Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Құдай қайғы-қасіретке қалай қарайды?

Құдай қайғы-қасіретке қалай қарайды?

Кейбіреулердің ойынша, қайғы-қасірет көріп жатқанымыз Құдайға бәрібір.

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ АЙТАРЫ...

  • Құдайға бәрібір емес

    “Ехоба адам баласының жер бетінде жасаған зұлымдығы орасан зор екенін көрді... Сонда Ехоба қынжылып, жүрегі ауырды” (Мұсаның 1-жазбасы 6:5, 6).

  • Құдай бар қайғы-қасіретті тоқтатады

    “Көп ұзамай зұлымдар жоқ болады, Тұрған жерлеріне қарайсың, Бірақ оларды еш таппайсың. Ал момындар жерді мұра етеді, Керемет тыныштық орнағанын көріп, шаттыққа кенеледі” (Зәбүр 37:10, 11).

  • Құдайдың сізге қатысты ой-ниеті қандай?

    “Ехоба былай дейді: “Сендерге қатысты ой-ниетім өзіме аян. Сендерге апат жіберуді емес, тыныштық беруді, жарқын болашақ пен үміт сыйлауды ойлап жүрмін. Сендер мені шақырасыңдар, маған келіп, дұға етесіңдер, сонда тыңдайтын боламын” (Еремия 29:11, 12).

    “Құдайға жақындаңдар, сонда ол да сендерге жақындайды” (Жақып 4:8).