Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Есіңізде ме?

Есіңізде ме?

“Күзет мұнарасының” соңғы сандарын мұқият оқыдыңыз ба? Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

Ехобамен сөйлесіп, оны тыңдап және ол туралы ойланатын болсақ, қандай баталарға кенелеміз?

Біз дұрыс шешімдер қабылдайтын боламыз, жақсы тәлімгер болуды үйренеміз және сеніміміз өсіп, Ехобаға деген сүйіспеншілігіміз тереңдейді (w22.01, 30, 31-б.).

Ехобаға және оның тағайындалған өкілдеріне сенім артып үйренсек, қандай пайдасын көреміз?

Қазір Ехобаның шешімдеріне күмәнданбай, сенім артуды үйренетін уақыт. Біз мұны ақсақалдар берген басшылықтарға мойынсұнып, қабылдаған шешімдерін толықтай қолдау арқылы көрсетеміз. Сонда зор алапатта ақылға қонымсыз, біртүрлі көрінетін нұсқаулар алып жатсақ, оларға мойынсұну қиын болмайды (w22.02, 4—6 б.).

Періштенің әмірші “Зоробабелдің қолындағы тіктеуіш” туралы айтқан сөздері нені білдіреді? (Зәк. 4:8—10)

Бұл аян ғибадатхана қаншалықты қарапайым көрінбесін, ол соңына дейін салынып бітетінін және Ехобаның нормаларына сай болатынын көрсетті (w22.03, 16, 17-б.).

Қалайша біз “сөзімізбен” өзгелерге үлгі бола аламыз? (Тім. 1-х. 4:12)

Біз қызметте ізетпен және ілтипатпен сөйлейміз, қауымда шын жүректен ән айтамыз, жүйелі түрде түсініктеме береміз және әрқашан шындықты айтып, өзгелерді қорлайтын емес, жігерлендіретін сөздер айтамыз (w22.04, 6—9 б.).

Неге Даниял 7-тараудағы 4 аңның (4 патшалықтың) сипаттамалары Аян 13:1, 2-де бір-ақ аңның бойында кездеседі?

Аян 13-тараудағы аң Рим сияқты бір ғана патшалықты білдірмейді. Қайта, адамзатқа үстемдік етіп келе жатқан барлық саяси күштерді бейнелейді (w22.05, 9-б.).

Құдайдың әділдігіне сенім артатынымызды көрсетудің ең негізгі жолы қандай?

Біреу бізді ренжітсе, қорласа не бізге қарсы күнә жасаса, барлығын Ехобаның қолына тапсырып, бойымызда ашу не кек сақтамаймыз. Ехоба кемелсіздіктің кесірінен болған барлық жамандықтың орнын толтырады (w22.06, 10, 11-б.).

Қауымда дұға айтатын ер бауырлас нені ұмытпау керек?

Дұға қауымға кеңес беру үшін не хабарландырулар жасау үшін айтылмайды. Дұға айтатын ер бауырлас әсіресе кездесудің басында “көп сөз” айтудан аулақ болғаны жөн (Мат. 6:7) (w22.07, 24, 25-б.).

Қай мағынада “зұлымдық жасағандар сотталу үшін тіріледі?” (Жох. 5:29)

Олар өлгенге дейінгі өмірлеріне қарай сотталмайды. Олардың болашақтары тірілгеннен кейінгі істері мен көзқарастарына қарай шешіледі (w22.09, 18-б.).

1922 жылдың қыркүйек айында болған конгресте Дж. Ф. Рутерфорд бауырлас делегаттарды қандай маңызды іске үндеді?

Сидар-Пойнтта (Огайо, АҚШ) өткен конгресте ол: “Қараңдар, Патшамыз билік етуде! Ал сендер оның өкілдерісіңдер. Сол себепті Патша мен оның патшалығын жариялаңдар, жариялаңдар, жариялаңдар!”— деді (w22.10, 3—5 б.).

Ишая 30-тарауда айтылғандай, Ехоба қиындықтарға төтеп беруімізге қандай үш жолмен көмектеседі?

Бұл тарауда Ехоба 1) дұғамызды тыңдап, жауап беретіні, 2) бізді бағыттайтыны, 3) қазір және болашақта батасын төгетіні жайлы айтылады (w22.11, 9-б.).

Неге Зәбүр 37:10, 11, 29-дағы сөздер ежелде орындалды және болашақта да орындалады дей аламыз?

Дәуіттің бұл сөздері Исраил еліндегі керемет жағдайға, мысалы Сүлейменнің тұсындағы бейбіт заманға нұсқайды. Иса болса 11-тармақты келтіріп, болашақтағы жұмаққа нұсқаған (Мат. 5:5; Лұқа 23:43) (w22.12, 8—10, 14-б.).