КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ (ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН) Қараша 2019
Бұл санда 2019 жылы 30 желтоқсан мен 2020 жылы 2 ақпан аралығында зерттелетін мақалалар бар.
Заманның ақыры келмей тұрып, мызғымас достық орнатайық
Біз Еремиядан көп нәрсеге үйренеміз. Ол достарының арқасында Иерусалим жойылар алдында аман қалды.
Киелі рух бізге қалай көмектеседі?
Құдайдың киелі рухы бізге қиындықтарда төзімді болуға көмектеседі. Алайда оның пайдасын толық көру үшін төрт нәрсені істеуіміз керек.
”Сеніміңіздің үлкен қалқаны” жақсы күйде ме?
Сеніміміз бізді қалқан іспетті қорғайды. Сеніміміздің қалқаны жақсы күйде екеніне қалай көз жеткізсек болады?
Мұсаның 3-жазбасынан алар сабағымыз
Мұсаның 3-жазбасында Ехобаның ежелгі Исраил халқына берген заңдары жазылған. Мәсіхшілер бұл заңдарды ұстануға міндетті болмаса да, оның көп пайдасын көре алады.
Бастап қана қоймай, аяғына дейін жеткізіңіз
Қабылдаған шешіміміз жақсы болса да, оны іске асыру қиын болуы мүмкін. Осы орайда бастаған істі соңына дейін жеткізуге көмектесетін кеңестерді қарастырайық.
Сіз білгенсіз бе?
Киелі кітап заманында үй басқарушылары қандай міндет атқарған?