1-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
Сабыр сақтап, Ехобаға сенім артыңыз
2021 ЖЫЛДЫҢ ТАРМАҒЫ: “Сабыр сақтап, маған сенім артсаңдар, күшті боласыңдар” (ИШАЯ 30:15).
3-ӘН Сен бізге күш бердің, үміт бердің
АҢДАТПА *
1. Дәуіт патша сияқты, кейбіреулер не деуі мүмкін?
БӘРІМІЗ ДЕ уайым-қайғысыз, тыныш өмір сүргіміз келеді. Уайым кешу ешкімге де ұнамайды. Бірақ біздің сарыуайымға салынып жататын кездеріміз болады. Сондықтан Дәуіт патша сияқты, Ехобаның кейбір қызметшілері де: “Қашанғы уайымға салынып, Жүрегім күн сайын қан жылай бермек?”— деуі мүмкін (Зәб. 13:2).
2. Бұл мақалада біз не қарастырамыз?
2 Уайымнан толықтай арылу мүмкін болмаса да, ондай сезімдерді жүгендеу үшін көп нәрсе істей аламыз. Бұл мақалада біз алдымен уайымымызға себепші болып жататын кейбір жайттарға назар аударамыз. Кейін қиындықтармен күрескенде сабыр сақтауға көмектесетін алты жайтты қарастырамыз.
БІЗДІ УАЙЫМҒА САЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАР
3. Қандай жайттар бізді уайымға салуы мүмкін және біз оларға қаншалықты әсер ете аламыз?
3 Бізді уайымға салып, тыныштықтан айыратын жайттар көп. Олардың кейбіріне біз еш әсер ете алмаймыз. Мысалы, тамақтың, киім мен баспананың жыл сайын қаншалықты қымбаттайтынын біз қадағалай алмаймыз. Әріптестеріміз бен сыныптастарымыз шыншылдықтан аттауға не жыныстық азғындық жасауға бізді қаншалықты жиі азғыратынына да еш әсер ете алмаймыз. Айналамызда болып жатқан қылмысты тоқтату да біздің қолымыздан келмейді. Бұндай қиындықтарға кезігетін себебіміз — біз өмір сүріп жатқан дүниеде адамдардың басым көпшілігі Киелі кітап принциптерін ұстанбайды. Оның үстіне, дүниені Шайтан билеп отыр және ол біздің Мат. 13:22; Жох. 1-х. 5:19). Сондықтан бұл дүниенің адамды уайымға батыратын қиындықтарға толы болғаны еш таңғалдырмайды!
“осы заманның уайым-қайғысына” батып, Ехобаға қызмет етпей қойғанымызды қалайды (4. Уайымға батып кетсек, не болады?
4 Біздің кейде уайымға батып кететініміз сонша — басқа еш нәрсе жайлы ойлай алмай қалуымыз мүмкін. Мысалы, кейде біз “қажетімізді сатып алуға жететін ақша таба аламын ба?” деп мазасыздануымыз мүмкін. Я болмаса “ауырып қалсам ше, жұмысқа жарамсыз болып, жұмысымнан айырылып қалмаймын ба?” деп те уайым кешуіміз мүмкін. “Құдайдың заңын бұзуға азғырылған кезде адал болып қала аламын ба?” деген ой да тынышымызды ұрлайды. Жақында Шайтанның өз қол астындағы адамдарды Құдай халқына қарсы айдап салатынын білгендіктен, “сол шабуыл кезінде мен қалай әрекет етер екенмін?” деп те уайымдайтын шығармыз. Тіпті “осындай жайттарды уайымдағаным дұрыс па?” деп те уайымдармыз.
5. Исаның “Уайымдауды қойыңдар!” деген сөздері нені білдіреді?
5 Білетініміздей, Иса өзінің ізбасарларына: “Уайымдауды қойыңдар!”— деген (Мат. 6:25). Сонда Иса біздің мүлдем еш нәрсені уайымдамауымыз керектігін айтқан ба? Әрине, жоқ! Есімізде болса, ежелде Ехобаның кейбір адал қызметшілерінің уайымға батқан кездері болған. Бірақ сол үшін олар Ехобаның ықыласынан айырылып қалған жоқ * (Пат. 1-ж. 19:4; Зәб. 6:3). Негізі, Иса “Уайымдауды қойыңдар!” деуімен біздің көңілімізді орнықтырғысы келген. Ол біздің күнделікті өмірге қажетті нәрселерді шектен тыс уайымдап, сол уайымның Құдайға деген қызметімізге кері әсер еткенін қаламаған. Бірақ іштегі уайымды қалай тізгіндеуге болады? Соның кейбір жолдарын қарастырайық. (“ Былай етіп көріңіз” деген қоршауды қараңыз.)
САБЫР САҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН АЛТЫ ҚАДАМ
6. Філіпіліктерге 4:6, 7-ге сай, бізге уайымға салынбай, сабыр сақтауға не көмектеседі?
6 1) Жиі дұға етіңіз. Егер қиындықтар тыныштықтан айырып, уайымға салып жатса, Ехобадан көмек сұрап дұға етіңіз (Пет. 1-х. 5:7). Дұғаңызға жауап ретінде Ехоба сізге “Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығын” сыйлайды (Філіпіліктерге 4:6, 7 оқыңыз). Ехоба өзінің құдіретті киелі рухы арқылы сізге сабыр сақтауға көмектесіп, жүрегіңізде тыныштық орнатады (Ғал. 5:22, сілт.).
7. Құдайға дұға еткенде нені есте ұстауымыз керек?
7 Ехобаға дұға еткенде, іштегі сезімдеріңіздің бәрін ақтарып айтыңыз. Дұғаңыз нақты болсын. Қиындығыңыздың неде екенін, сол қиындықтан қандай күй кешіп жатқаныңызды тәптіштеп айтып беріңіз. Қиындықтың шешімі бар болса, соны тауып, жүзеге асыру үшін даналық пен күш сұраңыз. Ал егер бұл қиындық сіз әсер ете алмайтын қиындық болса, онда Ехобадан шектен тыс уайымға берілмей, сабыр сақтауға көмектесуін өтініңіз. Егер нақты дұға етер болсаңыз, уақыты келгенде Ехобаның жауабын да анық көресіз. Ал егер дұғаңызға бірден жауап алмай жатсаңыз, дұға етуді доғармаңыз. Ехоба сіздің нақты дұға еткеніңізді ғана емес, табандылықпен де дұға еткеніңізді қалайды (Лұқа 11:8—10).
8. Дұға еткенде нені ұмытпауымыз керек?
8 Ехобаға бар уайымыңызды айтып дұға еткенде, ризашылық білдіруді де ұмытпаңыз. Тіпті ең қиын деген жағдайларды бастан кешіп жатқанда да, көріп жатқан баталарымыз жайлы ойланғанымыз дұрыс. Іштегі сезімдеріңізді жеткізуге сөз таппай жатсаңыз, мынаны ұмытпаңыз: Ехоба сіздің жай ғана “Маған көмектесші!” деген дұғаңызға да жауап береді (9. Бойымызды қорқыныш билегенде не істеуіміз керек?
9 2) Өзіңіздің емес, Ехобаның даналығына арқа сүйеңіз. Сонау б. з. б. VIII ғасырда Яһуда халқы ассириялықтардың шабуылынан үрейлері ұшып қорықты. Ассириялықтардың қолына түскісі келмеген олар Мысырдың көмегіне жүгінді (Ишая 30:1, 2). Ехоба олардың қыңырлықпен жасаған бұл әрекеттерінің арты жақсылыққа апармайтынын ескертті (Ишая 30:7, 12, 13). Ол халқына Ишая арқылы нағыз қауіпсіздікті қайдан іздеу керектігін айтты. Ехоба: “Сабыр сақтап, маған сенім артсаңдар, күшті боласыңдар”,— деді (Ишая 30:15ә).
10. Ехобаға сенім артатынымызды қандай жағдайларда көрсете аламыз?
10 Ехобаға сенім артатынымызды қалай көрсете аламыз? Мынадай жағдайларды елестетіп көрейік. Біреу сізге жалақысы жоғары жұмыс ұсынды делік. Бірақ ол сіздің көп уақытыңызды алады және рухани істерді атқаруыңызға кедергі жасайды. Я болмаса жұмыста Ехобаға қызмет етпейтін қарсы жынысты адам сізге сезімін білдіре бастады делік. Немесе мынадай жағдай болса: отбасыңызда біреу “не мені, не Құдайды таңда!” деп кесіп айтады. Осы жағдайлардың бәрінде шешім қабылдау оңай емес. Бірақ әрбір жағдайда Ехоба сізге қажетті нұсқаулар береді (Мат. 6:33; 10:37; Қор. 1-х. 7:39). Ал сіз қалай әрекет етесіз? Ехобаға сенім артып, оның берген нұсқауларына мойынсұнасыз ба?
11. Қуғын-сүргін кезінде сабыр сақтау үшін, Киелі кітаптағы қандай оқиғаларды зерттесек болады?
11 3) Киелі кітаптағы оқиғалардан сабақ алыңыз. Киелі кітапта сабыр сақтап, Ехобаға сенім артудың маңыздылығын көрсететін оқиғалар көп. Сол оқиғаларды зерттеген кезде, аяусыз қуғын көргенде Құдайдың қызметшілеріне сабыр сақтауға не көмектескені жайлы ойланыңыз. Мысалы, яһудилердің Жоғарғы соты уағыздауға тыйым салған кезде, елшілер еш қорыққан жоқ. Қайта, олар батылдықпен: “Билеуші ретінде бірінші кезекте адамға емес, Құдайға мойынсұнуымыз керек”,— деген (Ел. іс. 5:29). Тіпті соққыға жығылғаннан кейін де олар үрейге бой алдырмады. Бұның себебі — елшілер Ехоба оларды қолдайтынын білді. Олар Ехобаның ықыласына ие еді. Соның арқасында олар ізгі хабарды уағыздауды доғармады (Ел. іс. 5:40—42). Шәкірт Степанның да өлер алдында сабырлы болғаны сонша — “оның бет-жүзі періштенікіндей” болып көрінген (Ел. іс. 6:12—15). Бұның себебі неде еді? Степан өзінің Ехобаның ықыласына ие екеніне сенімді болды.
12. Петірдің 1-хаты 3:14 және 4:14-ке сай, неліктен біз қуғын-сүргінге ұшыраған кезде бақытты бола аламыз?
12 Елшілердің Ехобаның ықыласына ие екені бір жайттан анық көрінді. Ехоба оларға кереметтер жасайтын құдірет берді (Ел. іс. 5:12—16; 6:8). Бүгінде бізде ондай құдірет жоқ. Бірақ өз Сөзі арқылы Ехоба әділдік үшін қасірет шеккенімізде бізді ықыласынан айырмай, киелі рухын беретініне сендіреді (Петірдің 1-хаты 3:14; 4:14 оқыңыз). Сондықтан “болашақта қуғын-сүргін кезінде қалай әрекет етемін?” деп ойлай бермеңіз. Қайта, қолыңыздан келгенше, Ехобаның бізді қолдап, құтқаруға құдіреті жететініне сенімділігіңізді арттыра беріңіз. Ертедегі шәкірттер сияқты, біз де Исаның мына бір уәдесіне сенім артуымыз керек: “Мен сендерге даналық беріп, айтатын сөздеріңді ауыздарыңа саламын. Сонда жауларыңның бәрі біріксе де, сендерге қарсы шыға да, дауласа да алмайды”. Сондай-ақ Иса: “Табанды болуларыңмен жандарыңды сақтап қаласыңдар”,— деп уәде еткен (Лұқа 21:12—19). Мынаны ұмытпаңыз: Ехоба өмірден өткен адал қызметшілері жайлы мәліметті бүге-шігесіне дейін жадында сақтап қалады. Кейін соған сүйеніп, оларды өмірге қайта тірілтетін болады.
13. Сабыр сақтап, Ехобаға сенім артпаған адамдардың оқиғаларын зерттеудің қандай пайдасы бар?
13 Біз сабыр сақтап, Ехобаға сенім артпаған адамдардың оқиғаларынан да сабақ ала аламыз. Солар жайлы зерттейтін болсақ, олардың қателіктерін қайталамаймыз. Мысалы, эфиопиялық қалың әскер Яһудаға қарсы аттанғанда, Аса патша Ехобаға сенім артып, жеңіске жеткен еді (Шеж. 2-ж. 14:9—12). Бірақ кейін Исраил патшасы Бағаса шағын ғана әскерімен шабуылдаған кезде, Аса бұрынғыдай Ехобаға жүгінудің орнына, Сириядан әскери көмек сұрап, оған құн төледі (Шеж. 2-ж. 16:1—3). Өмірінің аяғында ауыр дертке шалдыққан кезде де, Аса Ехобаның көмегіне жүгінбеді (Шеж. 2-ж. 16:12).
14. Аса патшаның жасаған қателігінен не үйренеміз?
14 Алғашында қиындыққа кезіккенде Аса патша Ехобадан көмек іздеді. Бірақ кейін ол қиындықтарын Ехобаның көмегімен емес, өз бетінше шешуге тырысты. Бір қарағанда, Асаның Исраилге қарсы тұру үшін Сириядан көмек сұрағаны мәселені шешкендей көрінді. Бірақ оның бұл жетістігі ұзаққа жалғаспады. Ехоба өзінің пайғамбары арқылы оған былай деді: “Сен Құдайың Ехобаға емес, Сирия патшасына арқа сүйегендіктен, Сирия патшасының әскері қолыңа түспей, құтылып кетті” (Шеж. 2-ж. 16:7). Біз де мәселемізді өз бетімізше шешіп, Ехобадан өз Сөзі арқылы басшылық беруін сұрамай жатып әрекет етуден сақ болуымыз қажет. Тіпті шұғыл шешім қабылдау керек болған жағдайда да біз сабыр сақтап, Ехобаға сенім артуымыз керек. Сонда ол бізге дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
15. Киелі кітапты оқыған кезде не істесек болады?
15 4) Киелі кітап тармақтарын жаттаңыз. Киелі кітаптан сабыр сақтап, Ехобаға сенім артуға көмектесетін тармақтарды көргенде, оларды жаттап алуға тырысыңыз. Бұл үшін оларды дауыстап оқыңыз не жазып алып, қайталап жүріңіз. Ехоба Ешуаға даналықпен әрекет ету үшін Заң кітабындағы сөздерді жүйелі түрде күбірлеп оқуды бұйырған. Оқығандары Ешуаға қорқынышқа бой алдырмай, Құдай халқын батылдықпен жетелеп жүруге де көмектеспек еді (Ешуа 1:8, 9). Құдай Сөзіндегі көптеген тармақтар адамды әдетте уайымға салатын не үрейін тудыратын жағдайларда сабыр сақтап, жантыныштығына ие болуға көмектеседі (Зәб. 27:1—3; Нақ. с. 3:25, 26).
16. Бізге сабыр сақтап, өзіне сенім артуға көмектесу үшін Ехоба қауымды қалай қолданады?
16 5) Құдай халқымен араласыңыз. Бізге сабыр сақтап, өзіне сенім артуға көмектесу үшін Ехоба бауырластарымызды қолданады. Қауым кездесулерінде сахнадан айтылатын нұсқаулар, бауырластардың беретін Евр. 10:24, 25). Қауымдағы сенімді достарымызға мазалаған уайымдарымызды айтқанда да бір жігерленіп қаламыз. Досымыздың айтқан “жақсы сөзі” уайымымызды сейілтуге кәдімгідей көмектесуі мүмкін (Нақ. с. 12:25).
түсініктемелері және бауырластармен айтатын сергітерлік әңгімелеріміз бізге көп пайдасын тигізеді (17. Еврейлерге 6:19-ға сай, үмітіміз бізге қиын шақта сабыр сақтауға қалай көмектеседі?
17 6) Үмітіңізді берік сақтаңыз. Біздің үмітіміз “жанымыздың зәкірі іспетті”, ол бізге қиындыққа кезіккенде, санамызды уайым меңдегенде шайқалмауға көмектеседі (Еврейлерге 6:19 оқыңыз). Ехоба уәде еткен болашақ жайлы ой жүгіртіңіз, онда мазаны қашыратын ойлар атымен болмайды (Ишая 65:17). Өзіңізді уайымға салатын қиындықтардан ада, тыныштық орнаған жаңа дүниеде жүргеніңізді елестетіңіз (Миха 4:4). Үмітіңіз жайлы өзгелерге айтсаңыз, өзіңіздің де үмітіңіз берік бола түседі. Уағыздау мен шәкірт дайындау ісіне атсалысуға барыңызды салыңыз. Солай етер болсаңыз, “соңына дейін үмітіңізге нық сенімді боласыз” (Евр. 6:11).
18. Алдағы уақытта не болуы мүмкін және сондай кезде біз не істей аламыз?
18 Осы дүниенің ақыры таяп қалғандықтан, біз тыныштықтан айырып, мазасыз күйге түсіруі мүмкін жағдайларға әлі көп кезігеміз. 2021 жылдың тармағы бізге қиындықтарды өз күшімізбен емес, сабыр сақтап, Ехобаға сенім арту арқылы еңсеруге көмектеседі. Осы жылы Ехобаның мына уәдесіне сенетінімізді ісімізбен көрсете берейік: “Сабыр сақтап, маған сенім артсаңдар, күшті боласыңдар” (Ишая 30:15).
8-ӘН Ехоба — біздің қорғанымыз
^ 5-абзац 2021 жылдың тармағы қазір және болашақта тыныштықтан айыратын жағдайларда Ехобаға сенім артудың қаншалықты маңызды екеніне назар аударады. Бұл мақалада біз жылдық тармақта айтылған сөздерге сай әрекет етудің жолдарын қарастырамыз.
^ 5-абзац Денсаулықпен байланысты кейбір адал бауырластарымыз шектен тыс уайымға не үрейлі уайымға ұшырап жатады. Исаның айтқан сөздерін осындай уайыммен шатастырып алмауымыз керек.
^ 63-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: 1) Қыз бауырлас өзінің уайымдары жайлы күні бойы дұға етіп жүр.
^ 65-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: 2) Жұмыста түскі үзіліс кезінде ол даналық іздеп, Құдай Сөзін оқып отыр.
^ 67-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: 3) Ол Киелі кітаптағы оқиғалар жайлы ой жүгіртіп отыр.
^ 69-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: 4) Ол жаттап алу үшін жігер беретін тармақтарды тоңазытқыштың есігіне жабыстырып жатыр.
^ 71-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: 5) Ол қызметте басқалармен араласудан қуаныш алып жүр.
^ 73-абзац СУРЕТ СИПАТТАМАСЫ: 6) Ол болашақ жайлы ой жүгіртіп, үмітін берік сақтап жүр.