23-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
“Байқаңдар, біреу сендерді торға түсіріп алмасын!”
“Байқаңдар, біреу сендерді адамдардың дәстүріне негізделген пәлсапасымен әрі бос, алдамшы ойларымен... торға түсіріп алмасын” (ҚОЛ. 2:8).
96-ӘН Құдайдың берген қазынасы
АҢДАТПА *
1. Қолостықтарға 2:4, 8-ге сай, қалай Шайтан ой-санамызды билеп алуға тырысады?
ШАЙТАН бізді Ехобаға қарсы шықса екен дейді. Осы мақсатына жету үшін ойымызға әсер етуге тырысады. Яғни ол ой-санамызды торына түсіріп, басқарып отырғысы келеді. Шайтан қалауларымызды пайдаланып, бізді өз дегенімен жүргізуді көксейді (Қолостықтарға 2:4, 8 оқыңыз).
2, 3. а) Қолостықтарға 2:8-дегі ескертуге неліктен ден қоюымыз керек? ә) Бұл мақала не жайында?
2 Шайтан бізді қайтсе де торына түсіргісі келетіні рас па? Иә, рас. Елші Пауыл Қолостықтарға 2:8-дегі ескертуді шындықты білмейтін адамдарға емес, киелі рухпен майланған мәсіхшілерге жазған (Қол. 1:2, 5). Себебі оларға қауіп төнген еді. Ал бүгінде бізге одан да зор қауіп төніп тұр (Қор. 1-х. 10:12). Өйткені Шайтан жерге лақтырылды. Оның бар есіл-дерті — Құдайдың адал қызметшілерін адастыру (Аян 12:9, 12, 17). Ал айналамыздағы “зұлымдар мен алаяқтардың бұрынғыдан бетер жамандық жасап” жатқаны бізге төнген қауіпті еселей түседі (Тім. 2-х. 3:1, 13).
3 Бұл мақалада Шайтан “бос, алдамшы ойлармен” біздің ой-санамызға қалай әсер еткісі келетінін қарастырамыз. Оның қолданатын “зымиян іс-әрекеттерінің” үшеуіне назар аударамыз (Ефес. 6:11). Ал келесі мақалада “бос, алдамшы ойлардың” уытын қайтару үшін не істеуге болатынын көреміз. Қазір өткенге оралып, исраилдіктер Уәде етілген жерге аяқ басқан соң Шайтанға қалай алданып қалғанына тоқталамыз.
ЖАЛҒАН ТӘҢІРГЕ БАС ҰРУ
4—6. Мұсаның 5-жазбасы 11:10—15 тармақтарға сай, исраилдіктер Уәде етілген жерде диқаншылықтың қандай тәсілдерін игеру керек болды?
4 Шайтан исраилдіктерді пұтқа табындырудың айла-амалын тапты. Ол халықтың нан тауып жеу керектігін білді. Сөйтіп, сол қажеттіліктерін пайдаланып кетті. Уәде етілген жерде жер өңдеп, өнім алудың жолы Мысырдағымен салыстырғанда жер мен көктей еді. Исраилдіктер Мысырда егінді суару үшін суды Нілден тартатын. Алайда Уәде етілген жерде ірі өзендер болмағандықтан, оларға жаңбыр сулары мен жерге түскен шықты пайдалану керек болды (Мұсаның 5-жазбасы 11:10—15 оқыңыз; Ишая 18:4, 5). Демек, исраилдіктер жер өңдеудің жаңа тәсілдерін үйрену керек еді. Бұл оңай болмады, себебі диқаншылықтан хабары барлардың көбісі шөл далада өліп кеткен еді.
5 Ехоба халқына тұрмыс-тіршіліктері өзгеше болатынын айтып түсіндірді. Сосын былай деп ескертті: “Байқаңдар, азғырылып, басқа құдайларға тағзым етіп, табынып жүрмеңдер” (Мұс. 5-ж. 11:16, 17). Бұл ескертудің, бір қарағанда, жер өңдеумен ешқандай байланысы жоқтай көрінер. Ендеше, неге Ехоба жер өңдеудің жаңа жолы туралы айта отырып, жалған тәңірлерге табынудан сақтандырды?
6 Ехоба исраилдіктердің жер өңдеу әдістерін айналасындағы жалған тәңірлерге табынатын халықтардан үйренуге азғырылатынын білді. Әрине, олар жер өңдеуде исраилдіктерге қарағанда әлдеқайда тәжірибелі болған. Сондықтан Құдай халқы олардан біраз нәрсеге үйрене алар еді. Бірақ мұның бір қаупі Мұс. 4-ж. 25:3, 5; Би. 2:13; Пат. 1-ж. 18:18). Қазір Шайтан оларды қалай торға түсіргенін көрейік.
болды. Қанахан жеріндегі диқаншылар Бағалға табынатын, әрі осы сенімдері олардың бүкіл сана-сезімдерін билеп алған еді. Олар Бағалды аспанның иесі және жаңбыр беруші деп есептейтін. Ехоба өз халқының мұндай жалған нанымдарға алданып қалғанын қаламады. Өкінішке қарай, исраилдіктер қайта-қайта Бағалға бас ұрумен болды (ШАЙТАННЫҢ ҮШ ТҰЗАҒЫ
7. Уәде етілген жерге аяқ басқан исраилдіктердің сенімі қалай сыналды?
7 Шайтанның бірінші тұзағы исраилдіктердің бойындағы табиғи қалауды пайдалану еді. Исраилдіктер жаңбыр жауып, жердің суарылғанын қалады. Алайда Уәде етілген жерде сәуірдің аяғы мен қыркүйек айларының арасында жаңбыр өте сирек жауатын. Сол өлкенің құт-берекесі қазан айында оралатын жаңбырлы күндерге тәуелді еді. Шайтан осыны пайдаланып, исраилдіктерді айналасындағы пұтқа табынатын халықтардың әдет-ғұрыптарын ұстану керектігіне сендірді. Көршілес халықтар жауын жаууы үшін белгілі бір діни рәсімдер жасалу керек деп сенген. Содан, Ехобаға сенім артпаған исраилдіктер ұзаққа созылған қуаңшылықтан аман қалудың жалғыз жолы Бағалдың құрметіне жасалған рәсімдерді ұстану деп білген.
8. Шайтанның екінші тұзағы қандай? Түсіндіріңіз.
8 Екіншіден, Шайтан исраилдіктерді азғын қалауларға берілуге итермеледі. Көршілес халықтар пұттарға табынғанда жеркенішті азғын істермен айналысатын. Бұған әйелдердің және ерлердің ғибадатханада жезөкшелікпен айналысуы да кіретін. Бұл халықтар гомосексуализм мен азғындықтың басқа да түрлеріне көз жұмып қана қоймай, оларды кәдімгі нәрсе деп қабылдаған (Мұс. 5-ж. 23:17, 18; Пат. 1-ж. 14:24). Осындай істермен айналысса, құдайлары молшылық сыйлайды деп ойлаған. Исраилдіктердің көбісі сол халықтардың азғын әрекеттеріне елігіп, жалған тәңірлерге табынуды шешті. Олар, шындығында, Шайтанның торына түскен еді.
9. Ошия 2:16, 17-ге сай, Шайтан исраилдіктерге Ехобаны қалай ұмыттырды?
9 Шайтанның үшінші тұзағы қандай? Ол исраилдіктерге Ехобаны ұмыттырғысы келді. Еремия пайғамбардың заманында Ехоба исраилдіктер жайында “Бағалға бола есімімді ұмытқан еді” деген. Бұл жалған пайғамбарлардың кесірінен болған еді (Ерм. 23:27). Халық Ехобаның есімін қолдануды қойып, оны “қожайын” дегенді білдіретін Бағал деген есіммен атап кеткенге ұқсайды. Осының кесірінен Ехобаны Бағалдан ажырату қиындап кетті. Содан, исраилдіктер таза ғибадат пен пұтқа табынушылықты араластырып жіберді (Ошия 2:16, 17 мен сілтемені оқыңыз).
ШАЙТАННЫҢ БҮГІНДЕГІ ТҰЗАҚТАРЫ
10. Шайтанның бүгіндегі тұзақтары қандай?
10 Бүгінде де Шайтан дәл осындай тұзақтарды құрады. Ол адамдардың табиғи қалауын пайдаланады, азғын құмарлықтарға берілуге итермелейді және Ехобаны ұмыттырғысы келеді. Қазір осы тұзақтарды соңғысынан бастап қарастырып көрейік.
11. Шайтан адамдарға Ехобаны ұмыттыру үшін не істеп әлек?
Ел. іс. 20:29, 30; Сал. 2-х. 2:3). Олар жалғыз шынайы Құдайдың қандай тұлға екенін жасырғысы келді. Мысалы, олар Киелі кітап көшірмелерін жасағанда, Құдай есімінің орнына “Ие” деген сияқты лауазымдарды жазды. Осылайша адамдар Киелі кітапты оқығанда, Ехобаның Жазбалардағы басқа “иелерден” қаншалықты өзгеше екенін ұқпады (Қор. 1-х. 8:5). Жалған мәсіхшілер “Ие” деген лауазымды Ехобаға да, Исаға да қатысты қолданды. Осының кесірінен Ехоба мен Исаның бір тұлға емес екенін, олардың дәрежелері әртүрлі екенін түсіну қиындады (Жох. 17:3). Осылайша Құдай Сөзінде жоқ “үштік” туралы жалған ілім пайда болды. Құдай адамдар үшін жұмбақ тұлғаға айналып, оны танып-білу мүмкін емес деген пікір қалыптасты. Бірақ бұл пікір қып-қызыл өтірік еді! (Ел. іс. 17:27).
11 Шайтан адамдардың Ехобаны ұмытқанын қалайды. Елшілер өлгеннен кейін, жолдантаюшылар жалған ілімдерді тарата бастады (12. Жалған дін не нәрсені қолдауда? Римдіктерге 1:28—31 тармақтарда айтылғандай, оның салдары қандай?
12 Шайтан азғын қалауларға берілуге итермелейді. Ежелгі исраилдіктердің заманында азғындықты кең тарату үшін Шайтан жалған дінді пайдаланған. Бүгінде де ол дәл солай әрекет етеді. Жалған дін азғындыққа көз жұмып қарайды, тіпті оны мақұлдайды. Соның кесірінен Құдайға қызмет етеміз дейтіндердің көбісі оның моральдық нормаларына мойынсұнуды қойды. Мұның соңы неге әкеліп соғатынын Пауыл римдіктерге арнаған хатында жазған (Римдіктерге 1:28—31 оқыңыз). Тармақтарда айтылған “лайықсыз істердің” қатарына жыныстық азғындықтың барлық түрімен қоса гомосексуализм де кіреді (Рим. 1:24—27, 32; Аян 2:20). Киелі кітапта анық айтылған нұсқауларды ұстану қаншалықты маңызды десеңізші!
13. Шайтанның тағы бір тұзағы қандай?
13 Шайтан адамдардың табиғи қалауын пайдаланады. Өзімізді және отбасымызды қамтамасыз ету үшін еңбек Тім. 1-х. 5:8). Еңбекке қажетті қабілеттерді игеру үшін балалар мектепте жақсы білім алуға ұмтылады. Бірақ абай болған дұрыс. Көп елдің білім беру бағдарламасына оқушылардың қабілетін дамыту ғана емес, философияға үйрету де кіреді. Мұндай сабақтар Құдайдың бар екеніне күмән себеді және Киелі кітапты құрметтеуге үйретпейді. Бұған қоса, өмір эволюцияның арқасында пайда болды деген ілімді алға тартады (Рим. 1:21—23). Мұндай ілімдер Құдайдың даналығына қайшы (Қор. 1-х. 1:19—21; 3:18—20).
ету кәдімгі нәрсе (14. Осы дүниенің философиясы не нәрсеге итермелейді?
14 Осы дүниенің философиясы Ехобаның әділ нормаларын елемеуге, тіпті олардан аттап кетуге итермелейді. Ол киелі рухтың жемісін емес, “тәннің істерін” жетілдіреді (Ғал. 5:19—23). Менмен, мақтаншақ болуға талпындырады. Содан адам “тек қара басын ойлап” кетеді (Тім. 2-х. 3:2—4). Бұлар Құдайдың қызметшілері танытатын момындық пен кішіпейілділікке мүлдем кереғар қасиеттер (Сам. 2-ж. 22:28). Өкінішке қарай, жоғары оқу орнына түскен кейбір мәсіхшілер Ехоба сияқты ойлауды қойып, осы дүние сияқты ойлана бастаған. Қазір мұның бір мысалын көрейік.
15, 16. Бір әйел бауырластан қандай сабақ алдыңыз?
15 Толық уақытты қызмет атқарып жүргеніне 15 жылдай болған бір әйел бауырлас өткен өмірін еске алып былай дейді: “Шомылдыру рәсімінен өткен Куәгер болғандықтан, университетке
түсудің қаупі жайында оқып-естіп жүрдім, бірақ бұған мән бермедім. Бұл кеңестердің маған қатысы жоқ деп ойладым”. Мұның арты неге әкеп соқты? Ол былай деп ойын ашық айтты: “Сабаққа дайындалу уақыт пен күшімді сарқып алғандықтан, баяғыдай Ехобаға дұға айтуға, уағыздауға, қауым кездесулеріне жақсы дайындалуға мұршам болмады. Бірақ жоғары оқудың Ехобамен қарым-қатынасымды мұқалтып жатқанын дер кезінде түсіндім. Содан, оқудан кетуді шештім”.16 Жоғары білімге ұмтылғаны оның көзқарасына қалай әсер етті? “Айтуға ұят, бірақ мен басқаларға сын көзбен қарай бастадым, әсіресе бауырластарыма. Тым талапшыл болып, олардан алшақтап кеттім. Өз сабама түсу үшін көп уақыт қажет болды. Өмірімнің сол кезеңінде Әкеміздің ұйым арқылы айтатын ескертуін елемеудің салдары өте ащы болатынын түсіндім. Ехоба мені өзімнен де жақсы біледі ғой. Оны тыңдауым керек еді!”
17. а) Не нәрсеге нық бекінуіміз қажет? ә) Келесі мақала не жайлы?
17 Шайтанның дүниесі торға түсіру үшін қолданатын “пәлсапасына әрі бос, алдамшы ойларына” алданып қалмауға нық бекініңіз. Оның тұзақтарынан әр кез сақтанып жүріңіз (Қор. 1-х. 3:18; Қор. 2-х. 2:11). Ехобаны ұмыттыру үшін қолданатын айласына алданып қалмаңыз. Ехобаның жоғары моральдық нормаларын ұстаныңыз. Шайтан қулықпен оның ақыл-кеңесін елемеуге итермелесе, берілмеңіз. Ал егер осы дүниенің ойын жұқтырып алсаңыз ше? Онда не істеу керек? Келесі мақаладан Құдай Сөзінің “бекіністей” ойлар мен әдеттерді де талқандай алатынын білеміз (Қор. 2-х. 10:4, 5).
49-ӘН Ехобаның жүрегін қуантайық
^ 5-абзац Шайтан адамдарды алдауға шебер. Көп адам не істесек те өз еркіміз дейді, бірақ шын мәнінде олар Шайтанның торына түскен. Осы мақалада ол адамдарды қалай алдайтынын қарастырамыз.
^ 48-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Исраилдіктер қанахандықтармен араласып, Бағалға табынуға және азғындыққа салынуға елікті.
^ 51-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Жарнамадағы түрлі түстер шіркеудің гомосексуализмді құптайтынын көрсетеді.
^ 53-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Жас бауырлас университетте білім алуда. Профессор ғылым мен технология адамзаттың бар проблемасын шешетінін студенттерге айтып жатыр. Кейінірек Патшалық сарайында бауырласымыз беріліп жатқан тәлімге қызықпай, тіпті сынмен қарап отыр.