Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Есіңізде ме?

Есіңізде ме?

2019 жылғы “Күзет мұнарасына” негізделген төмендегі сұрақтарға жауап бере аласыз ба?

Құдайдың: “Саған қарсы жасалған ешбір қару жеңіске жетпейді”,— деген уәдесі нені білдіреді? (Ишая 54:17)

Құдай бізді “озбырлардың демінен” қорғайтынына сенімді болсақ болады (Ишая 25:4, 5). Ешбір жауымыз бізге мәңгілікке жалғасатын жамандық жасай алмайды (w19.01 7-бет).

Құдайдың қанахандықтар мен қыңыр исраилдіктерге қалай қарағанынан оның әділдігі жайлы не білеміз?

Құдай бейбастақ жыныстық әрекеттерге барғандарды, әйелдер мен балаларды қорлағандарды үкімге кескен. Ал өзіне мойынсұнатын, басқаларға әділдік танытатын адамдарға батасын төккен (w19.02 22, 23-бет).

Куәгер емес адам дұға етсе, не істеуіміз керек?

Бұндай жағдайларда ізеттілік сақтап, үндемейміз. “Аумин” деп те айтпаймыз, қолымызды да жаймаймыз. Бірақ іштей өз дұғамызды айтсақ болады (w19.03 31-бет).

Балаға жыныстық зорлық жасау қаншалықты ауыр күнә?

Жыныстық зорлық — зорлық құрбанына, қауымға, билік басындағыларға, Құдайға қарсы жасалатын ауыр күнә. Балаға зорлық көрсетілген жағдайда, жергілікті заң бұл туралы хабарлауды талап етсе, ақсақалдар сол заңға мойынсұнады (w19.05 9, 10-бет).

Ішкі болмысыңызды қалай жаңарта не жақсарта аласыз?

Мұның үш жолы бар: дұға етіп Ехобамен сөйлесіңіз; өзіңізді тексеру мақсатымен ой жүгіртіңіз; кіммен араласатыныңызға мән беріңіз (w19.06 11-бет).

Қуғын-сүргінге қазірден дайын болу үшін не істеуіміз керек?

Ехобамен достығымызды нығайтуымыз қажет. Ол сізді жақсы көретініне әрі ешқашан тастамайтынына сенімді болыңыз. Киелі жазбаларды күнде оқып, жиі-жиі дұға етіңіз. Құдай Патшалығы туралы уәделердің орындалатынына нық сенімді болыңыз. Сүйікті тармақтарыңыз бен Ехобаны мадақтайтын әндерді жаттап алыңыз (w19.07 2—4 беттер).

Туыстарымыз құтқарылу үшін оларға қалай көмектесе аламыз?

Оларға көмектесу үшін сезімдеріне түсінікпен қарауымыз, шыдамды әрі біршешімді болуымыз керек. Сондай-ақ сөзімізден гөрі ісіміздің сөйлегені маңызды (w19.08 15—17 беттер).

Иса тапсырған іс неліктен жан сергітерлік іс? (Мат. 11:28)

Біздің ең үздік бағушыларымыз бар, ең адал достармыз бен мағыналы ісіміз бар (w19.09 23, 24-бет).

Әрекет етуіміз үшін Құдай қалай ықылас пен күш береді? (Філіп. 2:13)

Құдай Сөзін оқып, ой жүргізгенде, Құдай бізге өз еркін орындауға ықылас оятып, әрекет етуге күш бере алады. Оның рухы қабілеттерімізді шыңдай алады (w19.10 21-бет).

Шешім қабылдамас бұрын қандай маңызды қадамдарды жасауымыз керек?

Бес қадам: даналық сұрап дұға етіңіз; тыңғылықты ізденіс жасаңыз; ниетіңізді тексеріңіз; нақты мақсаттар қойыңыз; шама-шарқыңызды біліңіз (w19.11 27—29 беттер).

“Жан өлмейді” деген ілім Шайтанның Хауаға “өлмейсің” дегенінен шыққан ба?

Олай дей алмаймыз. Шайтан Хауаға “тәнің өліп, ал жаның басқа бір жерде өмір сүреді” демеген, қайта мүлдем өлмейтінін айтқан. Топан суда барлық жалған ілімдер жойылып кеткен. “Жан өлмейді” деген ілім Құдай Бабылдағы тілдерді шатастырғанға дейін пайда болған көрінеді (w19.12 15-бет).