“Рух жөнінде ойлау өмір мен татулыққа жеткізеді”
“Рух қалауы бойынша өмір сүретіндер рух жөнінде ойлайды” (РИМДІКТЕРГЕ 8:5).
ӘНДЕР: 57, 52
1, 2. Римдіктерге 8-тарау неліктен әсіресе майланған мәсіхшілерге қатысты?
ИСАНЫҢ өлімін Еске алу кешінде Римдіктерге 8:15—17 тармақтарды оқыған шығарсыз. Бұл тармақтарда майланған мәсіхшілер көкте өмір сүруге үміттенетіндерін қалай білетіні жайлы түсіндіріледі. Римдіктерге 8:1-де майланғандар “Мәсіх Исамен бірлікте тұрғандар” ретінде сипатталған. Бірақ 8-тарау тек қана соларға қатысты ма? Әлде жерде мәңгі өмір сүруге үміттенетіндерге де қатысы бар ма?
2 Бұл хаттың 8-тарауы бірінші кезекте майланғандарға арнап жазылған. “Рухқа ие болған” олар “Құдайдың балалары болуды — денелерінен босатылуды — асыға күтуде” (Римдіктерге 8:23). Олар болашақта көкте Құдайдың балалары болмақ. Ехоба төлемнің негізінде олардың күнәларын кешті әрі рухани балалары ету үшін оларды әділ деп жариялады (Римдіктерге 3:23—26; 4:25; 8:30).
3. Римдіктерге 8-тарау неге жерде өмір сүруге үміттенетіндерге де қатысты дей аламыз?
Римдіктерге 8-тараудың жерде өмір сүруге үміттенетіндерге де қатысы бар, өйткені Құдай оларды да қандай да бір мағынада әділ деп есептейді. Мұны Пауылдың өз хатының бас жағында айтып кеткен сөздерінен көреміз. 4-тарауда ол Ыбырайым жайлы сөз қозғайды. Сенімі зор бұл кісі Ехоба исраилдіктерге Заң бергенге дейін, Иса күнәларымыз үшін құрбан болғаннан көптеген жылдар бұрын өмір сүрген. Сонда да Ехоба Ыбырайымның керемет сенімін көріп, әділ деп тапқан (Римдіктерге 4:20—22 оқыңыз). Сол секілді бүгін де Ехоба жерде мәңгі өмір сүруге үміттенетін сенімі берік мәсіхшілерді әділ деп қарастырады. Сондықтан олар да Римдіктерге 8-тараудағы әділ жандарға берілген кеңестің пайдасын көре алады.
3 Алайда4. Римдіктерге 8:21-ді оқығанда, қандай сұрақ туындайды?
4 Римдіктерге 8:21-де жаңа дүниенің міндетті түрде келетініне кепілдік берілген. Онда “жаратылыстың да күнә мен өлімнің құлдығынан босап, Құдай балаларының салтанатты бостандығына жететіні” уәде етілген. Ал сіз сол жерде боласыз ба? Сол сыйға қол жеткізетініңізге сенімдісіз бе? Римдіктерге 8-тараудан бұл орайда көмек болатын кеңес таба аласыз.
“ТӘН ЖӨНІНДЕ ОЙЛАУ”
5. Римдіктерге 8:4—13 тармақтарда Пауыл қандай жайтқа назар аударған?
5 Римдіктерге 8:4—13 оқыңыз. Сегізінші тарауда Пауыл екі түрлі адамдар жайлы айтқан: “тән қалауы бойынша өмір сүретіндер” мен “рух қалауы бойынша өмір сүретіндер”. Кейбіреулер Пауыл мұнда мәсіхшілер мен мәсіхші емес адамдар жөнінде айтқан деп ойлайды. Бірақ Пауыл бұл хатын “Құдайдың Римдегі барлық сүйіктілеріне, яғни қасиетті болуға шақырылғандарға” жазған (Римдіктерге 1:7). Демек, “тән қалауы бойынша” өмір сүргендер де, “рух қалауы бойынша” өмір сүргендер де мәсіхшілер болған. Олардың айырмашылығы неде еді?
6, 7. а) Киелі кітапта қолданылған “тән” сөзінің кейбір мағынасы қандай? ә) Римдіктерге 8:4—13 тармақтарда Пауыл “тән” сөзін қай мағынада қолданған?
6 Киелі кітапта “тән” сөзі бірнеше мағынада қолданылған. Кейде ол тура мағынадағы тәнді, немесе денені, білдіреді (Римдіктерге 2:28; Қорынттықтарға 1-хат 15:39, 50). Ал кейде туыстық қатынасқа нұсқайды. Мысалы, бауыры Жүсіп жайлы Яһуда: “Оған қол салмай-ақ қояйық... Қанша дегенмен тәніміз бір бауырымыз ғой”,— деген (Мұсаның 1-жазбасы 37:27, сілтеме).
Римдіктерге 8:4—13 тармақтарда Пауыл “тән” сөзін қай мағынада қолданғанын 7-тараудан біле аламыз. Римдіктерге 7:5-те ол: “Тән қалауы бойынша өмір сүрген кезімізде, бойымызда Заң арқылы айқын болған күнәкар құмарлықтар билік етті”,— деген. Мұнда Пауыл “тән қалауы бойынша өмір сүретіндер” деп, күнәкар тәндерінің қалауы мен бейімділігінің айтқанымен жүретін, бар көңілдері соған ауған адамдарға меңзеген. Олардың көбісі өз құмарлықтарының, құштарлығы мен бір мезеттік нәпсісінің жетегінде жүретіндер.
7 Ал8. Неге Пауылға майланған мәсіхшілерді “тән қалауы бойынша” өмір сүрудің қаупі жайлы ескерту керек болды?
8 Неге Пауыл майланған мәсіхшілерді “тән қалауы бойынша” өмір сүрудің қаупі жайлы ескерткен? Сондай-ақ неліктен бүгінгі барлық мәсіхшілер осы ескертуге ден қою керек? Себебі Құдайдың кез келген адал қызметшісі өз қалауын өмірінде басты орынға қоя бастауы мүмкін. Мысалы, Пауыл Римдегі кейбір бауырластардың “өз құлқынының құлдары” болғанын айтқан. Бұнымен ол жыныстық қатынас, ішіп-жеу не басқа да құмарлықтардың олар үшін ең маңызды нәрсеге айналып кеткенін айтқысы келсе керек (Римдіктерге 16:17, 18; Філіпіліктерге 3:18, 19; Яһуда 4, 8, 12). Қорынттағы қауымда орын алған жағдайды еске алсақ, бір ер бауырлас “әкесінің әйелімен” жыныстық азғындық жасап жүрген (Қорынттықтарға 1-хат 5:1). Ендеше, Құдайдың Пауыл арқылы мәсіхшілерді “тән жөнінде ойлаудың” қаупі жайлы неліктен ескерткені түсінікті-ақ (Римдіктерге 8:5, 6).
9. Пауылдың Римдіктерге 8:6-дағы ескертуі нені білдірмейді?
9 Бұл ескерту әлі де өз күшінде. Тіпті Ехобаға жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан мәсіхші бірте-бірте тән жөнінде ойлай бастауы мүмкін. Сонда Пауыл біздің ешқашан да тамақ, жұмыс, демалыс не некедегі романтикалық қатынас жайлы ойламауымыз керектігін айтқан ба? Әрине, жоқ. Бұл өмірде болатын кәдімгі жайттар. Иса да ас-ауқаттың рақатын көріп, басқаларды тамақтандырған. Ол өзінің тынығуы керектігін де түсінген. Пауыл болса некеде жыныстық қатынастың маңызды орын алатынын атап өткен.
10. Римдіктерге 8:5, 6-дағы “ойлау” деген сөз нені білдіреді?
10 Олай болса, “тән жөнінде ойлау” деп Пауыл нені айтқан? Бұл жерде қолданылған грек сөзі “адамның бар ой-санасы мен жүрегін бір нәрсеге арнауын, бар қабілетін соны ойластырып жоспарлауға жұмылдыруын” білдіреді. Тән қалауы бойынша өмір сүретін адамдар өз өмір салттарына күнәкар болмыстарының бағыт беруіне жол береді. Римдіктерге 8:5-тегі осы сөзге қатысты бір зерттеушінің айтуынша, “олардың ойлайтыны, яғни бар қызығатыны да, үнемі айтатыны да, істейтіні де, рақат алатыны да — тәнмен байланысты нәрселер”.
11. Қандай нәрселер біз үшін тым маңызды болып кетуі мүмкін?
11 Римдегі мәсіхшілерге өз-өздерін тексеріп, не жөнінде ойлайтындарына назар аудару керек еді. “Тән қалауы” өмірлерінде басты орынға шығып кеткен жоқ па? Қазіргі таңда біз де осы жайлы ойланғанымыз маңызды. Тімөтеге 1-хат 5:23; Жохан 2:3—11). Бірақ Иса мен Пауылдың “үнемі айтатыны да, істейтіні де, рақат алатыны да” шарап болған ба? Жоқ. Ал біз туралы не деуге болады? Өмірде бірінші кезекте неге ұмтыламыз?
Біз не туралы айтқанды ұнатамыз? Шын мәнінде не істегенді жақсы көреміз? Бәлкім, біреулер өздерінің бар ойы шараптың түр-түрін ішіп көру, үйлерін сәндеу, жаңа киім сатып алу, ақша жинау не демалысты жоспарлау екенін байқайтын шығар. Бұларда тұрған жаман ештеңе жоқ, олар өмірде болатын кәдімгі жайттар. Мысалы, Исаның өзі де бірде шарап жасаған, ал Пауыл Тімөтеге денсаулығы үшін “аздап шарап ішуге” кеңес берген (12, 13. Не жайлы ойлайтынымызға мән беру неге өте маңызды?
12 Өз-өзімізді тексергеніміз неге маңызды? Өйткені Пауыл: “Тән жөнінде ойлау өлімге ұшыратады”,— деген (Римдіктерге 8:6). Оның бұл сөздері нені білдіреді? Егер “тән жөнінде ойлайтын” болсақ, қазір Ехобамен қарым-қатынасымызды жоғалтып рухани өлеміз, ал болашақта тура мағынада өмірімізден айырыламыз. Бірақ бұған жол бермеуге болады. Өйткені адам өзгере алады. Қорынттағы “тән қалауының” жетегінде кетіп, сол үшін қауымнан шығарылған азғын кісіні еске алайықшы. Ол өзгеріп, тән құмарлығына еруді доғарды. Сөйтіп, қайтадан тура жолға түсті (Қорынттықтарға 2-хат 2:6—8).
13 Бұл кісінің мысалы “тән қалауы бойынша” өмір сүрудің ең сорақы үлгісі болды, бірақ тіпті осындай адамның өзі өзгере алды. Демек, Ехобаның талаптарының орнына күнәкар тәнінің құмарлықтарын орындай бастаған мәсіхші де өзгере алады. Пауылдың “тән жөнінде ойлаудың” неге әкеп соғатыны туралы ескертуі бізді өзгертуіміз қажет жағымыз болса, соларды жөндеуге серпін беру керек!
“РУХ ЖӨНІНДЕ ОЙЛАУ”
14, 15. а) Пауыл бізге не жөнінде ойлауға кеңес берген? ә) “Рух жөнінде ойлау” деген нені білдірмейді?
14 “Тән жөнінде ойлаудың” қаупі туралы айтқан соң, Пауыл: “Рух жөнінде ойлау өмір мен татулыққа жеткізеді”,— деді. Өмір мен татулық — неткен керемет сый! Бірақ бұл сыйға қалай қол жеткізе аламыз?
15 “Рух жөнінде ойлау” деген өмірдің шындығынан алыстап кетуді білдірмейді. Ондай адам тек Ехоба мен Киелі кітап жайлы ойлап, сол жайлы ғана айта бермейді. Мысалы, бірінші ғасырдағы Құдайдың қызметшілері жұрт қатарлы өмір сүрген. Олар ішіп-жеген, көбісі отау құрып, отбасының қызығын көрген, күн көру үшін жұмыс істеген (Марқа 6:3; Салоникалықтарға 1-хат 2:9).
16. Пауылдың өмірінде ең басты нәрсе не болды?
16 Алайда Пауыл мен ертедегі басқа да мәсіхшілер осы кәдімгі жайттардың өмірлерінде ең маңызды орынға шығып кетуіне жол бермеді. Біз білетініміздей, Пауыл шатыр тігумен айналысқан. Бірақ ол жұмысты бәрінен жоғары қоймаған. Пауыл үшін өмірдегі басты нәрсе Құдайға қызмет ету болған. Ол өзінің бар назарын уағыздау мен тәлім беруге аударған (Елшілердің істері 18:2—4; 20:20, 21, 34, 35 оқыңыз). Римдегі бауырластар Пауылға еліктеулері керек еді, біз де солай етуіміз қажет (Римдіктерге 15:15, 16).
17. “Рух жөнінде ойлаудың” пайдасы қандай?
17 Егер біз бар назарымызды Ехобаға деген қызметке аударсақ, мұның жемісі қандай болады? Римдіктерге 8:6-да: “Рух жөнінде ойлау өмір мен татулыққа жеткізеді”,— делінген. Рух жөнінде ойлау үшін ой-санамызды Құдай рухының жетелеуіне жол беріп, Ехоба сияқты ойлануды үйренуіміз қажет. Сонда қазірдің өзінде бақытты әрі қанағатқа толы өмір кешеміз, ал болашақта мәңгілік өмірге ие боламыз.
18. Қалайша “рух жөнінде ойлау” бізді татулық пен тыныштыққа жеткізеді?
18 “Рух жөнінде ойлау... татулыққа [тыныштыққа] жеткізеді” деуімен Пауыл не айтқысы келген? Адамдардың бәрі тыныштыққа, әсіресе жантыныштығына ие болғысы келеді. Бірақ оны табатындар кемде-кем. Ал біздің жүрегімізде Ехобаның арқасында тыныштық бар. Жан дүниемізде мұндай тыныштықтың болуына тағы бір себеп — біз үй ішіндегілермен және қауымдағылармен тату болуға тырысамыз. Әрине, пенде болғандықтан, бауырластармен арамызда арагідік түсініспеушіліктер болып тұрады. Мұндай жағдайда Иса бізді: “Онымен татулас”,— деп үйреткен (Матай 5:24). Сол бауырласымыз да біз сияқты “тыныштық сыйлайтын Құдайымыз” Ехобаға қызмет ететінін есте ұстасақ, татуласу оңай болады (Римдіктерге 15:33; 16:20).
19. Біз қандай ерекше татулыққа қол жеткізе аламыз?
19 “Рух жөнінде ойласақ”, баға жетпес тағы бір татулыққа қол жеткіземіз: Құдаймен тату боламыз. Ишая пайғамбар Ехоба жайлы былай деген: “Өзіңе толық арқа сүйейтіндерді сен аман сақтайсың, Олар саған сенім артатындықтан, ұзағынан тыныштық [татулық] сыйлайсың” (Ишая 26:3; Римдіктерге 5:1 оқыңыз).
20. Римдіктерге 8-тараудағы кеңес үшін неліктен ризасыз?
20 Көкте не жерде өмір сүруге үміттенбейік, бәріміз де рухтың қозғауымен жазылған Римдіктерге 8-тараудағы дана кеңестің пайдасын көре аламыз. Киелі кітаптың бізді тән қалауларымыздың айтқанымен жүрмей, назарымызды Ехобаға қызмет етуге аударуға талпындыратынына қаншалықты ризамыз десеңізші! Егер “рух жөнінде ойлайтын” болсақ, тамаша сыйға қол жеткізе аламыз. Пауыл былай деген: “Құдайдың сыйы — Иеміз Мәсіх Иса арқылы берілетін мәңгілік өмір” (Римдіктерге 6:23).