Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Оқырман сауалдары

Оқырман сауалдары

Шайтан Хауаға “жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жесең, өлмейсің” дегенде, бүгінде кең таралған “жан өлмейді” деген ілім жайлы айтқан ба?

Олай дей алмаймыз. Шайтан Хауаға: “Құдай тыйым салған жемісті жесең, тәнің өліп, ал жаның басқа бір жерде өмір сүреді”,— деп айтқан жоқ. Ол жылан арқылы Хауаға сол ағаштың жемісін жесе, мүлдем өлмейтінін айтты. Былайша айтқанда, ол Хауаға: “Құдайдан тәуелсіз өмірдің рақатын көріп, жер бетінде әрі қарай да өмір сүре бересің”,— деді (Мұс. 1-ж. 2:17; 3:3—5).

“Жан өлмейді” деген ілім Едем бағында пайда болмаса, онда ол қайдан шыққан? Бұны кесіп айта алмаймыз. Бір білетініміз, Нұхтың заманында болған Топан суда жалған ғибадаттың барлығы жойылып кетті, барлық жалған ілімдер де жойылды. Өйткені Топан суда тек шынайы ғибадатты ұстанатындар — Нұх пен оның отбасы — аман қалды.

Демек, “жан өлмейді” деген ілім Топан судан кейін пайда болған. Құдай Бабылдағы тілдерді шатастырғанда, адамдар “бүкіл жер бетіне бытырап” кетті. Сол кезде олар “жан өлмейді” деген ілімді таратқанға ұқсайды (Мұс. 1-ж. 11:8, 9). Бұл жалған ілім қайдан шықпасын, оның пайда болуына ықпал еткен — “өтіріктің әкесі” Шайтан Ібіліс екені әрі бұл ілімнің кең тарағаны оған майдай жаққаны даусыз (Жох. 8:44).