Оқырман сауалдары
Мәсіхші ерлі-зайыптыларға жүктіліктен сақтану үшін жатыр іші құралдарын (ЖІҚ) қолдануға бола ма?
Бұл мәселеде әр мәсіхші жұп ар-ождандары таза болатындай шешім қабылдауы қажет. Бұл үшін олар ЖІҚ-нің (“спираль” деп те аталады) қалай жұмыс жасайтынын және Киелі кітаптың қандай принциптерін қолданатындарын мұқият қарастыруы тиіс.
Ехоба Адам мен Хауаға, ал кейін Нұх пен отбасына: “Өсіп-өніп көбейіңдер, ұрпақтарың жайылсын”,— деп бұйырған (Мұсаның 1-жазбасы 1:28; 9:1). Алайда Киелі кітапта бұл бұйрықты мәсіхшілердің орындауы керектігі айтылмаған. Сондықтан әрбір ерлі-зайыпты отбасы мүшелерін көбейтпеу үшін я болмаса қашан балалы болатындарын өздері таңдау үшін, жүктіліктен сақтайтын шараның қандай да бір түрін қолдана ма, жоқ па, соны шешіп алуы тиіс. Олар қандай жайттарды ескеруі қажет?
Жүктіліктен сақтануға қатысты кез келген шешімін мәсіхшілер Киелі кітап принциптеріне негіздеу керек. Сол себепті олар жүктіліктен сақтану үшін ешқашан түсік жасатпайды. Әйел өз қалауымен түсік жасатса, жүктілік үзіледі. Ал егер жүктілік кезеңі үзілмегенде, уақыт өте келе сәби дүниеге келер еді. Жасанды түсік Киелі кітапта өмірді құрметтеуге қатысты жазылғандарға қайшы келеді (Мұсаның 2-жазбасы 20:13; 21:22, 23; Зәбүр 139:16; Еремия 1:5). Ал ЖІҚ-ні қолдануға қатысты не деуге болады?
Осы мәселе “Күзет мұнарасының” (ағ.) 1979 жыл, 15 мамырындағы санында * (30, 31-беттер) талқыланған болатын. Ол кезде көбінесе жүктіліктің алдын алу үшін жатыр қуысына енгізілетін пластикалық құралдар кеңінен пайдаланылатын. Аталмыш мақалада мұндай ЖІҚ-нің қалай жұмыс жасайтыны толықтай анық еместігі айтылған еді. Көп ғалымдар ЖІҚ сперматозоидтың аналық жұмыртқа жасушаға жетіп, оны ұрықтандыруына жол бермейді деген болатын. Ал егер жұмыртқа жасуша ұрықтанбаса, жаңа өмірге бастама берілмейді.
Алайда кейбір айғақтарға сүйенсек, жұмыртқа жасуша ұрықтанатын кездер де болған. Ұрықтанған жаңа жұмыртқа жасуша жатыр түтігінде дамуы (жатырдан тыс жүктілік) не жатырға өтіп кетуі мүмкін. Ал егер жатырға жетсе, ЖІҚ ұрықтанған жұмыртқа жасушаның жатыр қабырғасына бекінуіне жол бермейді де, жүктілік үзіледі. Бұл түсік жасату сияқты болады. Мақаланың соңында былай деп жазылған болатын: “ЖІҚ-ні қолданудың дұрыс-бұрыстығын ойланып жүрген шыншыл мәсіхші Киелі кітапта өмірдің қасиеттілігін құрметтеуге қатысты жазылғандарды ескере отырып, жоғарыдағы мәліметті мұқият саралап-салмақтағаны жөн” (Зәбүр 36:9).
Бірақ осы мақала шыққан 1979 жылдан бері медицина мен ғылым саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.
Қазіргі кезде ЖІҚ-нің екі түрі қолжетімді. Мыс құрамды түрі ондаған жыл бұрын пайда болып, кеңінен пайдаланылып келеді. Екіншісі болса белгілі бір гормонды шығарады, ол алдыңғысынан біраз жылдар өте сатыла бастады. ЖІҚ-нің осы екі түрі жайлы бізге не мәлім?
Мыс құрамды ЖІҚ. Жоғарыда айтылып кеткендей, ЖІҚ сперматозоидтың жатыр арқылы өтіп, аналық жұмыртқа жасушаға аман жетуіне кедергі жасайды. Бұған қоса, мыс құрамды ЖІҚ-нің ішіндегі мыс сперматозоидты улайды, яғни спермицид рөлін атқарады *. Сондай-ақ ЖІҚ-нің бұл түрі жатырдың қабырғасын өзгертеді.
Гормон бөлетін ЖІҚ. ЖІҚ-нің тағы бір түрінде жүктіліктен сақтайтын дәрілердің құрамында болатын гормонға ұқсас гормон бар. Бұл ЖІҚ бұрын қолданылған ЖІҚ-лер сияқты жұмыс атқарады, бірақ бір айырмашылығы, жатырға бір гормон бөліп шығарады. Нәтижесінде кейбір әйелдерде овуляция кезеңі болмай қалады, *. Бұдан бөлек, бұл құрал жатыр мойнындағы шырышты қабатты қалыңдатады, ал бұл сперматозоидтың қынаптан жатырға өтуіне тосқауыл болады.
яғни аналық безден жұмыртқа жасуша шықпайды. Ал егер жұмыртқа жасуша шықпаса, ол ұрықтана алмайды. Сонымен қатар ЖІҚ-нің бұл түрі жатырдың қабырғасын жұқартадыБайқағанымыздай, ЖІҚ-нің аталмыш екі түрі де жатырдың қабырғасын өзгертеді. Демек, егер әйел ағзасында овуляция кезеңі бәрібір болып, жұмыртқа жасуша ұрықтанса, ол жатырға жетуі мүмкін. Бірақ ол жатырға бекіне алмайды, өйткені жатырдың қабырғасы қабылдағыш болмайды. Осылайша жүктілік ерте сатысында үзіледі. Дегенмен ғалымдардың айтуынша, бұндай жағдай өте сирек орын алады және жүктіліктен сақтайтын дәрілерді қабылдау кезінде де кейде осындай жағдай болуы мүмкін.
Сонымен, ешкім мыс құрамды не гормон бөлетін ЖІҚ-лер жұмыртқа жасушаның ұрықтануына ешқашан жол бермейді деп нақты айта алмайды. Алайда ғылыми зерттеулер ЖІҚ-лер жоғарыда айтылып кеткендей жұмыс жасайтындықтан, яғни жұмыртқа жасушаның ұрықтануына жол бермейтіндіктен, әйелдің жүкті болып қалу жағдайлары өте сирек екенін көрсетті.
ЖІҚ-ні қолданғысы келетін мәсіхші ерлі-зайыпты бұл мәселені дәрігерлерімен талқыласа болады. Дәрігер тұрғылықты жерде ЖІҚ-нің қандай өнімдері бар екенін және оның әйелге деген пайдасы мен қауіпті жағын қатар айтып бере алады. Күйеуі мен әйелі ешкімнен, тіпті дәрігерден, өздері үшін шешім қабылдайды деп күтпеуі де, бұған жол бермеуі де керек (Римдіктерге 14:12; Ғалаттықтарға 6:4, 5). Бұл екеуінің ерлі-зайыпты ретінде қабылдайтын жеке шешімі. Олар Құдайға ұнамды болуды және ар-ождандарының таза болғанын көздеуі керек (Тімөтеге 1-хат 1:18, 19; Тімөтеге 2-хат 1:3 салыстырыңыз).
^ 4-абзац Бұл мақала орыс тілінде 1999 жылғы “Күзет мұнарасының” 15 ақпанындағы санында (30, 31-беттер) жарық көрді.
^ 8-абзац Англияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі былай мәлімдейді: “Құрамында мысы көбірек ЖІҚ-нің тиімділігі 99 пайыздан жоғары. Бұл — бір жылда осы ЖІҚ-ні қолданатын әйелдердің жүзден бірінен де азы жүкті болып қалады деген сөз. Құрамында мысы азырақ ЖІҚ-нің тиімділігі де азырақ болады”.
^ 9-абзац Гормон бөлетін ЖІҚ-лер жатырдың қабырғасын жұқартатындықтан, кейде дәрігерлер оны етеккір кезінде өте көп қан кететін әйелдер мен тұрмысқа шықпаған қыздарға ем ретінде қолданады.