44-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
Ехобаның айнымас сүйіспеншілігін бағалайсыз ба?
“[Ехобаның] айнымас сүйіспеншілігі мәңгі” (ЗӘБ. 136:1).
108-ӘН Құдайдың айнымас сүйіспеншілігі
АҢДАТПА *
1. Ехоба бізді не істеуге шақырады?
АЙНЫМАС сүйіспеншілік — Ехоба үшін өте маңызды қасиет (Ошия 6:6). Ол қызметшілерінің де осы қасиетті бағалағанын қалайды. Ол өз Сөзінде бізді айнымас сүйіспеншіліктен ажырамауға шақырады (Нақ. с. 3:3). Олай етуіміз үшін бұл қандай қасиет екенін жақсы білуіміз керек.
2. Айнымас сүйіспеншіліктің анықтамасы қандай?
2 Сонымен, айнымас сүйіспеншілік деген қандай қасиет? “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасында” бұл тіркес шамамен 230 рет кездеседі. Оның Түсіндірмесінде: “Айнымас сүйіспеншілік борыш, адалдық, қатты бауыр басу сияқты сезімдерден туатын сүйіспеншілікке нұсқайды. Бұл сөз жиі Құдайдың адамдарға деген сүйіспеншілігіне қатысты қолданылады, бірақ адамдар арасында да танытылады”,— делінген. Бұл қасиетті ең керемет танытатын тұлға — Ехоба. Ехоба адамдарға бұл қасиетті қалай танытады? Ал Құдайдың қызметшілері оған қалай еліктейді? Осы мақалада бірінші сұраққа тоқталамыз.
ЕХОБА — АЙНЫМАС СҮЙІСПЕНШІЛІГІ МОЛ ҚҰДАЙ
3. Ехоба Мұса пайғамбарға өзі туралы не деді?
3 Исраил халқы Мысырдан шыққан соң, Ехоба Мұсаға өз есімі мен қасиеттерін айтып, қандай Құдай екенін ашты. “Ехоба, Ехоба — мейірімді де жанашыр, ашулануға асықпайтын, айнымас сүйіспеншілігі мол және әрдайым сөзіне адал Құдай. Ол айнымас сүйіспеншілігін мыңдаған ұрпаққа көрсетеді. Теріс қылықты, қылмыс пен күнәні кешіреді”,— деді ол (Мұс. 2-ж. 34:6, 7). Осы керемет сөздерді айтқанда Ехоба айнымас сүйіспеншілігінің бір тамаша ерекшелігін ашты. Қандай дейсіз ғой?
4, 5. а) Ехоба өзін қалай сипаттаған? ә) Қандай сұрақтарға жауап аламыз?
Нех. 9:17; 13:22; Зәб. 69:13; 86:15; 103:8; 106:45; 115:1; 117:2; 130:7; 145:8; Жоел 2:13; Жүніс 4:2). Ехоба Киелі кітапта көп рет өзін осылай сипаттағанына қарағанда, бұл қасиет ол үшін аса маңызды *. Сондықтан да Дәуіт былай деп жар салған: “Уа, Ехоба, сенің айнымас сүйіспеншілігің көкке дейін... жетеді. Құдайым, айнымас сүйіспеншілігің неткен бағалы еді! Қанатыңның саясынан адамдар пана табады” (Зәб. 36:5, 7). Біз де Дәуітке еліктеп, Ехобаның осы асыл қасиетін бағалаймыз ба?
4 Ехоба өзі жайлы “айнымас сүйіспеншілігім бар” дей салмаған, ол “айнымас сүйіспеншілігім мол” деген. Бұл тіркес Киелі кітапта тағы 12 рет кездеседі, әрі олардың барлығы адамдарға емес, тек Ехобаға қатысты айтылған (5 Айнымас сүйіспеншілікті жақсырақ түсінуіміз үшін мына екі сұрақты қарастырайықшы: Ехоба оны кімдерге танытады? Оның айнымас сүйіспеншілік танытқанының біз үшін қандай игілігі бар?
ЕХОБА КІМДЕРГЕ АЙНЫМАС СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТАДЫ?
6. Ехоба кімдерге айнымас сүйіспеншілік танытады?
6 Киелі кітаптан білетініміздей, сүйіспеншілік жансыз нәрселерге де танытыла береді. Мысалы, “заңға”, “даналыққа” я “осы дүниеге” (Зәб. 119:97; Нақ. с. 29:3; Жох. 1-х. 2:15). Бірақ айнымас сүйіспеншілік тек қана адамдарға танытылады. Ал Ехоба кімге айнымас сүйіспеншілік көрсетеді? Ехоба оны әркімге емес, өзімен ерекше қарым-қатынастағы адамдарға ғана танытады. Ол өз достарына адал. Ехобаның достарына деген сүйіспеншілігі ешқашан суымайды және оларға қатысты керемет ниеті де бар.
7. Ехоба адамзатты сүйетінін қалай көрсетті?
7 Ехоба адамзаттың бәрін сүйеді. Иса бұл жайында Нікөдем деген кісіге былай айтқан: “Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, өзінің жалғыз Ұлын құрбан етті. Енді оған сенген әркім жойылмай, мәңгілік өмірге ие бола алады” (Жох. 3:1, 16; Мат. 5:44, 45).
8, 9. а) Ехоба неліктен қызметшілеріне айнымас сүйіспеншілік көрсетеді? ә) Қазір біз не жайлы қарастырамыз?
8 Алдында айтылғандай, Ехоба айнымас Зәб. 36:10; 103:17; Дан. 9:4). Осы тармақтарға сай, Ехоба қызметшілеріне айнымас сүйіспеншілік танытуының себебі — олар оны біледі, одан қорқады, оны сүйеді және заңдарын орындайды. Ехоба айнымас сүйіспеншілігін өзіне осылай шынайы ғибадат ететіндерге ғана көрсетеді.
сүйіспеншілігін өзімен тығыз қарым-қатынастағы адамдарға, яғни қызметшілеріне танытады. Бұған Дәуіт патша мен Даниял пайғамбардың сөздері айғақ. Дәуіт былай деген: “Өзіңді білетіндерге айнымас сүйіспеншілігіңді... көрсете берші. Ехоба өзінен қорқатындарға Мәңгі бақи айнымас сүйіспеншілік танытады”. Ал Даниял болса былай деген: “Уа, шынайы Құдай Ехоба, сен... өзіңді сүйіп, заңдарыңды орындайтындарға айнымас сүйіспеншілік танытатын Құдайсың!” (9 Ехобаның қызметшісі болмай тұрғанда, біз оның барлық адамзатқа көрсететін сүйіспеншілігін сезіндік (Зәб. 104:14). Ал шындыққа келген соң, оның айнымас сүйіспеншілігіне де бөлене бастадық. Ехоба тіпті: “Менің саған деген айнымас сүйіспеншілігім суымайды”,— деп уәде етеді (Ишая 54:10). Оның қызметшісі Дәуіт “Ехоба өзіне адал адамға ерекше көңіл бөлетініне” көз жеткізген (Зәб. 4:3). Ехобаның бізге осылай ерекше көңіл бөлетіні бізді не істеуге талпындыруы керек? Зәбүр жыршысы: “Ақылы барлар осы жайттарды байқайды, Ехобаның айнымас сүйіспеншілігіне мұқият ден қояды”,— деп жақсы айтып кеткен (Зәб. 107:43). Ехобаның берген осы кеңесін ойда тұтып, қазір біз оның қандай үш жолмен бізге айнымас сүйіспеншілік танытатынын және біз оның игілігін қалай көріп жүргенімізді қарастырып кетейік.
ЕХОБАНЫҢ АЙНЫМАС СҮЙІСПЕНШІЛІГІНІҢ ИГІЛІГІН КӨРУ
10. Құдайдың айнымас сүйіспеншілігі мәңгі екендігінің біз үшін қандай игілігі бар? (Зәбүр 31:7)
10 Құдайдың айнымас сүйіспеншілігі мәңгі. Айнымас сүйіспеншілігінің осы сипаты 136-ншы Зәбүр жырында 26 рет айтылады. Бұл жыр: “Ехобаға алғыс айтыңдар, өйткені ол ізгі, Айнымас сүйіспеншілігі мәңгі”,— деп басталады (Зәб. 136:1). Ал 2-тармақтан дейін “өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі” деген сөздер әр тармақта қайталанып отырады. Бұл жырдан Ехоба қызметшілеріне айнымас сүйіспеншілігін сан түрлі жолмен танытатынын көреміз. Ал “өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі” деген сөздердің көп рет қайталануы Ехобаның өз халқына деген сүйіспеншілігі еш құбылмайтынын көрсетеді. Ол қызметшісіне қатты бауыр басып, өмірдің ащы-тұщысында оны еш тастамайды. Құдайымыздың бізден тез-ақ теріс айналып кетпейтіні неткен жұбаныш! Біз мұның қандай игілігін көреміз? Ехоба қатты бауыр басып, бізді еш тастамайтынын білсек, бізде қиыншылыққа төзетін күш болады, қуанышымызды жоғалтпаймыз және өмір жолынан ауытқымаймыз ( 26-тармаққаЗәбүр 31:7 оқыңыз).
11. Зәбүр 86:5-ке сай, Ехобаны кешірімді болуға не талпындырады?
11 Айнымас сүйіспеншілігі Құдайды кешіруге талпындырады. Ехоба адамның күнәсіна шын өкініп, жаман жолынан қайтқанын көрсе, оны кешіреді. Бұған қозғау болатын — оның айнымас сүйіспеншілігі. Бұл жайында Дәуіт: “Ол... бізді күнәларымызға қарап жазаламайды, Есемізді де заңсыздығымызға сай қайтармайды”,— деген (Зәб. 103:8—11). Күнә жасағанда ар-ұжданы адамды қалай азаптайтынын Дәуіт өз басынан өткерді. Бірақ ол Ехобаның “кешіруге дайын Құдай” екенін де түсінді. Қызметшісін кешіруге Ехобаны не талпындырады? Зәбүр 86:5-те (оқыңыз) жазылғандай, Ехобаға арқа сүйеп, одан кешірім сұрағандардың ешқайсысынан ол “айнымас сүйіспеншілігін аямайды”.
12, 13. Бұрынғы қателіктері үшін әлі де өзін кінәлап жүрген адамға не көмектеседі?
12 Күнә жасағанда өзімізді жаман сезінгеніміз орынды. Соның арқасында біз өкініп, түзелуге тырысамыз. Десе де Құдайдың кейбір қызметшілері өткен қателіктерін ойлай беріп, түңіліп жүрген. “Қанша өкінсем де, Ехоба мені кешіре алмайды” деп жүректері оларды айыптай берген. Сіз де осындай күй кешіп жүрсеңіз, мына шындыққа ден қойыңыз: Ехоба расында да сізге айнымас сүйіспеншілік танытуға асық.
Жох. 1-х. 1:7). Егер қандай да бір ағаттығымыз үшін жанымыз қиналып жүрсе, Ехоба өкінген адамды кешіруге асық екенін есте ұстайық. Дәуіт айнымас сүйіспеншілік пен кешірімділіктің байланысы бар екенін көрсеткен. “Көк жерден қанша жоғары болса, Оның өзінен қорқатындарға деген айнымас сүйіспеншілігі де сонша зор. Шығыс батыстан қанша қашық болса, Ол бізден қылмыстарымызды сонша қашықтатты”,— деп жазды ол (Зәб. 103:11, 12). Расында да, Ехоба “жомарттықпен кешіреді” (Ишая 55:7).
13 Біз мұның қандай игілігін көреміз? Қателіктер жасасақ та, біз Ехобаға таза ар-ұжданмен қуана қызмет ете аламыз. Өйткені “Исаның қаны бізді барлық күнәдан тазартады” (14. Дәуіт Құдайдың айнымас сүйіспеншілігі жайында не деді?
14 Құдайдың айнымас сүйіспеншілігі — бізге рухани қорғаныш. Дәуіт Ехобаға былай деп дұға еткен: “Сен менің жасырынатын панамсың; Әрқашан пәледен сақтайсың. Мені құтқарып, айналамды қуанышты дауысқа толтырасың... Ехобаға арқа сүйейтіндер оның айнымас сүйіспеншілігіне бөленеді [сөзбе-сөз: айнымас сүйіспеншілігі қоршап тұрады]” (Зәбүр 32:7, 10). Ежелде қаланы қоршай тұрғызылған қабырғалар халықты жаудан сақтағандай, Ехобаның көрсететін айнымас сүйіспеншілігі де қызметшісін рухани қауіп-қатерден қорғайды, яғни оны Ехобамен қарым-қатынасын бұзатын кез келген нәрседен сақтайды. Бұған қоса, айнымас сүйіспеншілігінің арқасында Ехоба бізді өзіне жақындатады (Ерм. 31:3).
15. Неге Дәуіт Ехобаның айнымас сүйіспеншілігін қамалға, қорғанға және панаға теңеген?
15 Дәуіт Құдайдың өз халқын қалай қорғайтынын тағы былай сипаттаған: “Ол маған айнымас сүйіспеншілік танытады; Ол — менің қамалым, мықты қорғаным әрі құтқарушым; Ол — менің қалқаным, содан пана табамын”. Сондай-ақ ол: “Сен менің қауіпсіз панамсың, Маған айнымас сүйіспеншілік танытасың”,— деп жазды (Зәб. 59:17; 144:2). Неге Дәуіт Ехобаның айнымас сүйіспеншілігін қамалға, қорғанға және панаға теңеген? Өйткені біз жердің қай бұрышында өмір сүрмейік, Ехобамен бағалы қарым-қатынасымызды сақтауымыз үшін, ол бізді барынша қорғайды. Тек оған қызмет етсек болғаны. Бұған 91-інші Зәбүр жыры тағы бір дәлел. Бұл жырды жазған адам Ехобаға былай деген: “Сен менің панам әрі қорғанымсың” (Зәб. 91:1—3, 9, 14). Осы ойды Мұса пайғамбар да айтқан. Ол өмірінің соңында мынадай әдемі сөздерді жазды: “Құдай ежелден бергі қорғаның, Оның мәңгі қолы сені демейді” (Мұс. 5-ж. 33:27). “Оның мәңгі қолы сені демейді” деген сөздерден Ехоба жайлы не білеміз?
16. Біз қандай екі нәрсеге сенімдіміз? (Зәбүр 136:23)
16 Ехоба қорғанымыз болғандықтан, біз өзімізді қауіпсіз сезінеміз. Сонда да кейде ұнжырғамыз түсіп, еңсемізді көтере алмай қалатын кездер болады. Сол кезде Ехоба не істейді? (Зәбүр 136:23 оқыңыз). Ол жығылған қызметшісін ақырын ғана қолымен демеп тұрғызып, еңсесін тіктеуге көмектеседі (Зәб. 28:9; 94:18). Біз мұның қандай игілігін көреміз? Біз Ехобаға әрқашанда арқа сүйей аламыз, сондықтан біз екі нәрсеге сенімдіміз: 1) жердің қай бұрышында болсақ та, Ехоба — біз үшін қорған; 2) Ехоба бізге өте қамқор.
ЕХОБАНЫҢ АЙНЫМАС СҮЙІСПЕНШІЛІГІ БІЗГЕ ҚАНДАЙ СЕНІМДІЛІК БЕРЕДІ?
17. Ехобаның айнымас сүйіспеншілігінің арқасында біз не нәрсеге сенімдіміз? (Зәбүр 33:18—22)
17 Сонымен, осы мақаладан білгеніміздей, Қор. 2-х. 4:7—9). Еремия пайғамбар былай деген: “Ехобаның айнымас сүйіспеншілігінің арқасында түгел жойылып кетпедік, Оның мейірімі ешқашан сарқылмайды” (Ерм. з. 3:22). Ехобаның бізге деген айнымас сүйіспеншілігі ешқашан суымайтынына кәміл сенсек болады. Өйткені Зәбүр жыршысы айтқандай, “Ехоба өзінен қорқатындарға, Айнымас сүйіспеншілігіне үміт артатындарға назарын тігеді” (Зәбүр 33:18—22 оқыңыз).
басымызға қандай қиындық түспесін, Ехоба бізге мінсіздік сақтап, онымен қарым-қатынасымызды сақтап қалуға көмектеседі (18, 19. а) Қандай ойларды есте ұстауымыз керек? ә) Келесі мақалада не жайлы талқылаймыз?
18 Осы мақаладағы есте ұстау керек ойларды бір шолып өтейік. Ехобаға қызмет етпес бұрын, біз оның барлық адамзатқа танытатын сүйіспеншілігіне кенелдік. Ал оған ғибадат ете бастағалы біз оның айнымас сүйіспеншілігінің де игілігін көріп келеміз. Осы айнымас сүйіспеншілігінің арқасында Ехоба бізді құдіретті қолымен қорғайды, бізді әрдайым өзіне жақын тартады және бізге қатысты ниетін орындайды. Ол достығымыздың мәңгілікке жалғасқанын қалайды! (Зәб. 46:1, 2, 7). Сондықтан қандай қиындыққа ұшырасақ та, Ехоба бізге мінсіздігімізді сақтап, адал болып қалуға күш береді.
19 Сонымен, біз Ехоба өзінің қызметшілеріне қалай айнымас сүйіспеншілік танытатынын білдік. Бұл қасиетті ол бір-бірімізге де танытқанымызды қалайды. Бір-бірімізге айнымас сүйіспеншілік танытудың жолдарын келесі мақаладан білеміз.
136-ӘН Ехоба “қарымтаңды толығымен” қайтарады
^ 5-абзац Айнымас сүйіспеншілік деген қандай қасиет? Ехоба оны кімдерге танытады? Олар үшін айнымас сүйіспеншіліктің қандай игілігі бар? Бұл сұрақтарға осы және келесі мақалада жауап аламыз.
^ 4-абзац Ехоба айнымас сүйіспеншілігін молынан танытатыны басқа да тармақтарда айтылады. Олар: Патшалар 1-жазба 3:6; Шежірелер 2-жазба 1:8; Зәбүр 106:7; Еремияның зары 3:32.
^ 54-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Ехоба бүкіл адамзатқа, соның ішінде қызметшілеріне де сүйіспеншілік танытады. Қалай танытатынының кейбір жолдары дөңгелек суреттерде көрсетілген. Солардың ең маңыздысы — төлем құрбандығы.
^ 62-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: Ехобаның қызметшісі болып, төлемге сенетіндерге ол ерекше көңіл бөледі. Бүкіл адамзатқа танытатын сүйіспеншілігіне қоса, Ехоба қызметшілеріне айнымас сүйіспеншілік танытады. Қалай танытатынының кейбір жолдары дөңгелек суреттерде көрсетілген.