7-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
Қауымдағы басшылық принципі
“Мәсіх — қауымның, яғни дененің, құтқарушысы әрі басы” (ЕФЕС. 5:23).
137-ӘН Ехобаға адал әйелдер
АҢДАТПА *
1. Құдай халқының арасындағы татулық пен бірліктің сыры неде?
БІЗ Ехобаның халқының арасында жүргенімізге қатты қуанамыз. Өйткені онда татулық пен бірлік орнаған. Ондағы татулық пен бірліктің сыры неде? Әрбіріміз Ехоба орнатқан басшылық принципіне аса құрметпен қараймыз. Ынтымақ-бірлігіміз жараса түсу үшін, басшылық принципін жете түсінгеніміз аса маңызды.
2. Бұл мақалада біз қандай сұрақтардың жауабын аламыз?
2 Бұл мақалада біз басшылық принципінің қауымға қатысты тұсын қарастырамыз. Сонымен қатар мына сұрақтардың жауабын аламыз: қауымда әйел бауырластардың рөлі қандай? Олардың басы ер бауырластар ма? Қауымдағы ақсақалдар мен отбасындағы отағалардың билігін бірдей деуге бола ма? Алдымен әйел бауырластарымызға тоқталайық. Оларға деген көзқарасымыз қандай болу керектігін көрейік.
ӘЙЕЛ БАУЫРЛАСТАРҒА ҚАЛАЙ ҚАРАҒАНЫМЫЗ ЖӨН?
3. Әйел бауырластарға деген құрметімізді арттыруға не көмектеседі?
3 Біз ауыр еңбектеніп жүрген әйел бауырластарымызды қатты бағалаймыз. Олар отбасын қамқорлайды, уағыз ісіне белсене атсалысады, қауымды да барынша қолдайды. Қазір Ехобаның, Исаның және Пауылдың әйелдерге қалай қарағанын қарастырайық. Бұны қарастырғанымыз біздің әйел бауырластарға деген құрметімізді арттырады.
4. Ехоба ерлер мен әйелдерді бірдей бағалайтынын Киелі кітап қалай растайды?
4 Ехоба ер адамдарды қалай бағаласа, әйелдерді де Ел. іс. 2:1—4, 15—18). Көкте Мәсіхпен бірге билік етуге де ерлермен қатар әйелдер де таңдалған (Ғал. 3:26—29). Жер бетінде мәңгі өмір сүру үмітін Ехоба ерлерге де, әйелдерге де сыйлаған (Аян 7:9, 10, 13—15). Уағыздау мен тәлім беру ісі де ерлермен қоса, әйелдерге де жүктелген (Мат. 28:19, 20). Елшілердің істері кітабында Прискила есімді әйелдің уағыз ісінде күйеуіне қолдау көрсеткені жайлы жазылған. Ол күйеуі Ақиламен бірге Аполлос есімді өте білімді кісіге шындықты дәлірек түсінуге көмектескен (Ел. іс. 18:24—26).
дәл солай бағалайды. Бұны Киелі кітаптан анық көруге болады. I ғасырда Ехоба ерлерге ғана емес, әйелдерге де киелі рухын дарытқан. Соның арқасында әйелдер де таңғажайып істер атқарып, әртүрлі тілдерде сөйлеген (5. Исаның әйелдерді қадірлегені Лұқа 10:38, 39, 42-ден қалай көрінеді?
5 Иса әйелдерді қадірлеген. Исаның заманында парызшылдар әйелдерді менсінбейтін. Әйелдермен Жазбаларды талқылау былай тұрсын, адамдардың көзінше оларға тіпті сөйлемейтін де. Ал Иса ешқашан олай етпеген. Ол маңызды шындықтарды ерлерге ғана емес, әйелдерге де түсіндірген * (Лұқа 10:38, 39, 42 оқыңыз). Иса уағыздап жүрген кезде әйелдерді тіпті өзімен ертіп жүрген (Лұқа 8:1—3). Өзінің қайта тірілгені жайлы елшілерге хабарлауды да ол әйелдерге тапсырған (Жох. 20:16—18).
6. Пауылдың әйелдерді қадірлеп-құрметтегені неден көрінеді?
6 Елші Пауыл Тімөтеге әйелдерді қадірлеуді үйреткен. Ол Тімөтеге: “Жасы үлкен әйелдерді анаңдай көр, ал қыз-келіншектерге қарындасыңдай... қара”,— деген (Тім. 1-х. 5:1, 2). Пауыл Тімөтенің рухани өсуіне көп үлес қосқан. Бірақ ол Тімөтенің Жазбаларды жақсы білгені ең алдымен анасы мен әжесінің арқасы екенін мойындаған (Тім. 2-х. 1:5; 3:14, 15). Ал римдіктерге жазған хатында Пауыл әйелдердің есімдерін жеке-жеке атап, сәлем жолдаған. Ол әйел бауырластардың қандай еңбек атқарғанын айтып қана қоймай, ризашылық та білдірген (Рим. 16:1—4, 6, 12; Філіп. 4:3).
7. Біз қазір қандай сұрақтарды қарастырамыз?
7 Ехобаның, Исаның және Пауылдың әйелдерді қалай құрметтегенін ескерсек, әйел бауырластарды ер бауырластардан төмен санауға ешқандай негіз жоқ. Мейірімді де жанқияр әйел бауырластарымыздың қауымда ойып алар орны бар. Олар ақсақалдарға қолдау көрсетіп, қауымның ынтымақ-бірлігіне зор үлес қосып жүр. Егер әйел бауырлас ер бауырластан төмен саналмаса, онда неге кейбір жағдайларда әйел бауырластан басын жабу талап етіледі? Ақсақал не қызмет көмекшісі болып тек ер бауырластардың тағайындалғаны олар әйел бауырластардың басы дегенді білдіре ме? Қазір осы сұрақтарға тоқталайық.
ЕР БАУЫРЛАСТАР ӘЙЕЛ БАУЫРЛАСТАРДЫҢ БАСЫ МА?
8. Ефестіктерге 5:23-ті ескерсек, қауымдағы ер бауырластарды әйел бауырластардың басы деуге бола ма? Түсіндіріңіз.
8 Қауымдағы ер бауырластарды әйел бауырластардың басы деуге бола ма? Жоқ. Олардың басы — Мәсіх (Ефестіктерге 5:23 оқыңыз). Ер бауырлас үйленген жағдайда ғана әйелінің басы болады. Шомылдыру рәсімінен өткен ұлы да анасының басы бола алмайды (Ефес. 6:1, 2). Қыз бауырлас есейіп, үйінен кеткенде, әкесі бұдан былай оның басы болмайды. Бірақ ол әкесін әрі қарай да құрметтей береді. Ал қауымға келсек, ақсақалдардың бауырластардың үстінен жүргізетін билігі шектеулі ғана (Сал. 1-х. 5:12; Евр. 13:17). Бірақ салтбасты әйел бауырластар ақсақалдарды құрметтейді. Десе де салтбасты әйел бауырластардың басы — тек Мәсіх.
9. Неге кейбір жағдайларда әйел бауырластардан басын жабу талап етіледі?
9 Ехоба қауымның басы етіп Мәсіхті тағайындаған себебі — ол қауымда тәртіп болғанын қалаған. Ер бауырластарға да қауымда тәлім беріп, жетекшілік етуді дәл осы себеппен тапсырған. Бірақ Ехоба бұндай билікті әйелдерге бермеген (Тім. 1-х. 2:12). Десе де кейбір жағдайларда әйел бауырластарға ер бауырластардың міндеттерін атқаруға тура келіп жатады. Мұндайда Ехоба әйелдерден басын жабуды талап етеді * (Қор. 1-х. 11:4—7). Бұлай талап етуімен Ехоба әйелдердің қадірін түсірейін деген жоқ, ол жай ғана басшылық принципін құрметтеудің жолын көрсеткен. Енді мына сұраққа көшейік: ақсақалдар мен отағалардың билігі бірдей ме?
АҚСАҚАЛДАР МЕН ОТАҒАЛАРҒА ҚАНДАЙ БИЛІК БЕРІЛГЕН?
10. Ақсақалдардың қауымда ережелер орнатып кетуіне не себеп болуы мүмкін?
10 Ақсақалдар қауымның басы Мәсіхті де, оның және Ехобаның сеніп тапсырған қойларын да қатты жақсы көреді (Жох. 21:15—17). Бірақ кейде ақсақалдар қауымды қамқорлаймын деп, өздерін әкедей сезініп жатады. Әкелердің отбасында ережелер орнататыны сияқты, олар да қауымды қорғау үшін ережелер орната бастауы мүмкін. Ал кейде қауымдағы бауырластардың өзі ақсақалдарды әкедей көріп, мәселелерін шешіп беруді өтініп жатады. Бірақ ақсақалдар мен отағалардың билігі бірдей ме?
11. Ақсақалдар мен отағалардың міндеттері қай жағынан ұқсас?
11 Елші Пауылдың сөздерінен отағалар мен ақсақалдар атқаратын міндеттердің ұқсас жақтары бар екенін көруге болады (Тім. 1-х. 3:4, 5). Мысалы, Ехоба отбасы мүшелерінің отағаларға бағынғанын қалайды (Қол. 3:20). Ол қауымдағы бауырластардан да ақсақалдарға мойынсұнуды талап етеді. Отағалар да, ақсақалдар да өз қамқорлығындағы адамдардың рухани және эмоциялық қажеттіліктерін қамдау керек. Отағалар отбасының материалдық жағдайын жасайтыны сияқты, ақсақалдар да мұқтаждық көрген бауырластарға көмек көрсетеді (Жақ. 2:15—17). Сондай-ақ отағалар да, ақсақалдар да өзгелерге Ехобаның заңдарын ұстануды үйретеді, бірақ жазылғандардан аспайды (Қор. 1-х. 4:6).
12, 13. Римдіктерге 7:2-ге сай, отағалар мен ақсақалдардың міндеттері қай жағынан ерекшеленеді?
12 Отағалар мен ақсақалдар атқаратын міндеттердің мүлдем ұқсамайтын жақтары да бар. Мысалы, Ехоба ақсақалдарға төреші іспетті әрекет етуге құзыр берген және күнәсіна өкінбейтіндерді қауымнан шығаруды тапсырған (13 Енді отағаларға келсек, олар отбасына қатысты ережелер орнатып, олардың орындалуын талап ете алады (Римдіктерге 7:2 оқыңыз). Ал ақсақалдарға ондай билік берілмеген. Мысалы, әкесі балаларының үйден нешеде кетіп, нешеде келетініне қатысты ережелер орната алады. Оның сол ережелердің орындалуын талап етіп, орындалмаған жағдайда балаларын жазалауға құқы бар (Ефес. 6:1). Әрине, сүюші отағасы ережелер орнатпас бұрын әйелімен ақылдасып алады, себебі екеуі “біртұтас” * (Мат. 19:6).
ҚАУЫМНЫҢ БАСЫ МӘСІХКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІҢІЗ
14. а) Марқа 10:45-ті ескерсек, Ехобаның Исаны қауымның басы етіп тағайындағаны неге өте орынды болған? ә) Басқарушы кеңестің рөлі қандай? (“ Басқарушы кеңестің рөлі” деген қоршауды қараңыз.)
14 Ехоба өзінің Ұлын төлем ретінде беріп, қауымдағы әрбір адамды сатып алды (Марқа 10:45 оқыңыз; Ел. іс. 20:28; Қор. 1-х. 15:21, 22). Сондықтан Ехобаның қауымның басы етіп дәл Исаны тағайындағаны өте орынды болды. Қауымның басы ретінде Иса әрбір бауырласқа, отбасыларына, бүкіл қауымға қатысты ережелер орнатуға және сол ережелердің орындалуын талап етуге құқылы (Ғал. 6:2). Бірақ ол ережелер орнатып қана қоймайды, ол бізге нәр беріп, аялайды (Ефес. 5:29).
15, 16. Марли мен Бенджаминнің сөздерінен не түйдіңіз?
15 Әйел бауырластар Мәсіхтің өзі тағайындап қойған ер бауырластардың нұсқауларына мойынсұнатын болса, қауымның басы Мәсіхті құрметтейтіндерін көрсетеді. Құрама Штаттарда тұратын Марли есімді әйел бауырластың мына сөздерімен көптеген әйел бауырластар келісетін шығар: “Мен үйде де, қауымда да әйел ретіндегі рөлімді қатты бағалаймын. Ехобаның орнатқан басшылық принципіне құрметпен қарауға көп күш саламын. Бірақ күйеуімнің, қауымдағы ер бауырластардың мені құрметтеп, еңбегімді бағалап жатқанын көргенде, оларға құрметпен қарау маған әлдеқайда жеңіл”.
16 Ер бауырластар әйел бауырластарды құрметтеп-сыйласа, басшылық принципін жете түсінетіндерін көрсетеді. Англияда тұратын Бенджамин деген ер бауырлас былай дейді: “Мен әйел бауырластардан көп нәрсеге үйрендім. Олар қауымда тамаша түсініктемелер береді. Олардан жеке зерттеуге, уағыздау мен тәлім беруге қатысты күшті тәсілдерді біліп алуға болады. Олардың ерен еңбектері бағалауға тұрарлық”.
17. Біз басшылық принципін неге құрметтеуіміз керек?
17 Қауымдағылардың бәрі — ер бауырластар, әйел бауырластар, отағалар, ақсақалдар — басшылық принципін жете түсініп, құрметтейтін болса, қауымда татулық пен ынтымақ орнайды. Ал бәрінен де бұрын, бұл көктегі сүюші Әкеміз Ехобаға мадақ әкеледі! (Зәб. 150:6).
123-ӘН Құдай орнатқан тәртіпке бағынайық
^ 5-абзац Қауымда әйел бауырластардың рөлі қандай? Олардың басы ер бауырластар ма? Ақсақалдар мен отағаларға бірдей билік берілген бе? Бұл мақалада біз Киелі кітаптың көмегімен осы сұрақтардың жауабын аламыз.
^ 5-абзац 2020 жылғы “Күзет мұнарасының” қыркүйектегі санынан “Мәсіхші әйелдерге қолдау көрсетіңіз” деген мақаланың 6-абзацын қараңыз.
^ 9-абзац “ Әйел бауырлас қай кезде басын жабу керек?” деген қоршауды қараңыз.
^ 13-абзац Отбасы қай қауымда қызмет ететінін кім шешетіні жайлы “Ехобаның қауымында өзгелердің орнын бағалаңыз” деген мақаладан біле аласыз (“Күзет мұнарасы”, 2020 жыл, тамыз, 17—19 абзацтар).
^ 56-абзац “Көзінше” деген сөз шомылдыру рәсімінен өткен ер бауырластың әйел бауырластың қасында болуын, я болмаса оны көріп-ести алатындай жақын жерде жүруін білдіреді.
^ 59-абзац Толығырақ мәлімет алу үшін, “Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар” кітабының 209—212 беттерін қараңыз.
^ 65-абзац Басқарушы кеңестің рөлі жайлы толығырақ білу үшін, 2013 жылғы “Күзет мұнарасының” 15 шілдедегі санынан 20—25 беттерді қараңыз.