Ехобаның достарына еліктейік
“Ехобадан қорқатындар оның досы аталады” (ЗӘБҮР 25:14).
ӘНДЕР: 106, 118
1—3. a) Құдаймен дос бола алатынымызға неліктен сенімдіміз? ә) Бұл мақалада кімдердің мысалын қарастырамыз?
КИЕЛІ КІТАПТА Ыбырайым үш рет Құдайдың досы деп аталған (Шежірелер 2-жазба 20:7; Ишая 41:8; Жақып 2:23). Жазбаларда Құдайдың досы деп тікелей аталған адам — сол ғана. Бұл мұндай мәртебеге тек Ыбырайым ие болды дегенді білдіре ме? Жоқ. Киелі кітаптан бәріміз де Құдаймен дос бола алатынымызды көреміз.
2 Құдай Сөзінде Ехобадан қорқып, оған сенген әрі оның досы болған адал ерлер мен әйелдер туралы оқиғалар жетіп артылады (Зәбүр 25:14 оқыңыз). Олар Пауыл айтып кеткен “бұлт іспетті... көп куәгерлердің” қатарында. Бір-біріне ұқсамаған бұл адамдар Құдайдың досы болған (Еврейлерге 12:1).
3 Қазір Киелі кітапта айтылып кеткен Ехобаның үш досының мысалына үңіліп көрейік. Олар: 1) айнымас сүйіспеншілік танытқан моабтық жесір әйел Рут; 2) Яһуданың адал патшасы Езекия; 3) Исаның анасы болған кішіпейіл Мәриям. Олардың Құдаймен қалай дос болғанынан неге үйрене аламыз?
ОЛ АЙНЫМАС СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТТЫ
4, 5. Рут қандай күрделі шешімнің алдында тұрды және неге бұл оңай шешім болмады? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)
4 Нағима келіндері Рут және Орпамен бірге сонау Моаб жерінен Исраилге бет алып келеді. Жарты жолда Орпа Моабтағы үйіне оралуды ұйғарды. Бірақ Нағима туған елі Исраилге баруға бекінген. Ал Рут не істемек? Ол күрделі шешімнің алдында тұрды: Моабтағы өз отбасына қайтып бара ма, әлде енесі Нағимамен бірге Бетлехемге жол тарта ма? (Рут 1:1—8, 14).
5 Рут Моаб елінде тұратын отбасына қайтып оралса, туған-туыстары жесір қалған келіншекке қамқорлық көрсетуі мүмкін еді. Оның үстіне, туған жері болғандықтан, Рут Моаб халқын және жергілікті тіл мен мәдениетті жақсы білетін. Нағима Бетлехемде де бәрі осылай болатынын Рутқа уәде ете алмады. Сондай-ақ ол Рутқа жақсы жар мен жылы ұя тауып бере алмаспын деп қорықты. Сондықтан Нағима өз ақылын айтып, келінін Моабқа қайтармақ болды. Біз Орпаның “өз еліне, өз құдайларына оралғанын” білеміз (Рут 1:9—15). Бірақ Рут өз елі мен жалған құдайларына оралуды жөн көрмеді.
6. a) Рут қандай дана шешім қабылдады? ә) Неге Бағоз Рутты “Ехобаның қанатының астынан пана іздеген” жан деді?
6 Рут Ехоба туралы күйеуінен немесе енесі Нағимадан білсе керек. Ол Ехобаның Моаб құдайларына мүлдем ұқсамайтынын білді. Ехоба жақсы көруге әрі ғибадат етуге лайық Құдай екенін түсінген Рут дана шешім қабылдады. Ол Нағимаға: “Сіздің халқыңыз менің халқым, сіздің Құдайыңыз менің Құдайым болады”,— деді (Рут 1:16). Руттың Нағимаға деген сүйіспеншілігі жайлы ойланғанда, жүрегіміз тебіреніп кетері анық. Ал оның Ехобаға деген сүйіспеншілігі одан да қатты тебірентеді! Бұған Бағоз да таңғалып, кейінірек Рутты “Ехобаның қанатының астынан пана іздегені” үшін мақтаған (Рут 2:12 оқыңыз). Бағоздың бұл сөздері анасының қанатынан сая іздеген кішкентай балапанды есімізге салатын шығар (Зәбүр 36:7; 91:1—4). Тура солай, Ехоба да Рутты қанатының астына алып, сүйіспеншілікпен қорғап, сенімі үшін жарылқады. Сондықтан қабылдаған шешіміне Руттың ешқашан өкінбегені анық.
7. Өмірін Ехобаға бағыштаудан тартыншақтап жүргендерге не көмектесуі мүмкін?
7 Бүгінде көп адам Ехоба туралы білгенмен, оның қанатының астынан пана іздеуге асықпайды. Олар өмірлерін Құдайға бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтуден тартыншақтайды. Бұл жайт сізге де таныс болса, онда сізді не ұстап тұрғанын ойланып көріңіз. Сайып келгенде, әр адам бір құдайға болмаса, бір құдайға табынады ғой (Ешуа 24:15). Олай болса, неге шынайы Құдайға қызмет етуді таңдамасқа?! Өзіңізді Ехобаға бағыштауыңызбен оның сізге пана бола алатынына сенетініңізді көрсетесіз. Ал Ехоба сізге ешқандай қиындыққа қарамастан, өзіне әрі қарай да қызмет етуіңізге көмектеседі. Руттың жағдайында ол тап солай істеді.
“ОЛ ЕХОБАДАН ЕШ АЖЫРАМАДЫ”
8. Езекияның шыққан ортасы қандай болды?
8 Езекия патшаның шыққан ортасы Руттікінен мүлдем басқаша еді. Ол Құдайға бағышталған халықтың ішінен шықты. Бірақ исраилдіктердің көбісі адалдық танытпады. Езекияның әкесі Патшалар 2-жазба 16:2—4, 10—17; Шежірелер 2-жазба 28:1—3).
Ахаз патша өте зұлым адам болды. Ол Құдайдың ғибадатханасын аяқасты етіп, жұртты жалған құдайларға табынуға үгіттеді. Ахаз тіпті Езекияның бауырларының кейбірін жалған тәңірге құрбандыққа әкеліп, тірідей өртеп жіберді. Иә, Езекияның балалық шағы жантүршігерлік болды! (9, 10. a) Неге Езекия ашынып, Ехобаға ашулануына әбден болар еді? ә) Неге біз Құдайға ашуланбауымыз керек? б) Қандай адам болатынымыз шыққан отбасымызға байланысты деп ойлау неге дұрыс емес?
9 Әкесі Ахаздың жаман үлгісінің кесірінен Езекия ашынып, Ехобаға ашулануына әбден болар еді. Бүгінде тап Езекиянікіндей қиыншылықтарды бастан кешіп жүргендер жоқ шығар. Соның өзінде кейбіреулер қандай да бір қиындықтары үшін “Ехобаға ашулануға” не оның ұйымына наразы болуға келелі себебіміз бар деп есептейді (Нақыл сөздер 19:3). Ал басқа біреулер қиын отбасынан шыққандықтан, “сиырдың басына туған күн бұзауға да туады” деп, нашар өмірден қашып құтыла алмаймыз не ата-анамыздың қателігін міндетті түрде қайталаймыз деп ойлайды (Езекиел 18:2, 3). Бірақ мұндай көзқарас дұрыс па?
10 Езекияның өміріне қарап, бұл сұраққа “Жоқ!” деп жауап беруге болады. Ехобаға ашулануға еш келелі себеп жоқ. Себебі ол ешқашан адамдарға жамандық жасамайды (Әйүп 34:10). Рас, ата-аналар балаларына жақсы жағынан да, жаман жағынан да ықпал етуі мүмкін (Нақыл сөздер 22:6; Қолостықтарға 3:21). Бірақ бұл қандай адам болатынымыз шыққан отбасымызға байланысты дегенді білдірмейді. Неге? Өйткені Ехоба бізге керемет сый — таңдау еркіндігін берген. Осының арқасында жақсы не жаман болуды өзіміз шеше аламыз (Мұсаның 5-жазбасы 30:19). Езекия осы сыйды қалай қолданды?
11. Неге Езекия ең жақсы патшалардың бірі ретінде танылды?
11 Әкесі Яһудадағы ең жаман патшалардың бірі болса да, Езекия ең жақсы патшалардың бірі ретінде танылды (Патшалар 2-жазба 18:5, 6 оқыңыз). Ол әкесінің ізін қумады. Қайта, Ишая, Миха, Ошия сияқты Ехобаның адал пайғамбарларының айтқан ақыл-кеңестері мен түзетулеріне мұқият ден қойып жүрді. Ал бұл оған әкесі жасаған көптеген зұлым істердің түбіне балта шабуға қозғау салды. Мысалы, ол ғибадатхананы тазартты, Құдайдан халықтың күнәларын кешіруді өтінді және бүкіл елдегі пұттардың көзін құртты (Шежірелер 2-жазба 29:1—11, 18—24; 31:1). Кейінірек Ассирия патшасы Сеннахирим Иерусалимге шабуылдамақ болғанда, Езекия батылдықпен және сеніммен әрекет етті. Ол Ехобаның құтқаратынына сеніп, халықтың рухын көтерді (Шежірелер 2-жазба 32:7, 8). Рас, Езекияның бірде көкіректеніп кеткен кезі болды. Бірақ ол Ехобаның түзетуін қабыл алып, кішіпейілділік танытты (Шежірелер 2-жазба 32:24—26). Шынында да, Езекия біз үшін керемет үлгі қалдырды. Ол қиын отбасынан шықтым деп өмірін ойран етпеді. Керісінше, Ехобаның досы екендігін көрсетті.
12. Езекия сияқты бүгінде көп адам өздерінің Ехобаның достары екенін қалай көрсетіп жүр?
12 Бүгінгі бауырмалдықтан жұрдай дүниеде көп балалар ата-аналарының сүйіспеншілігі мен қамқорлығын көрмей өседі (Тімөтеге 2-хат 3:1—5). Осындай отбасынан шыққандар мәсіхшілердің де арасында аз емес. Бірақ олар соған қарамастан, Ехобамен дос болуды шешті. Езекия сияқты, олар да адамның болашақта қандай болатыны өскен отбасына байланысты емес екенін көрсетіп жүр. Құдай бізге таңдау еркіндігін сыйлаған. Сондықтан Езекияға ұқсап, Құдайға қызмет етуді, оны дәріптеуді таңдай аламыз.
“МЕН ЕХОБА ҚҰДАЙДЫҢ ҚҰЛЫМЫН!”
13, 14. Мәриямға берілген тапсырма неге қиын болып көрінсе керек, бірақ Жәбірейіл періштеге ол не деп жауап берді?
13 Езекияның заманынан әлдеқайда бертінгі уақытта өмір сүрген Мәриям есімді кішіпейіл қыз Ехобамен дос болып, одан ерекше тапсырма алды. Ол Құдай Ұлын дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіру керек-тін! Мәриямға осындай мәртебелі тапсырма бергеніне қарағанда, Ехоба бұл қызды қатты жақсы көріп, оған сенім артқан болса керек. Бірақ осы тапсырма жайлы естіген сәтте Мәриям не сезінді екен?
14 Біз Мәриямға керемет мәртебе берілгені жайлы көп айтамыз. Бірақ оны сол кезде нендей жайттар мазалағаны туралы ойлап көрейікші. Мысалы, Жәбірейіл періште оның ер адаммен жақындаспай-ақ жүкті болатынын айтты. Бірақ періште Мәриямның үй іші мен көршілеріне оның қалай жүкті болатынын түсіндірмеді. Олар енді не ойлап қалады? Ал Жүсіп ше? Көзіне шөп салмағанына оны қалай сендірмек? Бұған қоса, оның мойнына Құдай Ұлын бағып-қағу жауапкершілігі жүктеліп Лұқа 1:26—38).
отыр! Әрине, біз Мәриямның сол кездегі бар уайымын білмейміз, бірақ оның Жәбірейіл періштемен сөйлескеннен кейін не істегенін анық білеміз. “Мен Ехоба Құдайдың құлымын! Барлығы сіз айтқандай болсын!”— деді ол (15. Мәриямның сенімін ерекше еткен не?
15 Мәриямның сенімі, шынымен де, ерекше еді! Ол құл сияқты өзіне тапсырылған кез келген нәрсені істеуге дайын болған. Мәриям Ехобаның қамқорлығы мен қорғанышына арқа сүйеген. Оның сенімі ненің арқасында берік болды? Негізі, сенім — туа бітетін қасиет емес. Бірақ оны дамытуға тырыссақ және Ехобадан көмек сұрасақ, бұл қасиетке ие бола аламыз (Ғалаттықтарға 5:22; Ефестіктерге 2:8). Мәриям да сенімін нығайту үшін көп күш салған. Оны қайдан білеміз? Қазір оның өзіне айтылғанды қалай тыңдағанына және не сөйлегеніне назар аударайық.
16. Мәриямның мұқият тыңдай білгенін қайдан білеміз?
16 Мәриям қалай тыңдаған? Киелі кітапта біздің “тыңдауға жүйрік, сөйлеуге... баяу” болуымыз керектігі айтылған (Жақып 1:19). Мәриям тыңдауға жүйрік болған. Жазбалардан көрінетіндей, ол өзіне айтылғандарды, әсіресе Ехоба жайлы жайттарды, мұқият тыңдай білген. Осындай маңызды нәрселер жайлы ой жүгіртуге уақыт бөлген. Мысалы, Иса туылғанда шопандар періштеден естіген хабарды Мәриямға жеткізген еді. Кейінірек Иса 12 жаста болған кезінде анасына таңғалдырарлық сөздер айтты. Осы екі жағдайда да Мәриям өзіне айтылғандарды мұқият тыңдап, көңіліне түйіп алды әрі соларды ой елегінен өткізді (Лұқа 2:16—19, 49, 51 оқыңыз).
17. Айтқан сөздерінен Мәриям жайлы не білеміз?
17 Мәриям не сөйлеген? Киелі кітапта Мәриямның сөздері көп келтіріле бермейді. Оның ең ұзақ сөзі Лұқа 1:46—55 тармақтарда жазылған. Одан Мәриямның Еврей жазбаларын жақсы білгені көрінеді. Оның сөздері Самуилдің анасы Ханнаның айтқан дұғасына ұқсайды (Самуилдің 1-жазбасы 2:1—10). Мәриям Киелі кітап тармақтарын шамамен 20 рет келтірген көрінеді. Иә, ол ең керемет Досы Ехобадан білген шындықтар жайлы айтқанды қатты ұнатқан.
18. Мәриямның сеніміне қалай еліктей аламыз?
18 Мәриям сияқты, кейде бізге де Ехобаның берген тапсырмалары қиын болып көрінуі мүмкін. Сондай кездері Мәриямға еліктеп, берілген тапсырманы кішіпейілділікпен қабыл алайық, әрі Ехобаның көмектесетініне сенімді болайық. Сондай-ақ Ехобаны мұқият тыңдайық, оның өзі және ниеті туралы білгенімізге ой жіберейік. Сонда білгендерімізді басқа адамдарға қуанышпен айта аламыз (Зәбүр 77:11, 12; Лұқа 8:18; Римдіктерге 10:15).
19. Ерекше сенім танытқандарды үлгі тұтсақ, неге ие боламыз?
19 Дау жоқ, Ыбырайым сияқты, Рут та, Езекия да, Мәриям да Ехобаның достары болған. “Бұлт іспетті... көп куәгерлердің” қатарындағы бұл адамдар да Құдаймен дос болу мәртебесін иеленген. Ерекше сенім танытқан осындай абзал жандарды әрі қарай да үлгі тұта берейік (Еврейлерге 6:11, 12). Солай етер болсақ, Ехобаның зор сыйына — онымен мәңгі бақи дос болу мүмкіндігіне — ие боламыз!