30-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
Дінге сенбейтін адамдардың жүрегіне жол табыңыз
“Әртүрлі адамдар арасынан, ең болмаса, кейбіреуін құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін істедім” (ҚОР. 1-Х. 9:22).
82-ӘН “Сендердегі жарық жарқырап тұрсын”
АҢДАТПА *
1. Бірнеше онжылдықта кейбір елдерде қандай өзгеріс байқалды?
АДАМЗАТ тарихына үңілсек, адамдардың көбісі қандай да бір дінге сенген. Алайда осы бірнеше онжылдықта ешқандай дінді ұстанбайтын адамдардың саны айтарлықтай көбейді. Деректер бойынша, кейбір ел тұрғындарының басым бөлігі ешқандай дінге жатпайды * (Мат. 24:12).
2. Дінге сенбейтін адамдардың көптігіне қандай себептер бар?
2 Дінге сенбейтін * адамдардың көбеюіне не себеп? Бір себебі — олардың кейбірі “өмірдің уайым-қайғысына, ләззат-ермегіне берілген” (Лұқа 8:14). Бұрын діншіл болғандардың кейбірі атеист болып кеткен. Басқалары Құдайға сенгенмен, дінді пайдасыз, заманнан қалған, ғылыммен үйлеспейді, ақылға сыйымсыз деп біледі. Олар жора-жолдастарынан, мұғалімдері мен әйгілі адамдардан тіршілік эволюцияның арқасында пайда болды деп естіп келген шығар. Бірақ Жаратушы Құдайға сенудің қисынды себептері жайында олар аз естісе керек. Өзгелерінің болса ақша мен билікке құныққан дінбасыларынан көңілдері қалған. Ал кей елде үкімет дінге шектеу қойғандықтан, халқы дінге жақын емес.
3. Бұл мақаланың мақсаты қандай?
3 Иса бізге “барлық халықтардан шәкірттер дайындауды” тапсырған (Мат. 28:19). Ешқандай дінді ұстанбайтын адамдарға Құдайды сүюге әрі Мәсіхтің шәкірті болуға қалай көмектессек болады? Мына жайтты ескергеніміз жөн: адамның ізгі хабарды қалай қабылдайтыны қай жерде туып-өскеніне байланысты болуы мүмкін. Мысалы, Еуропада басым жұртшылық Киелі кітаппен және бәрін де Құдай жаратты деген іліммен біршама таныс. Алайда Азияда адамдардың көпшілігі Киелі кітап туралы азғана біледі, тіпті ештеңе білмейді десек те болады. Олар Жаратушының бар екеніне де сенбеуі мүмкін. Бұл мақаланың мақсаты — қандай ортадан шықпасын, қызметте кезігетін барлық адамның жүрегіне жол табуға көмектесу.
ҚЫЗМЕТТЕ ӘРТҮРЛІ АДАМДАРҒА ОҢ КӨЗБЕН ҚАРАҢЫЗ
4. Неге оң көзқарас сақтауымыз керек?
4 Оң көзқарас сақтаңыз. Ехоба куәгерлерінің қатарына жыл сайын көп адам қосылуда. Арасында ешқандай дінге жатпағандар да, Құдайға сенбегендер де бар. Олардың көбісі жоғары моральдық нормалармен өмір сүріп, бірақ діндердегі екіжүзділікті жек көріп кеткен. Ал басқалары болса құлықсыз өмір сүрген, сондықтан кейбіріне жаман істерін тастау керек болған. Осындай “мәңгі өмірге ыңғай танытқан” адамдарды Ехобаның көмегімен әлі де таба беретінімізге сенімдіміз (Ел. іс. 13:48; Тім. 1-х. 2:3, 4).
5. Қызметте адамдардың ізгі хабарға ден қоюына не себеп болып жатады?
5 Мейірімді де ізетті болыңыз. Қызметте адамдардың көбісі не айтқанымызға емес, қалай айтқанымызға қарай ізгі хабарға ден қояды. Олар мейіріммен, ізетпен сөйлеп, шын пейілмен көңіл бөлгенімізді ұнатады. Біз оларды өз пікірімізге көндіруге тырыспаймыз. Керісінше, дінге неге жақын емес екендерін түсінуге күш саламыз. Мысалы, кейбірі бейтаныс адаммен дін жайында сөйлескенді жақтырмайды. Басқалары Құдай жайында біреудің ойын сұрауды әдепсіздік деп біледі. Тағы біреулері жұрттың көзінше Киелі кітапты ұстаудан, әсіресе Ехоба куәгерлерімен бірге тұрып Киелі кітапты ашудан қатты ыңғайсызданады. Қандай адам кезікпесін, оның ой-сезімімен санасқанымыз абзал (Тім. 2-х. 2:24, сілт.).
6. Елші Пауыл адамдарға қалай бейімделе білді және одан қандай үлгі аламыз?
6 Қызметте біреумен әңгімелескенде, оның “Киелі кітап”, “Құдай”, “дін” деген сөздерімізден сескеніп тұрғанын байқасақ, не істесек болады? Мұндайда елші Пауылға еліктеп, адамға бейімделгеніміз дұрыс болар. Пауыл яһудилермен сөйлескенде Жазбаларды қолданған. Ал Ареопагта тұрып, грек философтарына сөйлегенде, сөзін Жазбалардан келтіріп тұрғанын ашық айтпаған (Ел. іс. 17:2, 3, 22—31). Одан қандай үлгі аламыз? Киелі кітапты мойындамайтын адаммен пікір алысқанда, біздің де “Киелі кітап” деген сөзді қолданбағанымыз жөн болар. Адамға Киелі кітапты жұрттың көзінше ашып оқып берсем, ыңғайсызданады-ау деп ойласаңыз, онда тармақты электронды құрылғыдан оқып берсеңіз болады.
7. Пауылға еліктеп, Қорынттықтарға 1-хат 9:20—23 тармақтарға сай әрекет ету үшін не істегеніміз дұрыс?
7 Түсінікпен қараңыз, тыңдаңыз. Қызметте кездесетін адамдардың сана-сезімін қалыптастырған жайттарды ескеріп, оларға түсінікпен қарағанымыз жөн (Нақ. с. 20:5). Пауылдың үлгісіне оралайықшы. Ол яһуди болған, яһудилердің тәрбиесін алған. Сондықтан Ехоба мен Жазбалар туралы аз білетін не мүлдем білмейтін басқа ұлт адамдарына уағыздағанда, сөзін бейімдеу керек болған. Сол сияқты аймағымызда кезігетін адамдарды түсініп, оларға бейімделгіміз келсе, біраз ізденіс жасап, тәжірибесі мол жариялаушылармен кеңескеніміз дұрыс (Қорынттықтарға 1-хат 9:20—23 оқыңыз).
8. Киелі кітап туралы әңгіме бастаудың бір жолы қандай?
8 Біздің мақсатымыз — “лайық адамды іздеп табу” (Мат. 10:11). Бұл үшін адамның ойын сұрап, оны ден қойып тыңдағанымыз жөн. Англияда тұратын бір ер бауырлас адамдардан отбасын бақытты етуге, балаға жақсы тәрбие беруге немесе әділетсіздікке төтеп беруге не көмектесетіні жайында сұрайды екен. Жауабын тыңдаған соң: “Осыдан 2000 жыл бұрын жазылып кеткен мына кеңес жайында не ойлайсыз?”— дейді. Бұдан кейін “Киелі кітап” дегенді айтпай-ақ, телефонынан дайын тұрған тармақтарды көрсетеді.
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАБЫҢЫЗ
9. Құдай туралы сөйлесуден тартынатын адамның жүрегіне қалай жол табуға болады?
9 Құдай туралы сөйлесуден тартынатын адамдардың жүрегіне жол табу үшін, әңгімені оларға жақын тақырыптан бастасақ болады. Мысалы, табиғатқа қарап тамсанбайтын адам жоқ шығар. Сондықтан әңгімені былай бастасақ болады: “Ғалымдар көп нәрсені табиғатқа қарап жасап шығарды дегенмен келісетін шығарсыз. Мысалы, микрофонды ойлап тапқандар құлақты зерттеген, ал жәндіктің көзін зерттей келе камераны ойлап шығарған. Ғалымдар кімнен үйреніп жатыр деп ойлайсыз?” Оның жауабын мұқият тыңдаған соң, былай дейік: “Ежелде өмір сүрген бір ақынның сөздерін оқыған едім. Ол: — Құлақ берген Құдай естімейді дейсіңдер ме? Көз берген Құдай көрмейді дейсіңдер ме?.. Ол — халықтарға білім дарытатын Құдай ғой!— деген” (Зәбүр 94:9, 10). Кейін jw.org® сайтындағы “Тіршіліктің пайда болуына қатысты көзқарастар” деген топтамадан бір бейнероликті көрсетсек болады (БАСЫЛЫМДАР/БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАР/СҰХБАТТАР МЕН ӨМІРДЕ БОЛҒАН ОҚИҒАЛАР деген жерді қараңыз). Я болмаса “Тіршілік өздігінен пайда болды ма?” деген немесе “Тіршіліктің бастауы. Бес маңызды сұрақ” деген кітапшаға назар аударсаңыз болады.
10. Құдай туралы сөйлесуден тартынатын адаммен әңгіме бастаудың тағы бір жолы қандай?
10 Адамдардың көбісі жарқын болашақты аңсайды. Бірақ кейбірі жер жойылып кетеді немесе тіршілік етуге жарамсыз болып қалады деп қорқады. Олар Құдай туралы сөйлесуден тартынғанымен, дүниедегі жағдайлар жайында әңгімелесуге Зәб. 37:29; Уағ. 1:4).
қарсы болмауы мүмкін. Мұны Норвегиядағы бір аралаушы бақылаушы жақсы байқаған. Адаммен амандасқаннан кейін ол: “Адамдар өмірді жақсартқылары-ақ келеді. Бұл саясаткерлердің я ғалымдардың қолында ма, жоқ әлде басқа біреудің бе?”— деп сұрайды екен. Зер салып тыңдаған соң, ол керемет болашақ жайында Киелі кітаптың өзінен оқып береді немесе ауызша айтады. Кейбіреулер Киелі кітапта жердің мәңгі тұратыны және жақсы адамдардың мәңгі өмір сүретіні туралы білгенде аң-таң болып жатады (11. Қызметте әртүрлі жолмен әңгіме бастағанымыз неге маңызды? Римдіктерге 1:14—16 тармақтарда жазылған Пауылдың үлгісіне біз қалай еліктей аламыз?
11 Қызметте түрлі жолмен әңгіме бастаған жөн. Өйткені әр адам — дара тұлға, біреуіне қызық болған нәрсе екіншісінің құлағына түрпідей тиюі мүмкін. Кейбірі Құдай не Киелі кітап туралы ашық сөйлесе берсе, өзгелері бірден осындай тақырыпта әңгімелесуге дайын емес шығар. Қандай жағдай болмасын, әртүрлі адамдармен сөйлесудің мүмкіндігін жіберіп алмайық (Римдіктерге 1:14—16 оқыңыз). Әрине, мына жайтты да есте ұстаймыз: мәңгі өмірге ыңғай танытқандардың жүрегінде шындықты өсіретін — Ехоба (Қор. 1-х. 3:6, 7).
ҚҰДАЙҒА СЕНБЕЙТІНДЕРГЕ ШЫНДЫҚТЫ ЖЕТКІЗУ
12. Жаратушының бар екеніне аса мән бермеген адамдардың жүрегіне қалай жол тапса болады?
12 Куәгерлер дүниежүзі бойынша шын Құдайға сенбейтін адамдарды қызметте көптеп кезіктіріп жатады. Олардың арасында дінге шектеу қойылған елдерден келгендері де бар. Азияның кейбір елінде басым көпшілік Жаратушы жайында шындап ойланып көрмеген. Білімге құштар біреулері Киелі кітапты зерттеуге келісе кетсе, басқалары жаңа нәрсеге бас ұрудан қорқақтауы мүмкін. Сол адамдарға қалай жол тапса болады? Кейбір жариялаушылар олармен жай әңгімелеседі, шын жүректен көңіл бөледі. Реті келіп жатса, Жазбалардағы ақыл-кеңестің қандай пайдасын көргенін айтып береді.
13. Адамдарға Киелі кітап несімен ұнауы мүмкін? (Мұқабадағы суретті қараңыз.)
13 Көп адамды қызықтыратын бірден-бір нәрсе — Киелі кітаптағы дана сөздер (Уағ. 7:12). Қытайша сөйлейтін адамдарға уағыздайтын Нью-Йорктегі бір әйел бауырлас былай дейді: “Олармен танысып, көңіл бөліп, ден қойып тыңдаймын. Жақында ғана көшіп келген болса: — Қалай жайғастыңыз? Жұмыс табылды ма? Бұл жақтың халқына сіңісіп жатырсыз ба?— деп сұраймын”. Осындай әңгіме Киелі кітаптағы тәліммен бөлісуге жол ашып жатады. Әйел бауырласымыз, ыңғайы келсе, сөзін былай жалғастырады екен: “Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың сыры неде деп ойлайсыз? Сізге Киелі кітаптағы бір нақыл сөзді көрсетейін деп едім. Мұнда: — Басталған ұрыс бөгетті бұзған тасқындай, Кетіп қал сол жерден жанжал басталмай,— делінген. Бұл кеңес өзгелермен тату болуға көмектесе ме, қалай ойлайсыз?” (Нақ. с. 17:14). Осылай пікір алысудың арқасында адамға қайта келу керек пе, жоқ па — соны анықтауға болады.
14. Азиядағы бір ер бауырлас Құдайға сенбеймін дейтін адамдардың жүрегіне қалай жол табады?
14 Ал Құдайға сенбеймін дейтін адамдарға не деуге болады? Дінге жақын емес адамдарға уағыздайтын Азиядағы тәжірибелі бір ер бауырлас былай дейді: “Мұнда адамның “Құдайға сенбеймін” дегені әдетте “дәстүрлі тәңірлерге Еремия 16:20-дағы “Пенде өзіне тәңірлер жасай ала ма? Жасаса да, олары шынайы емес қой” деген сөздерді оқимын. Сосын шынайы Құдайды адамдар жасаған құдайлардан қалай ажыратуға болатынын сұраймын. Пікірін тыңдаған соң, Ишая 41:23-тегі “бізге болашақта не болатынын ашыңдар, сендердің шынымен құдай екендеріңе көз жеткізейік” дегенді оқимын. Соңында Ехобаның болашаққа қатысты айтқандарынан бір мысал келтіремін”.
сиынбаймын” дегенді білдіреді. Мен оған тәңірлердің адам қолынан шыққанын, шын Құдай емес екенін айтамын. Бұдан кейін15. Шығыс Азиядағы ер бауырластан қандай үлгі аламыз?
15 Шығыс Азиядағы ер бауырлас адамдарға қайта барғанда келесідей тәсілді қолданады екен. Ол былай дейді: “Мен Киелі кітаптың ақыл-кеңестеріне, орындалған пайғамбарлықтарына назар аударамын, болмаса ғаламдағы заңдылықтар жайында сөз қозғаймын. Сосын мұның бәрі тірі де дана Жаратушының бар екеніне меңзейтінін айтамын. Осы оймен келісе бастаса, Киелі кітапта Ехоба жайында не делінгенін көрсетемін”.
16. Еврейлерге 11:6-ға сүйенсек, зерттеушілер Құдай мен Киелі кітапқа не себепті сену керек? Оларға сенімдерін өсіруге қалай көмектесе аламыз?
16 Дінге немесе Құдайға сенбейтін адамдармен Киелі кітапты зерттегенде, Құдайдың бар екеніне сенімдерін әрдайым нығайта бергеніміз дұрыс (Еврейлерге 11:6 оқыңыз). Сондай-ақ Жазбаларға деген сенімдерін де өсіргеніміз абзал. Бұл кейбір ойларды қайта-қайта еске салып отыруды талап ететін шығар. Бәлкім, әр зерттеу сабағында Киелі кітаптың Құдай Сөзі екеніне дәлел келтіру керек болар. Бұл үшін Киелі кітаптың орындалған пайғамбарлығына, ғылыми я тарихи дәлдігіне немесе өмірде қажет болатын ақыл-кеңесіне назар аударсақ болады.
17. Сүйіспеншілігіңіз өзге адамдарға қалай әсер етуі мүмкін?
17 Адамдар дінге жақын болсын-болмасын, Мәсіхтің шәкірті болғанын қаласақ, оларға сүйіспеншілік көрсеткеніміз жөн (Қор. 1-х. 13:1). Оларға тәлім бере жүріп, Құдай бізді сүйетінін және біздің де оны сүйгенімізді қалайтынын түсіндірейік. Кезінде дінге аса жақын болмаған не дінге мүлдем қызықпаған адамдар Құдайға деген сүйіспеншіліктерін өсіріп, жыл сайын мың-мыңдап Куәгерлердің қатарына қосылып жатыр. Сондықтан оң көзқарас сақтап, әртүрлі адамдарға сүйіспеншілікпен көңіл бөліңіз. Сөздерін ден қойып тыңдаңыз. Оларды түсінуге күш салыңыз. Зерттеушіге өз үлгіңіз арқылы Мәсіхтің шәкірті болуды үйретіңіз.
76-ӘН Мадақтау құрбандығын ұсынамыз
^ 5-абзац Қызметте дінге сенбейтін адамдарды бұрынғыға қарағанда жиірек кездестіретін шығармыз. Оларға Киелі кітаптың шындықтарын қалай жеткізсек болады? Бойларында Киелі кітапқа және Ехоба Құдайға сенім ояту үшін не істей аламыз? Бұл мақала осы сұрақтарға жауап береді.
^ 1-абзац Сауалнамаларға сай, бұл елдердің кейбірі: Албания, Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Британия, Вьетнам, Германия, Гонконг, Дания, Жапония, Израиль, Ирландия, Испания, Канада, Қытай, Нидерланд, Норвегия, Оңтүстік Корея, Чехия, Швейцария, Швеция және Франция.
^ 2-абзац СӨЗ МӘНІ: Бұл мақалада “дінге сенбейтін” деген тіркес ешқандай дінді ұстанбайтындарға да, Құдайға сенбейтіндерге де қатысты қолданылған.
^ 54-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Ер бауырлас емханадағы әріптесіне куәлік берген соң, ол үйіне барып біздің сайтты ашып отыр.