Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Есіңізде ме?

Есіңізде ме?

“Күзет мұнарасының” соңғы сандарын мұқият оқыдыңыз ба? Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

Майланған мәсіхшілерге қалай қарауымыз керек?

Біз олардың сенімін құрметтейміз, бірақ оларға тым көп назар аудармаймыз. Оларды пір тұтудан аулақ боламыз. Оларға үміттеріне қатысты жеке сұрақтар қоймаймыз (w20.01 29-б.).

Ехоба сізді байқайтынына көзіңізді не жеткізу керек?

Киелі кітапта Ехоба сізді туылмай жатып байқайтыны айтылған. Ол сіздің дұғаларыңызды тыңдайды. Ехоба жүрегіңіз бен ойыңызда не бар екенін біледі және сіздің іс-әрекетіңіз оны қуантады не ренжітеді (Шеж. 1-ж. 28:9; Нақ. с. 27:11). Ехоба сізді өзіне жақындатып тартты (w20.02 12-б.).

Біз қай кезде сөйлеп, қай кезде сөйлемеуіміз керек?

Біз өзгелерге Ехоба жайлы қуана-қуана айтамыз. Біреудің шалыс қадам жасап жатқанын байқағанда, үндемей қалмаймыз. Ақсақалдар қажет кезде кеңес айтады. Тыйым салынған елдегі ісіміздің қалай жүріп жатқанын бүге-шігесіне дейін айтпаймыз. Құпия мәліметтерді жария етпейміз (w20.03 20, 21-б.).

Жоел 2-тараудағы шегірткелер мен Аян 9-тараудағы шегірткелердің айырмашылығы қандай?

Жоел 2:20—29 тармақтарда Құдай шегірткелерді алысқа қуатынын және келтірілген залалдың орнын толтыратынын уәде еткен. Содан кейін Құдай өзінің рухын төгетіні жайлы айтқан. Бұл тармақтардағы сөздер бабылдықтар Исраил халқын басып алған уақытта және кейінірек орындалды. Ал Аян 9:1—11 тармақтарда шегірткелер деп біздің күндеріміздегі майланғандар сипатталған. Олар Құдайдың осы зұлым дүниеге қатысты үкімін жариялайды. Ал осы дүниені қолдайтындар мұны мүлдем жақтырмайды (w20.04 3—6 б.).

Бүгінде солтүстік патшасы кім?

Ресей мен оның одақтастары. Олар Құдай халқына тікелей ықпал етіп, уағыз ісіне тыйым салды және Куәгерлерді жек көретінін көрсетті. Солтүстік патшасы оңтүстік патшасымен бақталасып келеді (w20.05 13-б.).

“Киелі рухтың жемісі” Ғалаттықтарға 5:22, 23-те жазылған тоғыз қасиеттен ғана тұра ма?

Жоқ. Киелі рухтың көмегімен біз табандылық сияқты басқа да жақсы қасиеттерді дамыта аламыз (Тім. 1-х. 6:11) (w20.06 17-б.).

Желіге өзіңіз жайлы мәлімет салудың бір қаупі қандай?

Желіге салған мәліметіңіз сізді кішіпейіл емес, мақтаншақ етіп көрсетуі мүмкін (w20.07 6, 7-б.).

Мәсіхшілер шебер балықшыдан не нәрсеге үйрене алады?

Шебер балықшылар қолайлы уақытта және қолайлы жерде балық аулайды, өз құралдарын дұрыс қолдана біледі және батылдықпен кез келген жағдайда жұмыс істей береді. Біз де қызметте оларға еліктесек болады (w20.09 5-б.).

Зерттеушіге Ехобаны жақсы көре түсуге көмектесудің кейбір жолдары қандай?

Біз зерттеушіні Киелі кітапты күнде оқып, оқығандары жайлы ой жүгіртуге талпындыра аламыз. Сондай-ақ оған дұға етуді үйретсек болады (w20.11 4-б.).

“Мәсіхпен байланыстағылардың бәрі тіріледі” деген кімдерді қамтиды? (Қор. 1-х. 15:22).

Елші Пауыл әрбір адамның қайта тірілетінін айтпаған. Ол бұл сөздерін “қасиетті етілген” майланған мәсіхшілерге қатысты айтқан (Қор. 1-х. 1:2; 15:18) (w20.12 5, 6-б.).

Майланғандар “қас қағым сәтте, соңғы керней тартылып жатқанда” өзгергеннен кейін, яғни қайта тірілгеннен кейін не істейді? (Қор. 1-х. 15:51—53).

Олар Исамен бірге халықтарға темір асатаяқпен билік ететін болады (Аян 2:26, 27) (w20.12 12, 13-б.).