35-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
Кішіпейілділік — Құдай қадірлейтін көркем мінез
“Ехоба... кішіпейіл жанды байқайды” (ЗӘБ. 138:6).
48-ӘН Күнде Ехобамен бірге жүрейік
АҢДАТПА *
1. Ехоба кішіпейілділер жайлы не ойлайды? Түсіндіріңіз.
ЕХОБА кішіпейіл жандарды жақсы көреді. Нағыз кішіпейілділерді ғана Ехоба сүйіспеншілігіне бөлеп, олармен жақын дос болады. “Ал тәкаппар адамды маңына жуытпайды” (Зәб. 138:6). Әрине, барлығымыз Ехобаның көңілінен шығуды қалаймыз. Сондай-ақ оның сүйіспеншілігін сезінгіміз келеді. Осындай себептер өзімізді кішіпейілділікке тәрбиелеуге ұмтылыс береді емес пе?!
2. Бұл мақалада не қарастырамыз?
2 Бұл мақалада үш сұраққа тоқталамыз: 1) Кішіпейілділік деген не? 2) Неге кішіпейіл болуды үйренуіміз керек? 3) Қандай жағдайда кішіпейілділік таныту қиын? Біз кішіпейіл бола түссек, Ехоба да қуанады, өзіміз де пайдасын көреміз (Нақ. с. 27:11; Ишая 48:17).
КІШІПЕЙІЛДІЛІК ДЕГЕН НЕ?
3. Кішіпейілділік деген не?
3 Кішіпейілділік өркөкіректіктен, өзімшілдіктен алыс дегенді білдіреді. Киелі кітапқа сай, кішіпейіл адам Ехоба одан әлдеқайда асқақ, әлдеқайда жоғары екенін мойындайды. Сондай-ақ ол әрбір адамның бойында қандай да бір әлді жақтары бар екенін түсінеді (Філіп. 2:3, 4).
4, 5. Неге кішіпейіл болып көрінген адамдар шын мәнінде ондай болмауы мүмкін?
4 Кейбір адамдар кішіпейілді болып көрінуі мүмкін. Олар ұялшақ мінезді шығар. Я болмаса оларды кішкентайынан өзгелерді құрметтеуге не ізетті болуға тәрбиелеген шығар. Бірақ шындап келгенде олар өте өркөкірек болуы мүмкін. Бір күні болмаса, бір күні Лұқа 6:45).
олардың іште жатқан өркөкіректігі сыртқа шығады (5 Ал кейбіреулер өзіне сенімді немесе тік мінезді болып көрінуі мүмкін, бірақ оларды бірден өркөкірек адамға жатқызу қате болар еді (Жох. 1:46, 47). Алайда сөзге де, іске де шебер адамдар өз қабілеттеріне тым сеніп, өркөкірек болып кетуден абай болулары керек. Ерекше қабілетіміз болса да, болмаса да, бәрімізге де кішік болуды үйрену қажет.
6. Қорынттықтарға 1-хат 15:10-дағы Пауылдың сөздерінен қандай үлгі алсақ болады?
6 Елші Пауылды еске түсірейікші. Ехоба ол арқылы әртүрлі қалаларда жаңа қауымдар ашты. Пауыл, сірә, Иса Мәсіхтің шәкірттеріне қарағанда әлдеқайда көп қалада уағыздаса керек. Десе де өзін бауырларынан артықпын деп санаған емес. Өзін кіші тұтқан ол: “Мен елшілердің ең кішісімін, елші деп аталуға да тұрмаймын, себебі Құдай қауымын қудаладым”,— деді (Қор. 1-х. 15:9). Сосын ол Ехобамен достығы қандай да бір жетістікке жеткендіктен я ерекше болғандықтан емес, Құдай оған рақымын түсіргендіктен мүмкін болғанын айтты (Қорынттықтарға 1-хат 15:10 оқыңыз). Пауыл кішік болудың керемет үлгісін көрсетті. Қорынттағы кейбір мәсіхшілер оны сынап-мінегенін білсе де, оларға хат жазғанда, өзі жайында мақтанған жоқ (Қор. 2-х. 10:10).
7. Жауапкершілігі бар бір бауырлас кішіпейіл екенін қалай көрсеткен?
7 Көптеген Ехобаның қызметшілері Басқарушы кеңестің мүшесі болған Карл Клейннің өмірбаянын оқып жігер алған. Өмірбаянында ол өзінің *.
көп қателіктерін және қиындықтарын ашық айтып береді. Мысалы, 1922 жылы Карл бауырлас бірінші рет үйден үйге уағыздауға шығып, оны қиын көреді. Сөйтіп, 2 жылдай үйден үйге уағыздамай қояды. Ал Бетелде қызмет еткен кезде ол бір бауырластан кеңес естіп, оған өкпелі болып жүреді. Сондай-ақ ол көп стресс пен уайымнан жүйке ауруына шалдығып, кейін одан айығады. Соған қарамастан ол ұйымда көптеген маңызды қызметтер атқарды. Жауапкершілігі бар мұндай бауырластың өз қателіктерін ашық мойындағаны оның өте кішіпейіл екенін көрсетпей ме?! Карл бауырлас пен оның шыншылдықпен айтқан қызықты өмірбаяны көптеген бауырластың есінен кетпейдіНЕГЕ КІШІПЕЙІЛ БОЛУДЫ ҮЙРЕНУІМІЗ ҚАЖЕТ?
8. Петірдің 1-хаты 5:6-дан кішіпейілділіктің Ехобаға ұнайтыны қалай көрінеді?
8 Кішіпейіл болуымыздың басты себебі бар: бұл Ехобаға ұнайды. Елші Петір мұны анық көрсетті (Петірдің 1-хаты 5:6 оқыңыз). Петірдің осы сөздеріне қатысты “Шәкіртім болып соңымнан ер!” (ор.) кітабында былай делінген: “Өркөкіректік у секілді. Оның салдары өте залалды. Бұл қасиет ең дарынды деген адамды Құдай алдында жарамсыз етеді. Ал кішіпейілділік болса еш нәрсесімен ерекшеленбейтін адамды Ехоба үшін пайдалы етеді... Ехоба сіздің кішіпейілділігіңізді қуана жарылқайды” *. Расында да, қолымыздан келетін ең жақсы іс Ехобаның жүрегін қуанту емес пе?! (Нақ. с. 23:15).
9. Кішіпейіл болсақ, неге адамдар бізге тартылатын болады?
9 Кішіпейілділікке үйренсек, Ехобаны да қуантамыз, өзіміз де оның көп пайдасын көреміз. Кішіпейіл болсақ, өзге адамдар бізге тартылып тұрады. Неге екенін түсіну үшін өзіңізді басқалардың орнына қойып көріңізші (Мат. 7:12). Өз дегенін ғана істететін, біреудің айтқанына құлақ аспайтын адамдармен араласқысы келетіндер кемде-кем. Ал “бауырластарды сүйетін, мейлінше жанашыр, кішіпейіл” жандармен араласу жанымызды жадыратады (Пет. 1-х. 3:8). Біз осындай адамдарға тартылсақ, басқалар да кішіпейілділігімізді көріп, бізге тартылатын болады.
10. Кішіпейілділік өмірімізді қалай жеңілдетеді?
10 Кішіпейілділіктің өмірді жеңілдететін күші бар. Кейде әділетсіздіктің куәсі болып жатсақ, кейде соның құрбаны болып жатамыз. Дана Сүлеймен: “Қарапайым қызметшілердің атқа мініп, ал әміршілердің қызметші сияқты жаяу жүргенін көрдім”,— деген (Уағ. 10:7). Рас, таланттылар әрдайым құрметке бөлене бермейді. Ал дарыны жоқтар, керісінше, қошемет пен мадаққа малынып жатады. Бірақ Сүлеймен патша өмірдің шындығына налудың орнына, оны қалай бар солай қабылдаған жөн деп білген (Уағ. 6:9). Кішіпейіл болсақ, өмірдің жағымсыз жақтарын қабылдау әлдеқайда оңайға түседі.
КІШІПЕЙІЛДІЛІКТІ КІДІРТЕТІН ЖАҒДАЙЛАР
11. Әлдекім бізге кеңес бергенде, оны қалай қабылдаған жөн?
11 Кішіпейіл екенімізді біз күн сайын көрсете аламыз. Қазір бірнеше жағдайды қарастырайық. Біреуден кеңес естігенде. Біреу бізге кеңес айтуға оқталса, демек, біз өзіміз ойлағаннан да үлкен қателік жасадық деген сөз. Ондайда кеңесті тыңдағымыз келмейтін шығар. Оны беріп тұрған адамды сынап-мінеп, тіпті айтқан мәнерін ұнатпайтын шығармыз. Бірақ біз кішіпейіл болсақ, кеңеске дұрыс көзқараспен қарай білеміз.
12. Нақыл сөздер 27:5, 6-ға сай, бізге кеңес бергенде неге риза болуымыз керек? Мысалмен түсіндіріңіз.
12 Кішіпейіл адамдардың берілген кеңес үшін алғысы шексіз. Мұны мынадай мысалмен салыстыруға болады: Айталық, қауымда бірнеше адаммен сөйлесіп болған соң, олардың біреуі сізді былайырақ алып шығып, тісіңізде тамақ тұрып қалғанын айтады. Әрине, сіз өзіңізді ыңғайсыз сезінетін шығарсыз. Бірақ риза да боласыз ғой?! Тіпті ертерек айтқанда ғой деп ойлар едіңіз. Сол сияқты бауырластар бар батылдығын жинап сізге қажетті кеңес бергенде, кішіпейіл және риза болуымыз керек. Біз сол адамды жау емес, дос деп білеміз (Нақыл сөздер 27:5, 6 оқыңыз; Ғал. 4:16).
13. Өзгелер қауымда жауапкершілік алғанда, қалай кішіпейілділік таныта аламыз?
Тім. 1-х. 3:1). Десе де не ойлайтынымызға абай болған жөн. Өйткені бойымызда менмендік пайда болуы мүмкін. Мысалы, ер бауырлас қауымдағы қандай да бір міндетті “мен ғана күшті атқарамын” деп ойлай бастауы мүмкін. Немесе мәсіхші әйел күйеуі жайында былай ойлауы мүмкін: “Менің күйеуім ана бауырласқа қарағанда бұл тапсырманы жақсырақ орындар еді!” Кішіпейіл болсақ, біз осы сықылды ойлардан аулақ боламыз.
13 Өзгелерге жауапкершіліктер берілгенде. “Өзгелерге жауапкершіліктер беріліп жатқанда, неге ғана бұл жауапкершілік маған берілмеді екен деп ойлаймын”,— дейді Джейсон есімді ақсақал. Сіз де осылай ойлағансыз ба? Әрине, жауапкершіліктерге “ұмтылудың” еш әбестігі жоқ (14. Басқалар жауапкершілік алғанда Мұсаға қалай еліктей аламыз?
14 Басқалар жауапкершілік алғанда Мұсаға қалай еліктей алатынымызды көрейік. Ол Исраил халқына жетекші болғанын жоғары бағалады. Ехоба Мұсаның атқарып жүрген кейбір ісін басқаларға бергенде, ол бұған қалай қарады? Мұса еш қызғанған жоқ (Мұс. 4-ж. 11:24—29). Ол кішіпейіл болғандықтан, өзге ер адамдардың да халыққа төрелік айтуына мүмкіндік берді (Мұс. 2-ж. 18:13—24). Соның арқасында исраилдіктерге қызмет ететін ерлер көбейіп, халыққа ұзақ уақыт кезекте тұрудың қажеті болмады. Бұл жағдай Мұса өзінің дәрежесінен гөрі халықтың қамын көбірек ойлағанын көрсетеді. Не деген тамаша үлгі! Жоғарыда айтылғандай, Ехобаға қызмет етуге жарамды болу үшін біздің кішіпейілділігіміз қабілеттерімізден үстем болу керек. Өйткені “Ехоба жоғары болса да, кішіпейіл жанды байқайды” (Зәб. 138:6).
15. Көптеген бауырластың жағдайы қалай өзгерді?
15 Жағдайымыз өзгергенде. Соңғы бірнеше жылда Ехобаға жылдар бойы қызмет еткен көптеген бауырлас басқа қызметке тағайындалды. Мысалы, 2014 жылы ұйым облыстық бақылаушы деген қызметті тоқтатты, сондықтан сол қызметте жүргендерді басқа қызметке ауысуды сұрады. Сол жылдан бастап жаңа тәртіпке сай, аудандық бақылаушылар 70 жасқа толған соң қызметін тоқтату керек. Ал 80 жасқа толған ер бауырластар ақсақалдар кеңесінің үйлестірушісі бола алмайды. Сонымен қатар соңғы жылдары көптеген бетелдік танапқа ізашар ретінде тағайындалды. Тағы біреулері ауырып қалғандықтан, отбасына көмек керек болғандықтан я басқа да себептермен арнайы толық уақытты қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болды.
16. Көп бауырлас қалай жаңа жағдайға бейімделіп, кішіпейілділік танытты?
16 Мұндай өзгерістер бауырластарға оңай тиген жоқ. Олар бұрынғы қызметтеріне қатты бауыр басып қалғаны айтпаса да түсінікті. Көбісі сол сүйікті қызметтерін талай жыл атқарып жүрген. Кейбірі жаңа қызметтеріне үйренгенше біраз қайғырып жүрді. Алайда уақыт өте олар үйренісіп кетті. Неге? Өйткені олар бәрінен бұрын Ехобаны жақсы көреді. Олар тағайындалуға немесе бір дәрежеге емес, Құдайға бағышталғандарын естерінен шығармайды (Қол. 3:23). Сондықтан олар кішіпейілділікпен кез келген қызметті атқаруға дайын. Ехоба қамдарын ойлағандықтан, “бар уайымдарын оған артады” (Пет. 1-х. 5:6, 7).
17. Құдай Сөзі неліктен кішіпейіл болуға шақырады және сіз неге бұған ризасыз?
17 Кішіпейіл болуға шақыратын Құдай Сөзіне біздің алғысымыз шексіз! Осы бір көркем қасиетті жетілдірсек, бұл өзіміз үшін де, өзгелер үшін де игі. Қиындықтармен күресу де оңайға түседі. Ал ең бастысы, көктегі Әкемізге жақындай түсеміз. Ол “асқақ әрі бәрінен жоғары” болғанына қарамастан, өзінің кішіпейіл қызметшілерін жақсы көріп, бағалайтыны қандай бақыт! (Ишая 57:15).
45-ӘН Жүрек толғанысы
^ 5-абзац Кішіпейілділік — бізге қажет ең маңызды қасиеттердің бірі. Кішіпейілділік деген не? Неге кішіпейіл болуды үйренуіміз қажет? Жағдайымыз өзгергенде неге кішіпейілділік таныту қиын? Бұл мақалада осы маңызды сұрақтардың жауабын аламыз.
^ 7-абзац 1984 жылы 1 қазанда жарық көрген “Күзет мұнарасының” (ағ.) 21—28 беттерін қараңыз. Сондай-ақ 2001 жылы 1 шілдеде шыққан “Ехоба маған соншалықты қайырымдылық жасауда!” деген мақаланы да көрсеңіз болады.
^ 8-абзац 3-тарау, 23-абзацты қараңыз.
^ 53-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Бауырластың үйінде отырған елші Пауыл өзін кіші тұтып, басқалармен араласып жатыр, арасында балалар да бар.
^ 57-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Ер бауырлас жас бауырластан кеңес естіп жатыр.
^ 59-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Егде бауырлас қауымда жауапкершілігі бар жас бауырласқа қызғанышпен қарап жатқан жоқ.