Киелі кітаптағы ескертулерді жүрегімізге ұялатайық
“Солардың бастарынан өткізгендері... замандардың соңында өмір сүріп жатқан біздерге ескерту ретінде жазылып қалдырылды” (ҚОРЫНТТЫҚТАРҒА 1-ХАТ 10:11).
ӘНДЕР: 11, 61
1, 2. Яһудалық төрт патшаның оқиғасын қарастырғанымыздың қандай пайдасы бар?
ЕГЕР әлдекімнің жолда келе жатып, тайып құлағанын көрсеңіз, өзіңіз сол жолмен абайлап жүретін боларсыз. Сол сияқты, басқалар өмір жолында қандай қателер жасағанын білсеңіз, солардың кебін киюден аулақ жүресіз. Расында да, біз өзге адамдардың, соның ішінде Киелі кітаптағы кейіпкерлердің де, ағат істерінен көп нәрсеге үйрене аламыз.
2 Алдыңғы мақалада талқыланған төрт яһудалық патша Ехобаға бар жүрекпен қызмет еткен. Дегенмен олар өмірлерінде үлкен қателіктер жіберген. Олардың оқиғалары бізге тәлім болсын деп Киелі кітапта жаздырылғандықтан, солар жайында ой жүгірткеніміздің пайдасы зор. Осы төрт патшаның бастан өткізген жайттарынан неге үйренуге болады әрі олардың қателіктерін қайталамас үшін не істеуіміз керек? (Римдіктерге 15:4 оқыңыз).
АДАМ БАЛАСЫНА АРҚА СҮЙЕУ ҚАСІРЕТ ШЕКТІРЕДІ
3—5. а) Ехобаға бар жүрегімен қызмет еткенімен, Аса қандай қателік жіберді? ә) Асаның адамдарға арқа сүйеуіне не түрткі болуы мүмкін?
3 Алдымен, Аса патшаның оқиғасын қарастырайық. Бір миллион эфиопиялық сарбаз Яһуда еліне шабуыл жасағанда, ол Ехобаға арқа сүйеді. Алайда Яһудаға Исраил патшасы Бағаса қарсы аттанған кезде, Аса бұлай етпеді. Ол Яһудамен шегаралас жатқан Рамақ қаласын бекіте бастаған Бағасаны тоқтатқысы келді (Шежірелер 2-жазба 16:1—3). Аса өз ақылына сүйеніп, Сирия патшасына пара берді де, оны Бағасаға қарсы аттандырды. Оның қолданған тәсілі сәтті болды ма? Сириялықтардың Исраилге қарсы соғысқа шыққанын естіген бойда, “Бағаса Рамақты бекітуді қойып, ондағы жұмыстарды доғарды” (Шежірелер 2-жазба 16:5). Бір қарағанда, Асаның бұл стратегиясы өрге басқандай көрінер.
4 Алайда бұған Ехоба қалай қарады? Патшаның өз-өзіне сенім артқаны Ехобаға ұнамады. Сондықтан оны жөнге салу үшін Ханани пайғамбарды жіберді (Шежірелер 2-жазба 16:7—9 оқыңыз). Сонда Ханани Асаға барып: “Бұдан былай соғыстан көз ашпайтын боласың”,— деді. Бағаса патшаны тоқтатқанымен, Асаға өмірінің соңына дейін халқымен бірге көптеген соғыстарға аттануға тура келді.
5 Алдыңғы мақаладан білгеніміздей, Ехоба Асаға ықыласын түсірген еді. Құдай оның кемелсіз болғанына қарамастан, өзіне бар жүрегімен қызмет етіп жүргенін көрді (Патшалар 1-жазба 15:14). Десе де Аса бұрыс шешімінің ащы зардабынан құтыла алмады. Оның Ехобаға емес, өзіне және өзге адамдарға сенім артып кетуіне не түрткі болды? Бәлки, ол өзінің соғыс стратегиясы әлдеқайда тиімді болады деп ойлаған шығар. Я болмаса оған біреу осындай ой салып, жаман кеңес берген болар.
Біз барлық жағдайда өз ақылымызға емес, Ехоба Құдайға арқа сүйеуіміз керек
6. Аса патшаның ағаттығынан қандай сабақ алуымызға болады? Мысал келтіріңіз.
6 Аса патшаның оқиғасын қарастырған соң, өз-өзімізді тексерсек болады. Әліміз жетпестей ауыр қиындықтарға кезіккенде, біз Ехобаға сенім артуымыз керек екенін бірден түсінетін шығармыз. Алайда күнделікті өмірімізде кішігірім мәселелерге кезіккенде ше? Қиындықты шешудің тиімді жолын білемін деп өз ақыл-санамызға жүгінеміз бе? Әлде алдымен Киелі кітап принциптерін қарастырып, соларды қолдану арқылы Ехобаға арқа сүйейтінімізді көрсетеміз бе? Мысалы, отбасыңыз қауым кездесулеріне не конгрестерге баруыңызға қарсы делік. Осындай жағдайда қалай дұрыс әрекет етуді білу үшін Ехобадан көмек іздеп, бағыт-бағдар сұрайсыз ба? Немесе ұзақ уақыттан бері екі қолға бір жұмыс табылмай, ақыры бір жерге орналасайын деп жатырсыз. Жұмысқа алмай қоюы мүмкін болса да, жұмыс берушіге апта сайын қатысатын кездесулеріңіз бар екенін айтасыз ба? Қандай жағдайға Зәбүр 37:5).
кезікпейік, зәбүр жыршысының келесі кеңесін қаперде ұстайық: “Жолыңды Ехобаға тапсыр, соған арқа сүйе, сонда ол сенің игілігің үшін әрекет етеді” (ЖАМАН ОРТАНЫҢ ҚАУПІ
7, 8. Жосафат патша қандай қателіктер жасады және бұның нәтижесі қандай болды? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)
7 Енді Аса патшаның ұлы Жосафаттың оқиғасына үңіліп көрейік. Оның бойында Ехобаға ұнамды көп қасиеттер болған. Ехобаға арқа сүйеп жүрген шағында ол көптеген игі істер жасады. Дегенмен оның ағат шешім қабылдаған кездері де болды. Мәселен, ол өз ұлына зұлым патша Ахабтың қызын әперді. Ал кейінірек Михая пайғамбар соғыспау керектігін ескертсе де, Ахабқа қосылып, сириялықтарға қарсы аттанды. Шайқас кезінде сириялық сарбаздар Жосафатқа шабуылдап, оны өлтіре жаздайды (Шежірелер 2-жазба 18:1—32). Содан ол Иерусалимге оралғанда, Иқу пайғамбар оған: “Зұлымдарға көмектесіп, Ехобаны жек көретіндерді жақсы көргенің дұрыс па?”— деп айтады (Шежірелер 2-жазба 19:1—3 оқыңыз).
8 Жосафат басына түскен осы жайттан және Иқу пайғамбардың ескертуінен қандай да бір ой түйіп алды ма? Өкінішке қарай, ол бұлай етпеді. Ехобаны әлі де жақсы көріп, оның көңілінен шыққысы келсе де, Жосафат қайтадан Құдайға ғибадат етпейтін адаммен жора-жолдас болды. Бұл жолы ол Ахабтың ұлы зұлым патша Ахазиямен одақ құрды. Сөйтіп, онымен бірге кемелер жасауға келісті. Бірақ жасаған кемелері апатқа ұшырап, бірде-бір сапарға шыға алмай қалды (Шежірелер 2-жазба 20:35—37).
9. Жаман ортаны таңдағанымыздың салдары қандай болуы мүмкін?
9 Жосафатпен болған оқиға бізге қай Шежірелер 2-жазба 22:9). Әйтсе де Ехобаны жақсы көрмейтін адамдармен араласқанының көп зардабын тартты. Ол тіпті өмірінен айырылып қала жаздады. Есімізде болса, Киелі кітапта бір шындық жазылған: “Данамен жүрген дана болар, ақылсызбен араласқан жапа шегер” (Нақыл сөздер 13:20). Әрине, біз шындыққа қызығушылық танытқандарға көмектескіміз келеді. Бірақ Ехобаға қызмет етпейтін адамдармен тым жақын аралассақ, сау басымызға сақина тілеп аламыз.
жағынан ескерту болып табылады? Ол дұрыс нәрсені істеп, “Ехобаны бар жүрегімен іздеген” (Сіз Ехобаның сүйіспеншілікке әрі достыққа деген қажеттілігіңіздің орнын толтыратынына сенесіз бе?
10. а) Неке құруға келгенде, Жосафаттың оқиғасынан неге үйренуге болады? ә) Біз нені есте ұстауымыз керек?
10 Ал егер мәсіхші неке құрғысы келсе, Жосафаттың мысалынан не үйренуіне болады? Бәлкім, ол Құдай халқының арасынан өз теңімді таба алмаймын деп ойлап, Ехобаны жақсы көрмейтін адамға ғашықтық сезім оята бастайтын шығар. Яки туысқандары “қашанғы жүре бересің” деп тұрмысқа шығуға не үйленуге итермелеп жатқан болар. Ехобаның адамдарды өзгені сүю әрі өзгенің сүйіктісі болу қажеттілігімен жаратқаны рас. Алайда мәсіхші отау тігуге лайықты жан таппаса, не істеуі керек? Мұндайда Жосафатпен болған оқиға жайлы ой жүгірткеніміз көмек болады. Әдетте ол Ехобадан бағыт-бағдар сұрайтын (Шежірелер 2-жазба 18:4—6). Бірақ Ехобаны жақсы көрмеген Ахабпен дос болғаннан кейін, Құдайдың ескертулеріне немкетті қарап кетті. Жосафат “Ехобаның өзіне бар жүрегімен берілгендерді қолдау үшін, бүкіл жер бетін мұқият бақылап отырғанын” есте ұстауға тиіс еді (Шежірелер 2-жазба 16:9). Біз де Ехобаның көмектескісі келетінін ұмытпауымыз керек. Ол жағдайымызды түсінеді, әрі бізді жақсы көреді. Сіз Ехобаның сүйіспеншілікке әрі достыққа деген қажеттілігіңіздің орнын толтыратынына сенесіз бе? Оның солай ететініне сенімді болыңыз!
ЖҮРЕГІМІЗ ТӘКАППАРЛАНЫП КЕТПЕСІН
11, 12. а) Езекия патшаның жүрек түкпірінде не бар екені қалай аян болды? ә) Ехоба оны неге кешірді?
11 Езекия патшаның оқиғасынан алатын тәлім жүрегіміздің күйімен байланысты. Бірде Ехоба Езекияға жүрек түкпірінде не бар екенін көруге көмектесті (Шежірелер 2-жазба 32:31 оқыңыз). Езекия қатты науқастанып қалғанда, Ехоба оның сауығып кететінін айтты және көңіліне сенімділік ұялату үшін белгі берді. Ол баспалдаққа түсіп тұрған көлеңкені он басқышқа кері жылжытты. Кейінірек, осы белгі жайлы көбірек білгісі келсе керек, Бабыл бекзадалары Езекияға өкілдерін жіберді (Патшалар 2-жазба 20:8—13; Шежірелер 2-жазба 32:24). Алайда Ехоба Езекия патшаға әлгі кісілер келгенде, не істеуі керектігін айтпады. Киелі кітапта жазылғандай, ол Езекияның қалай әрекет ететінін көру үшін “оны жалғыз қалдырды”. Патша болса Бабылдан келген кісілерге өзінің бар қазынасын көрсетті. Бұдан “Езекияның жүрек түкпірінде не бар” екені аян болды. Қалай?
12 Өкінішке қарай, Езекия патша тәкаппарланып кетті. Киелі кітапта оның көзқарасы неліктен өзгергені жайлы ештеңе айтылмаған. Бәлкім, бұған оның ассириялықтарды жеңгені, я болмаса Ехобаның керемет түрде сауықтырғаны себеп болған шығар. Немесе “мол байлық пен атақ-даңққа ие болғаны” түрткі салған болар. Себебі қандай болмасын, менмендігінің кесірінен Езекия “өзіне жасалған жақсылықты ризашылықпен қабылдамады”. Бастапқыда ол Ехобаға бар жүрегімен қызмет етсе де, біршама уақытқа кеуде көтеріп, Ехобаның ықыласынан айырылды. Алайда кейінірек Езекия “кішіпейілділік танытып”, Құдайдың кешіріміне ие болды (Шежірелер 2-жазба 32:25—27; Зәбүр 138:6).
Мақтау сөз естігенде өзімізді қалай ұстайтынымыздан жүрегімізде не бар екені көрінеді
13, 14. а) Жүрегімізді тексеру үшін Ехоба бізді қай кезде “жалғыз қалдыруы” мүмкін? ә) Мақтау сөз естігенде, өзімізді қалай ұстауымыз керек?
13 Езекия патшаның оқиғасы жайлы оқып, ой жүгірткеніміздің қандай пайдасы бар? Есімізде болса, Езекия патша Ехобаның көмегімен ассириялықтарды жеңіп, ауыр науқасынан сауыққан соң көп ұзамай-ақ өркөкіректеніп кеткен еді. Егер біз де бір нәрсеге қол жеткізіп, өзгелердің қошеметіне ие болсақ, өзімізді қалай ұстаймыз? Бәлкім, осындай кезде жүрегімізде не бар екенін аян ету үшін Ехоба бізді “жалғыз қалдыратын” шығар. Мысалы, ер бауырлас көп тер төгіп, көпшіліктің алдында жақсы баяндама айтты делік. Бұл үшін бауырластар оны мақтап, қошеметтеріне бөлейді. Сонда ол не істейді?
14 Мұндай кезде Исаның келесі сөздерін жадымызда ұстауымыз керек: “Өздеріңе тапсырылған істің бәрін атқарған соң: — Біз небәрі түкке тұрғысыз құлмыз, істеуге тиістіні ғана істедік,— деңдер” (Лұқа 17:10). Езекия тәкаппарланып кеткенде, Ехобаның “өзіне жасаған жақсылығын ризашылықпен қабылдамады”. Өзімізге келсек, басқалар тапсырмамыз не баяндамамыз үшін мақтайтын болса, кішіпейіл болып қалуымызға не көмектеседі? Мұндайда Ехобаның бізге қаншама игілік жасағаны жайында ой жүгірткеніміз жақсы. Сондай-ақ өзгелерге оның бізге қалай көмектескенін айтсақ болады. Сайып келгенде, тапсырмамызды жақсы орындай алғанымыз Ехоба берген Киелі кітап пен киелі рухтың арқасында ғой!
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАҒАНДА АСЫҒЫСТЫҚ ЖАСАМАЙЫҚ
15, 16. Жосияның өмірінен айырылуына не себеп болды?
15 Ал енді Жосия патшаның оқиғасы мәсіхшілерге қандай ескерту болатынын көрейік. Ол жақсы патша болғанмен, өлімге апарған қателік жасады (Шежірелер 2-жазба 35:20—22 оқыңыз). Еш келелі себеп болмаса да, ол Мысыр патшасы Нехоға қарсы аттанды. Нехо болса онымен соғысқысы келмейтінін айтты, әрі оның айтқаны, Киелі кітапта жазылғандай, “Құдайдың сөзі” болатын. Бірақ Жосия бәрібір соғысқа шығып, ақырында қаза болды. Ендеше ол неге бұлай етті? Киелі кітапта бұл туралы ештеңе айтылмаған.
16 Жосия патша Нехоның сөздері расында да Ехобадан болған-болмағанына көз жеткізіп алуы керек еді. Қалай? Ол Ехобаның тағайындаған пайғамбары Еремиядан сұрауына болар еді (Шежірелер 2-жазба 35:23, 25). Сондай-ақ ол кей жайттарды ескеруі керек-тін. Мысалы, Нехо патша Иерусалимге қарсы емес, басқа халықпен шайқасу үшін Кархемиске аттанған болатын. Бұған қоса, ол Ехобаға да, оның халқына да тіл тигізген жоқ. Алайда Жосия шешім қабылдағанда, осы нәрселерді есепке алмады. Бұдан жасайтын түйініміз: қандай да бір мәселе туындап, шешім қабылдау керек болғанда, ең алдымен Ехобаның еркін біліп алуымыз қажет.
17. Қиындықтарға тап болғанда, Жосияның қателігін қайталаудан қалай аулақ бола аламыз?
17 Қиындықтарға кезіккенімізде, әуелі Киелі кітаптың қай принциптерін қолданғанымыз тиімді болатынын ойлануымыз керек. Кейбір жағдайларда қосымша зерттеу жүргізу немесе ақсақалдармен ақылдасу қажет болатын шығар. Олар бізге Киелі кітаптың өзге де принциптерін ескеруге көмектесуі мүмкін. Келесі жағдайды мысалға алып көрейік: бір әйел бауырласымыздың күйеуі Куәгер емес. Бауырласымыз мәсіхшілерге ізгі хабарды жариялау жауапкершілігі жүктелгенін түсінеді (Елшілердің істері 4:20). Ол бір күні уағызға шығуды жоспарлағанда, күйеуі оның қызметке барғанын қаламайды. Ол соңғы кездері бірге уақыт өткізбей жүргендерін айтып, бір жаққа баруды ұсынады. Сонда әйел бауырлас дана шешім қабылдауға көмектесетін жазба орындарын қарастырады. Бір жағынан, ол Құдайға мойынсұнуға тиіс екенін және шәкірттер дайындауға қатысты Исаның бұйрығын орындау керектігін біледі (Матай 28:19, 20; Елшілердің істері 5:29). Ал екінші жағынан, әйелдер күйеулеріне бағыну керектігін, сондай-ақ Құдайдың қызметшілері есті болуы қажет екенін түсінеді (Ефестіктерге 5:22—24; Філіпіліктерге 4:5). Бұл жағдайда күйеуі оның уағыз ісіне қатысуына мүлдем қарсы ма, әлде сол күні ғана онымен уақыт өткізгісі келе ме? Құдайдың қызметшілері ретінде біз парасатты шешімдер қабылдап, оның мақұлдауына ие болғымыз келеді.
БАР ЖҮРЕКПЕН ҚЫЗМЕТ ЕТЕ БЕРУДЕН ҚУАНЫШ ТАБАЙЫҚ
18. Яһуданың төрт патшасының оқиғаларын қарастырғанымыздың қандай пайдасы бар?
18 Яһуданың осы төрт патшасы жасаған қателіктерді біз де кейде жасап қоятын шығармыз. Біз 1) өз ақылымызға жүгініп кетуіміз, 2) жаман орта таңдауымыз, 3) тәкаппар болып кетуіміз не 4) Құдайдың еркін біліп алмастан шешім қабылдауымыз мүмкін. Сөйткенмен де Ехобаның рақымына ешқашан ие бола алмаймыз деп ойлауға себеп жоқ. Аталмыш төрт патшаның жақсы жақтарын көргендей, Ехоба біздің де жақсы тұстарымызды байқайды. Сонымен қатар оны қаншалықты сүйетінімізді және оған барынша қызмет еткіміз келетінін де көреді. Сондықтан өмірімізде үлкен қателіктер жасамауымыз үшін, ол Киелі кітапқа ескерту болатын оқиғаларды жаздырды. Олай болса, сол үзінділерді оқып, ой қозғап, Ехобаға сол үшін ризашылық білдірейік!