18-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
Мәсіхшілер қауымындағы сүйіспеншілік пен әділдік
“Біріңнің ауыртпалығыңды екіншің көтерісіңдер, осылай Мәсіхтің заңын орындайсыңдар” (ҒАЛ. 6:2).
12-ӘН Ұлы Құдай Ехоба
АҢДАТПА *
1. Біз қандай екі нәрсеге сенімдіміз?
ЕХОБА ҚҰДАЙДЫҢ қызметшілеріне деген махаббаты ешқашан суымайды. Ол халқын бүгін де, ертең де сүйіспеншілігіне бөлей бермек. Ехоба сондай-ақ әділдікті де сүйеді (Зәб. 33:5). Бұдан мынадай бұлтартпас екі шындықты білеміз: 1) қызметшілері әділетсіздік көргенде, Ехобаның жүрегі ауырады; 2) Ехоба міндетті түрде әділдік орнатады. Осы топтамының алғашқы мақаласында * исраилдіктерге берілген Мұса Заңының қазығы сүйіспеншілік болғанын көрдік. Бұл Заң адамдардың бәріне, әсіресе қорғансыз жандарға әділ қарауды талап еткен (Мұс. 5-ж. 10:18). Расымен де, Мұса Заңы — Ехоба қызметшілеріне көзінің қарашығындай қарайтынының, олар үшін қам жейтінінің айқын көрінісі.
2. Біз қандай сұрақтарға жауап аламыз?
2 Б. з. 33 жылы мәсіхшілер қауымы құрылғаннан кейін Мұса Заңы күшін жойды. Мәсіхшілер сүйіспеншілікті негіз еткен, әділдікке бастайтын заңның пайдасын бұдан былай көрмейтін бола ма? Жоқ, олай дей алмаймыз. Өйткені оларға жаңа заң, яғни Мәсіх заңы берілді. Қазір сол заңды қарастыратын боламыз. Кейін мына сұрақтардың жауабын аламыз: неге Мәсіх заңы сүйіспеншілікке негізделген дей аламыз? Қалай бұл заң әділдікке бастайды? Мәсіх заңына сай, билігі барлар өзгелерге қалай қарау керек?
“МӘСІХ ЗАҢЫ” ҚАНДАЙ ЗАҢ?
3. Ғалаттықтарға 6:2-де айтылған “Мәсіх заңына” не жатады?
3 Ғалаттықтарға 6:2 оқыңыз. Мәсіхшілер “Мәсіх заңына” бағынышты. Иса ізбасарларына ережелер тізімін берген жоқ, бірақ өмір жолында жетелейтін нұсқаулар, бұйрықтар мен принциптер берді. Исаның берген тәлімі мен үйреткендерінің бәрі “Мәсіх заңы” болып табылады. Бұл заң жайында төменде толығырақ білеміз.
4, 5. Иса адамдарды қандай жолдармен және қай кезде үйреткен?
4 Иса адамдарды қандай жолдармен үйретті? Оларға айтқан сөздерімен. Оның сөздерінде құдірет бар еді. Өйткені ол Құдай туралы шындықты, өмірдің нағыз мәнін және Құдай Патшалығы адамдардың бар қиындығын шешетінін айтқан (Лұқа 24:19). Иса сондай-ақ өз үлгісімен үйреткен. Ол өз өмірімен ізбасарларына қалай өмір сүру керектігін көрсетті (Жох. 13:15).
5 Иса қай кезде үйретті? Біріншіден, жерде қызмет еткен кезінде (Мат. 4:23). Сондай-ақ қайта тірілген соң. Өлгеннен кейін тірілген Иса 500-ден астам шәкіртіне көрініп, оларға “шәкірттер дайындауды” бұйырды (Мат. 28:19, 20; Қор. 1-х. 15:6). Қауымның басы болған Иса көкке оралған соң да шәкірттерін үйрете берді. Мәселен, ол шамамен б. з. 96 жылы елші Жоханға нұсқау беріп, майланған мәсіхшілерді жігерлендіруге, оларға ақыл-кеңес беруге үндеді (Қол. 1:18; Аян 1:1).
6, 7. а) Исаның тәлімдері қайда жазылған? ә) Мәсіх заңымен жүру үшін не істеу керек?
6 Исаның үйреткен тәлімдері қайда жазылған? Исаның жерде болғанда айтқан сөздері мен жасаған істерінің көбісі Грек жазбаларының алғашқы төрт кітабында жазылған. Бірақ осы жазбалардың қалған бөлігінен де Исаның ойларын түсіне аламыз. Өйткені оны киелі рухтың жетелеуімен “Мәсіхтің ой-санасына” ие болған адамдар жазған (Қор. 1-х. 2:16).
7 Сабақ сандығы. Исаның тәлімдері өміріміздің әрбір қырын қамтиды. Жох. 8:28).
Олар үйдегі, қауымдағы, жұмыстағы не мектептегі жүріс-тұрысымызға бағыт-бағдар береді. Мәсіх заңын білу үшін Грек жазбаларын оқып, оқығанымызды көңіл сүзгісінен өткізуіміз керек. Ал осы заңмен жүру үшін өмірімізді Исаның нұсқауларына, бұйрықтары мен принциптеріне қарай туралауымыз қажет. Мәсіхтің заңына бағынғанымыз — оның тәлімдерінің қайнары сүюші Құдайымыз Ехобаға бағынғанымыз (СҮЙІСПЕНШІЛІКТІ НЕГІЗ ЕТКЕН ЗАҢ
8. Мәсіх заңының негізі не?
8 Үйдің қаланған негізі мықты болса, сол үйде тұратын адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді. Сол іспетті заңның да негізі берік болса, сол заңға бағынатын адамдар өздерін қауіпсіз, бақытты сезінеді. Ал Мәсіхтің заңы ең берік негізге — сүйіспеншілікке қаланған. Бұлай деуге қандай себеп бар?
9, 10. Исаның сүйіспеншілікпен әрекет еткеніне қандай мысалдар бар? Оған қалай еліктесек болады?
9 Біріншіден, сүйіспеншілік Исаның әрбір ісіне қозғау салған. Сүйіспеншіліктің көрінісі — жанашырлық. Адамдарға жаны ашығандықтан, Иса қалың жұртқа тәлім берген, ауру-сырқауды айықтырған, ашыққанды тойындырған және өлгендерді тірілткен (Мат. 14:14; 15:32—38; Мар. 6:34; Лұқа 7:11—15). Уақыты мен күшін алса да, Иса өзгелердің мүддесін өзінікінен жоғары қойған. Ал өзгелер үшін өмірін қиғанда, Иса асқан сүйіспеншілік көрсетті (Жох. 15:13).
10 Сабақ сандығы. Өзгелердің мүддесін өзіміздікінен жоғары қойсақ, Исаға еліктейміз. Уағыздайтын аумағымыздағы адамдарға көбірек жанашырлық танытсақ, бұл да — Исаға еліктегеніміз. Осындай жанашырлық қозғау салып, өзгелерге ізгі хабарды айтсақ және оларға тәлім берсек, Мәсіх заңына бағынатынымызды көрсетеміз.
11, 12. а) Ехобаның қамымызды ойлайтыны неден көрінеді? ә) Ехобаның сүйіспеншілігіне қалай еліктей аламыз?
11 Екіншіден, Иса Әкесінің сүйіспеншілігін паш еткен. Жердегі қызметінің барысында Иса Әкесінің өз қызметшілеріне деген ыстық қамқорлығын түрлі жолдармен көрсетті. Мысалы, көктегі Әкемізге әрбір қызметшісі аса қымбат екенін айтты (Мат. 10:31). Сондай-ақ күнәсіна өкініп, қауымға оралған “жоғалған қойды” құшақ жая қарсы алатынын да айтты (Лұқа 15:7, 10). Ехоба біздің қамымыз үшін өз Ұлын құрбан еткенде, сүйіспеншілігінің орасан зор екенін дәлелдеді (Жох. 3:16).
12 Сабақ сандығы. Ехобаның сүйіспеншілігіне қалай еліктей аламыз? (Ефес. 5:1, 2). Біз әрбір бауырласқа аса бағалы жан деп қараймыз. Ехобаға қайтып келген “жоғалған қойды” құшақ жая қарсы аламыз (Зәб. 119:176). Бауырластарға қиналған шақтарында күш пен уақытымызды аямай жұмсап, оларды сүйетінімізді дәлелдейміз (Жох. 1-х. 3:17). Осылай етсек, Мәсіхтің заңына бағынатынымызды көрсетеміз.
13, 14. а) Жохан 13:34, 35-тен оқығанымыздай, Иса ізбасарларына нені өсиет етті және неге оны “жаңа өсиет” дейміз? ә) Жаңа өсиетке құлақ асатынымыз неден көрінеді?
13 Үшіншіден, Иса жанқияр сүйіспеншілік танытуды өсиет етті (Жохан 13:34, 35 оқыңыз). Мұса Заңында мұндай сүйіспеншілік жайлы айтылмағандықтан, Исаның өсиеті ізбасарлары үшін жаңа нәрсе болды. Иса оларға: “Мен сендерді қалай сүйсем, сендер де бір-біріңді солай сүйіңдер”,— деді. Біз бауырластарды өзімізден артық сүйіп, тіпті Иса сияқты өмірімізді беруге дайын болуымыз керек. Осылай етсек, жанқияр сүйіспеншілік * танытамыз.
14 Сабақ сандығы. Жаңа өсиетке құлақ асатынымызды қалай көрсете аламыз? Бір сөзбен айтқанда, бауырластарымыз үшін құрбандыққа бару арқылы. Біз олар үшін өмірімізді қию сияқты үлкен ғана емес, кішкентай құрбандықтарға да баруға дайынбыз. Мысалы, егде тартқан бауырласымызды кездесулерге әкеліп-әкетуге, жақсы көретін адамдарымызды қуанту үшін өз қалауымыздан бас тартуға және табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмыстан демалыс алуға. Мұның бәрі Мәсіх заңына мойынсұнуға жатады. Осының арқасында қауымымыз бауырластар өздерін қауіпсіз, бақытты сезінетін жылы ұяға айналады.
ӘДІЛДІККЕ БАСТАЙТЫН ЗАҢ
15—17. а) Иса қандай әділ әрекеттер жасады? ә) Исаға қалай еліктей аламыз?
15 Киелі кітапта “әділдік” деген Құдай дұрыс дейтін істерді жасауды және бәріне бірдей әділдік танытуды білдіреді. Ал Мәсіх заңы жайында не деуге болады? Ол әділдікке бастай ма?
16 Алдымен, Мәсіхтің әділ әрекеттеріне назар аударайық. Оның заманында яһуди дінбасылары өзге ұлт адамдарын жек көретін. Тіпті өз ұлттастарын да, діни сауаттары болмаса, еш менсінбейтін, ал әйелдерді адам құрлы көрмейтін. Бірақ Иса мұндайдан мүлдем аулақ еді. Ол ешкімді бөліп-жармайтын, бәріне бірдей әділ қарайтын. Өзге ұлт өкілі болса да, сенімі бар адамнан бас тартпайтын (Мат. 8:5—10, 13). Иса кедей-кепшік, бай-бағлан — бәріне ізгі хабарды жеткізді (Мат. 11:5; Лұқа 19:2, 9). Ол ешқашан әйел баласының қадірін түсіріп, дөрекілік көрсетпеген. Керісінше, оларға, тіпті жұрт төмен санайтындарға да мейіріммен қараған (Лұқа 7:37—39, 44—50).
17 Сабақ сандығы. Исаны үлгі тұтып біз де ешкімді бөліп-жармаймыз. Қандай ортадан, қандай діннен шықпасын, тыңдауға дайын адамдардың бәріне уағыздаймыз. Мәсіхші ер адамдар болса Иса сияқты, әйелдерге сый-құрмет танытады. Осылай етсек, Мәсіх заңына мойынсұнатынымызды көрсетеміз.
18, 19. Иса әділдік жайында не үйретті және оның үйреткендерінен қандай сабақ аламыз?
18 Екіншіден, Исаның әділдік туралы не үйреткеніне көңіл бөлейік. Ол ізбасарларына әділ болуға көмектесетін принциптерді үйретті. Мысалы, “алтын ережені” алайық (Мат. 7:12). Кім-кім де өзіне басқалардың әділдік танытқанын қалайды. Олай болса, өзіміз де басқаларға әділдік танытуымыз керек. Сонда олар да бізге әділдікпен жауап береді. Ал егер біреу бізге әділетсіздік жасаса ше? Иса Ехоба жайында: “Өзіне күні-түні жалбарынып жүрген адамдары үшін қалайша әділдік орнатпайды?”— деген (Лұқа 18:6, 7). Бұл — Құдайдың бізге берген уәдесі. Әділ Құдайымыз осы соңғы күндері кезігіп жатқан қиыншылықтарымызды көріп отыр. Ол уақыты келгенде біз үшін әділдік орнатады (Сал. 2-х. 1:6).
19 Сабақ сандығы. Иса үйреткен принциптермен жүрсек, басқаларға әділдік
танытатын боламыз. Ал Шайтанның дүниесінде әділетсіздік көріп жатсақ, Ехоба біз үшін әділдік орнататынын есте ұстап, осы уәдесінен жұбаныш таба аламыз.БИЛІК БАР ЖЕРДЕ ӘДІЛДІК БОЛСЫН
20, 21. а) Билігі барлар өзгелерге қалай қарау керек? ә) Күйеулер әйелдеріне қалай жанқияр сүйіспеншілік таныта алады және әкелер балаларына қалай қараулары керек?
20 Мәсіхтің заңымен жүретін ер адамдар Құдай берген билікті қалай қолданулары керек? Мәсіх заңы сүйіспеншілікке негізделгендіктен, олар қамқорлығындағы адамдарды жақсы көріп, сый-құрметпен қараулары тиіс. Олар сүйіспеншіліксіз Мәсіхтің ізбасары бола алмайтындарын ұмытпағандары жөн.
21 Үйде. Мәсіх қауымды қалай сүйсе, күйеуі де әйелін солай сүюі керек (Ефес. 5:25, 28, 29). Ол әйелінің қамы мен мүддесін өзінікінен жоғары қойып, Мәсіхтің жанқияр сүйіспеншілігіне еліктейді. Алайда кейбір ер адамдарға бұлай ету қиынның-қиыны. Өйткені олар өзгелердің сезімін ескеру, сүйіспеншілік таныту дегенді көріп өспеген. Жаман қылықтардан арылу қиынға соқса да, олар Мәсіхтің заңына мойынсұну үшін өзгерулері керек. Жанқияр сүйіспеншілік танытатын күйеуді әйелі құрметтейтін болады. Балаларын шын сүйетін отағасы оларды ешқашан тілімен не әрекетімен жараламайды (Ефес. 4:31). Керісінше, балалары жылы ұяда өздерін қауіпсіз, бақытты сезіну үшін, оларға мейірімін төгеді. Мұндай әкені балалары жақсы көреді, оған сенім артады.
22. Петірдің 1-хаты 5:1—3 тармақтарға сай, “қойлар” кімге тиесілі және ақсақалдар оларға қалай қараулары керек?
22 Қауымда. Ақсақалдар “қойлардың” Жох. 10:16; Петірдің 1-хаты 5:1—3 оқыңыз). “Құдайдың отары” және “Құдайдың меншігі” деген сөздер қауымдағы “қойлар” Ехобанікі екенін көрсетеді. Ол өз отарына ақсақалдардың сүйіспеншілікпен, аяулы сезіммен қарағандарын қалайды (Сал. 1-х. 2:7, 8). Бағушылар ретіндегі қызметін сүйіспеншілікпен атқаратын ақсақалдарды Ехоба бағалайды. Мұндай ақсақалдарды бауырластар да жақсы көреді әрі құрметтейді.
өз меншігі емес екенін есте ұстаулары қажет (23, 24. а) Ауыр күнәларды қарастырудағы ақсақалдардың рөлі қандай? ә) Ақсақалдар нені есте ұстаулары қажет?
23 Ақсақалдардың ауыр күнәларды қарастырудағы рөлі қандай? Олардың рөлін Құдай Исраилге берген Заңға бағынышты билер мен ақсақалдардың атқарған міндетімен шатастырмау керек. Мұса Заңы бойынша олар ғибадатқа қатысты ғана емес, азаматтық және қылмыстық істерді де қарастырған. Мәсіхтің заңына бағынышты ақсақалдар болса күнәнің тек ғибадатпен байланысты жақтарын қарастырады. Ал азаматтық, қылмыстық істерді шешуді Құдай осы дүниелік билік иелеріне берген. Бұған айыппұл салу немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазалау шаралары кіруі мүмкін (Рим. 13:1—4).
24 Қауымда біреу ауыр күнә жасаса, ақсақалдар не істеулері керек? Олар болған жағдайға Жазбалардың көмегімен баға беріп, шешім шығарады. Сондай-ақ Мәсіх заңы сүйіспеншілікке негізделгенін ойда ұстай отырып, былай деп ой жүгіртеді: біреудің жасаған күнәсінан зардап шеккен бауырластар қандай көмекке мұқтаж? Күнә жасаған адам өз ісіне өкіне ме? Оған Ехобамен қарым-қатынасын қалпына келтіруге көмектесе аламыз ба?
25. Келесі мақаладан не білеміз?
25 Біз Мәсіх заңына бағынышты екенімізге дән ризамыз! Бәріміз осы заңға бағынсақ, қауымда әр адамның бақытты, бағалы, қауіпсіз сезінуіне үлес қосамыз. Әйтсе де “зұлымдар... бұрынғыдан бетер жамандық жасап” жатқан заманда өмір сүрудеміз, сондықтан әрдайым сақ болуымыз керек (Тім. 2-х. 3:13). Балаға жыныстық зорлық жасалғанда, қауым Құдайдың әділдігін қалай таныта алады? Келесі мақалада осы сұрақтың жауабын аламыз.
15-ӘН Ехобаның Тұңғышын мадақтаңдар!
^ 5-абзац Бұл — төрт мақаладан тұратын топтаманың екіншісі. Осы және келесі екі мақала Ехобаның сүюші әрі әділ Құдай екендігіне сенімімізді өсіреді. Ехоба халқына әділдік танытылғанын қалайды, әрі осы зұлым дүниеде әділетсіздік көргендерге жұбаныш сыйлайды.
^ 1-абзац 2019 жылдың ақпан айындағы “Күзет мұнарасының” “Ежелгі Исраилдегі сүйіспеншілік пен әділдік” деген мақаласы.
^ 13-абзац СӨЗ МӘНІ: Жанқияр сүйіспеншілік басқа адамның қамын, оның мүддесін өзіміздікінен жоғары қоюға талпындырады. Біз ол адам үшін құрбандыққа баруға, өзімізде барды оған қиып беруге дайынбыз.
^ 61-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Иса жалғыз ұлынан айырылған жесір әйелге қарап тұр. Иса оған жаны ашығандықтан, баласын тірілтті.
^ 63-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Иса Шимон деген парызшылдың үйінде отыр. Бір әйел келіп, жезөкше болса керек, Исаның аяғын көз жасымен жуды. Кейін шашымен сүртіп, май құйды. Шимон әйелді жақтырмады, бірақ Иса оны қорғады.