМЕТТЕҢІЗ
3. а) Жұбайлардың балалы болатын-болмайтындарын кім шешу керек? ә) Ерлі-зайыптылардың достары мен жақындары Киелі кітаптағы қандай принциптерді есте ұстағандары дұрыс?
3 Кей мәдениетте жас жұбайлар үйлене сала бірден балалы болулары керек деген түсінік бар. Сондықтан да жас жұбайлар отбасылары мен өзгелердің тарапынан қысым көруі мүмкін. Азияда тұратын Джетро есімді ер бауырластың айтуынша, қауымдағы кей ата-аналар Ғал. 6:5 сілт.). Әрине, достары мен жақындары жас жұбайлардың бақытты болғанын қалайды. Бірақ олар балалы болу-болмауды жас жұбайлардың өздері шешуі керектігін ұмытпаулары қажет (Сал. 1-х. 4:11).
бала сүймеген ерлі-зайыптыларға балалы болуды айтып, қысым жасайды екен. Азияда тұратын Джефри есімді басқа бір бауырлас балалары жоқ ерлі-зайыптыларға кейбіреулердің “қартайғанда сендерге қарайтын ешкім болмайды” деп айтатындарын байқапты. Алайда балалы болу-болмауды жұбайлардың өздері шешуі керек. Бұны шешетін өздері, бұл — олардың жауапкершіліктері (4, 5. Жұбайлар қандай екі мәселенің басын ашып алулары керек және бұны қашан істегендері дұрыс? Түсіндіріңіз.
4 Ерлі-зайыптылар балалы болуға қатысты екі маңызды сұрақты талқылап алғандары дұрыс. Біріншісі, олар қашан балалы болғысы келеді? Екіншісі, қанша балалары болғанын қалайды? Олар бұл сұрақтарды қашан талқылағандары дұрыс? Сондай-ақ бұл екі сұрақ неге өте маңызды?
5 Негізінен қалыңдық пен күйеужігіт балалы болуға қатысты мәселені отау құрмай тұрып шешіп алғандары дұрыс. Неліктен? Өйткені бұл мәселеге қатысты екеуінің де бірдей көзқараста болғандары маңызды. Бұған қоса, олар мұндай жауапкершілікке қашан дайын болатындарын да талқылап алулары керек. Кейбіреулер кем дегенде бір-екі жылдан кейін ғана балалы боламыз деп шешуі мүмкін. Өйткені ата-ана болуға көп уақыт пен күш қажет. Олар кішкене күте тұрғандарының арқасында отбасылық өмірге үйреніп, бір-біріне жақындай түсуге уақыттары болады (Ефес. 5:33).
6. Ерекше қиын уақытта өмір сүріп жатқандықтан, кейбір ерлі-зайыптылар не шешеді?
6 Өзге мәсіхшілер Нұхтың үш баласы мен олардың әйелдеріне еліктеуді шешкен. Бұл үш жұп бірден балалы болмаған (Мұс. 1-ж. 6:18; 9:18, 19; 10:1; Пет. 2-х. 2:5). Иса біздің күндерімізді “Нұх пайғамбардың заманымен” салыстырған және біздің “ерекше қиын уақытта” өмір сүріп жатқанымызға еш дау жоқ (Мат. 24:37; Тім. 2-х. 3:1). Осы себепті де кейбір ерлі-зайыптылар Ехобаға көбірек қызмет ете алулары үшін әзірге балалы болмауды шешеді.
7. Лұқа 14:28, 29 бен Нақыл сөздер 21:5-тегі принциптер ерлі-зайыптыларға қалай көмектеседі?
Лұқа 14:28, 29 оқыңыз). Бала тәрбиелеп жүрген ата-аналардың айтуынша, бала өсіруге тек қаражат қана емес, уақыт пен күш те керек. Сондықтан жұбайлар мына сұрақтар жайлы ойланғандары жөн: отбасымызды ең қажетті нәрселермен қамтамасыз ету үшін екеуміздің де жұмыс істеуіміз керек пе? Ең қажетті нәрселерге қатысты екеуміздің де ойымыз бір жерден шыға ма? Екеумізге де жұмыс істеуге тура келсе, балаларымызға кім қарайды? Олардың сана-сезімі мен жүріс-тұрысына кім ықпал етеді? Ерлі-зайыптылар осы сұрақтарды талқылағанда Нақыл сөздер 21:5-тегі (оқыңыз) сөздерге құлақ асады.
7 Балалы бола ма, жоқ па және қанша балалары болатындарын шешкенде ақылмен әрекет ететін ерлі-зайыптылар “шығындарын есептеп алады” (8. Жұбайлар қандай қиындықтарға кезігуі мүмкін және мейірімді отағасы не істейді?
8 Әкесі де, анасы да балаға жеткілікті уақыт пен күш жұмсау керек. Егер балалардың жас аралығы жақын болса, әр балаға тиісті көңіл бөлу қиын болуы мүмкін. Бірнеше кішкентай балалары бар ата-аналар не істерін білмей, абыржып қалатындарын айтады. Ана тәндік және эмоциялық жағынан қажып кетуі мүмкін. Бұл оның жүйелі түрде жеке зерттеуіне, дұға етуіне, қызметке шығуына кері әсер етуі ықтимал. Сондай-ақ жиналыстарда мұқият тыңдау, әрі олардың пайдасын көру де қиынға соғуы мүмкін. Әрине, әйелін жақсы көретін отағасы қолынан келгенше оған қолдау көрсетіп, жиналыста да, үйде де балаларына қарауға көмектеседі. Мысалы, ол әйеліне үй тірліктерін жасауға қол ұшын бере алады. Үй ішінің бәрі жүйелі түрде өтетін отбасылық ғибадаттың пайдасын көрулері үшін отағасы барын салады. Сондай-ақ ол отбасын жүйелі түрде уағыз қызметіне алып шығады.
БАЛАЛАРҒА ЕХОБАНЫ СҮЮДІ ҮЙРЕТІҢІЗ
9, 10. Балаларына көмектесу үшін ата-аналары не істеуі тиіс?
9 Балаларына Ехобаны сүюді үйрету үшін ата-аналар не істесе болады? Олар балаларын өнегелік жағынан қалай қорғай алады? Осы орайда ата-аналар жасай алатын кей қадамдарды қарастырайық.
10 Ехобадан көмек сұрап, дұға етіңіз. Самсонның ата-анасы Манұх пен әйелінің үлгісіне көңіл бөлейік. Манұх әйелі екеуінің ұлды болатындарын білгенде,
сол баланы қалай бағып-қағу керектігін сұрап, Ехобаға жалбарынған.11. Билер 13:8-ге сай, ата-аналар Манұхтан не үйренсе болады?
11 Босния және Герцеговинада тұратын Нихад пен Алма есімді ерлі-зайыптылар Манұхты үлгі еткен. Олар былай дейді: “Манұх сияқты, біз де Ехобаға жалбарынып, жақсы ата-ана болуға көмектесуін сұрадық. Ехоба дұғаларымызға әртүрлі жолмен жауап берді: Жазбалар арқылы, Киелі кітапқа негізделген әдебиеттер арқылы, қауым кездесулері мен конгрестер арқылы” (Билер 13:8 оқыңыз).
12. Жүсіп пен Мәриям балаларына қандай үлгі көрсеткен?
12 Үлгі көрсетіңіз. Балаңызға не айтатыныңыз маңызды, бірақ ісіңізбен үлгі көрсеткеніңіз балаңызға көбірек әсер етеді. Жүсіп пен Мәриям Исаға және басқа да балаларына жақсы үлгі көрсеткендері шүбәсіз. Жүсіп үй ішін асырау үшін аянбай тер төккен. Сондай-ақ ол отбасын рухани нәрселерді бағалауға да талпындырған (Мұс. 5-ж. 4:9, 10). Заң талап етпесе де, Жүсіп “жыл сайын” Құтқарылу мейрамын тойлау үшін Иерусалимге бүкіл үй ішін алып баратын (Лұқа 2:41, 42). Сол замандағы кейбір отағасылар бүкіл отбасымен бірге Иерусалимге баруды қиын, көп уақыт кететін, қымбатқа түсетін сапар деп есептеген болуы мүмкін. Ал Жүсіп рухани істерді бағалаған, отбасына да соны үйреткен. Мәриям да Жазбаларды жақсы білген. Оның сөзімен де, ісімен де балаларына Құдай Сөзін үйреткенінде сөз жоқ.
13. Бір ерлі-зайыпты Жүсіп пен Мәриямға қалай еліктеген?
13 Жоғарыда айтылған Нихад пен Алма Жүсіп пен Мәриямға ұқсағылары келген. Бұл оларға ұлдарына Құдайды сүюді, оған қызмет етуді үйретуге қалай көмектесті? Олар былай дейді: “Ұлымызға Ехобаның принциптері бойынша өмір сүрудің қандай жақсы екенін өз өмір салтымызбен көрсетуге тырыстық”. Нихад былай деп қосты: “Балаңыздың қандай адам болғанын қаласаңыз, өзіңіз де сондай адам болыңыз”.
14. Неге ата-аналар балаларының кіммен араласатынын білулері керек?
14 Балаларыңызға жақсы достар табуға көмектесіңіз. Балаларының кіммен араласып, не істеп жүргенін әкесі де, анасы да білуі тиіс. Бұл деген баланың әлеуметтік желі арқылы не телефон арқылы кіммен араласып жүргенін білуді білдіреді. Баланың араласатын ортасы оның сана-сезімі мен іс-әрекетіне ықпал етеді (Қор. 1-х. 15:33).
15. Ата-аналар Джесиден қандай сабақ алса болады?
15 Егер ата-аналар компьютер мен мобильді құрылғылар жайлы көп білмесе, не істесе болады? Филиппинде тұратын Джеси есімді әке былай дейді: “Біз электронды құрылғылар жайлы көп білмейтінбіз. Бірақ бұл бізге балаларымызға электронды құрылғылардың қаупі жайлы үйретуге кедергі болмады”. Джеси өзі білмегендіктен ғана балаларына электронды құрылғыларды қолдануға тыйым салмады. Ол былай деп түсіндірді: “Мен балаларымды электронды құрылғыларын жаңа тіл үйрену үшін, қауым кездесулеріне дайындалып, зерттеу жасау үшін, Киелі кітапты күнделікті оқу үшін қолдануға талпындырдым”. Егер сіз ата-ана болсаңыз, балаларыңызбен бірге jw.org® Жастар” деген санатындағы хат жазысу мен интернетке сурет салу туралы ақыл-кеңестерді оқып, талқыладыңыз ба? “Кім қожа: сен бе, құрылғың ба?” және “Әлеуметтік желіні ақылмен қолдан” деген бейнероликтерді қарастырдыңыз ба? * Бұлар балаларыңызға электронды құрылғыларды ақылмен қолдануды үйретуге көмектесетін таптырмас мәліметтер (Нақ. с. 13:20).
сайтының “16. Көп ата-аналар не істеген және мұның нәтижесі қандай болған?
16 Көп ата-аналар балаларының Құдайға қызмет етуде жақсы үлгі көрсетіп жүрген бауырластармен араласа алуларына жағдай жасайды. Мәселен, Кот-д’Ивуарда тұратын Н’Дени мен Бомен деген жұп аудандық бақылаушыны үйлеріне тоқтауға жиі шақырған екен. Н’Дени былай дейді: “Бұл біздің ұлымызға жақсы жағынан әсер етті. Ол ізашар болып қызмет ете бастады, ал қазір аудандық бақылаушының орынбасары”. Сіз де балаңыз үшін осылай істей аласыз ба?
17, 18. Ата-аналар балаларын тәрбиелеуді қашан бастағандары жөн?
17 Балаңызды ерте бастан тәрбиелеңіз. Ата-аналардың балаларына неғұрлым ерте тәлім-тәрбие бергендері соғұрлым жақсы (Нақ. с. 22:6). Ер жеткенде Пауылмен сапар шеккен Тімөтенің мысалын қарастырайық. Анасы Әунике мен әжесі Лойда оны “нәресте кезінен” тәрбиелеген (Тім. 2-х. 1:5; 3:15).
18 Кот-д’Ивуарда тұратын Жан-Клод пен Пис есімді тағы бір жұп алты баласын да Ехобаны сүйетін, оған қызмет ететін азаматтар етіп өсірген. Олар ненің арқасында осындай жетістікке жетті? Әунике мен Лойдаға еліктегендерінің арқасында. “Біз Құдай Сөзін нәресте кездерінен бастап, яғни туыла сала балаларымыздың құлағына құйып отырдық”,— дейді олар (Мұс. 5-ж. 6:6, 7).
19. Құдай Сөзін баланың құлағына құю деген нені білдіреді?
19 Құдай Сөзін баланың “құлағына құю” деген нені білдіреді? Бұл қайта-қайта қайталау арқылы еске салуды және тәлім беруді білдіреді. Бұл үшін ата-аналар балаларымен жүйелі түрде
уақыт өткізулері керек. Кейде олар балаларына бір нәрсені қайталап үйрете беру керек болғандықтан, қатты көңілдері түсуі мүмкін. Алайда олар бұған балаларына Құдай Сөзін түсіндірудің және оны қолдануды үйретудің жолы деп қараулары керек.20. Зәбүр 127:4-тегі сөздерді бала тәрбиесінде қалай қолдануға болатынын түсіндіріңіз.
20 Балаңызды жақсы біліңіз. Зәбүрдің 127-тарауында балалар жебеге теңелген (Зәбүр 127:4 оқыңыз). Жебелер әртүрлі болатыны сияқты, балалар да әртүрлі келеді. Сондықтан әке-шешесі әр баласын қалай тәрбиелейтіндерін шешіп алулары керек. Екі баласын Ехобаның қызметшісі етіп тәрбиелеген Израильде тұратын бір ерлі-зайыпты өздеріне не көмек болғанын айтып берді. Олар Киелі кітапты әр баласымен бөлек-бөлек зерттеген екен. Әрине, зерттеуді осылай өткізу қажет пе және бұл мүмкін бе — оны әр отағасы өзі шешеді.
ЕХОБА СІЗГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
21. Ата-аналар Ехобадан қандай көмек күтсе болады?
21 Кейде бала тәрбиелеу ата-анаға қатты қиын болып кетуі мүмкін. Бірақ балалар — Ехобаның сыйы. Ехоба көмек беруге қашан да дайын. Ол ата-аналардың дұғаларына әрдайым ден қояды. Сондай-ақ ол дұғаларға Киелі кітап арқылы, басылымдар арқылы, қауымдағы тәжірибелі ата-аналардың үлгісі мен олардың берген ақыл-кеңестері арқылы жауап береді.
22. Ата-ананың балаларына бере алатын ең жақсы нәрселері қандай?
22 Кейбіреулер бала тәрбиесі 20 жылдық жоба деп айтып жатады, бірақ шындығына келгенде, ата-ана әрқашан да ата-ана болып қала береді. Олардың балаларына беретін ең жақсы нәрселері: махаббаттары, уақыттары мен Киелі кітапқа негізделген тәлім-тәрбиелері. Әр бала тәлім-тәрбиені әрқалай қабылдайды. Алайда Ехобаны сүйетін ата-аналардың тәрбиесін көрген балалардың басым бөлігі Азияда тұратын Джоанна Ма бауырлас сияқты сезімде. Ол былай дейді: “Әке-шешемнің берген тәрбиесі жайлы ойласам, олардың мені жөнге салғанына, Ехобаны жақсы көруге үйреткендеріне шексіз риза боламын. Олар маған жай ғана өмір беріп қойған жоқ, олар маған мән-мағынаға толы өмір сыйлады” (Нақ. с. 23:24, 25). Миллиондаған бауырлас та осы сөздермен келіседі.
59-ӘН Ехобаны бірге мадақтайық!
^ 5-абзац Ерлі-зайыптылар балалы болулары керек пе? Егер олар балалы болуды шешсе, қанша балалары болу керек? Сондай-ақ олар балаларын Ехобаны сүюге, оған қызмет етуге қалай үйрете алады? Бұл мақалада кейбір мысалдарды және Киелі кітаптағы принциптерді қарастырып, осы сауалдардың жауаптарын білеміз.
^ 15-абзац “Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер” (ор.) кітабының 1-томының, 36-тарауын және 2-томының 11-тарауын қараңыз.
^ 60-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Мәсіхші ерлі-зайыпты балалы болудың қуанышы мен жауапкершілігін саралап-салмақтап, балалы болатын-болмайтындарын талқылап жатыр.
^ 64-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Балаларының жасы мен қабілеті әртүрлі болғандықтан, ата-аналары олармен бөлек-бөлек зерттеу өткізіп жатыр.