Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Бір-бірімізді “бұрынғыдан да көбірек” жігерлендірейік!

Бір-бірімізді “бұрынғыдан да көбірек” жігерлендірейік!

“Бір-бірімізге көңіл бөлейік... Бір-бірімізді жігерлендіре берейік. Сол күннің жақын қалғанын білгендіктен, бұларды бұрынғыдан да көбірек істейік” (ЕВРЕЙЛЕРГЕ 10:24, 25).

ӘНДЕР: 121, 119

1. Неге Пауыл еврей мәсіхшілерді бір-бірін “бұрынғыдан да көбірек” жігерлендіруге талпындырған?

БІРІНШІ ҒАСЫРДА елші Пауыл еврей мәсіхшілерге былай деп кеңес берген: “Сүйіспеншілікке және игі істерге талпындыру үшін, бір-бірімізге көңіл бөлейік. Кейбіреулер сияқты жиналыстарға бармай қалуды әдетке айналдырмайық, қайта, бір-бірімізді жігерлендіре берейік. Сол күннің жақын қалғанын білгендіктен, бұларды бұрынғыдан да көбірек істейік” (Еврейлерге 10:24, 25). Бәлкім, бауырластар Пауылдың неге “бір-біріңді бұрынғыдан да көбірек жігерлендіріңдер” дегенін түсінбеген шығар. Бес жылға жуық уақыттан кейін мұның бір себебі анық болды. Бауырластар Ехобаның Иерусалимді соттайтын күні жақын екенін көрді. Олар Исаның айтып кеткен басшылығы бойынша қаладан шығып, қашулары керектігін түсінді (Лұқа 21:20—22; Елшілердің істері 2:19, 20). 70 жылы Ехобаның күні келді. Сол жылы римдіктер Иерусалимді жермен-жексен етті.

2. Бүгінде біз бауырластарды жігерлендіру жайлы неге бұрынғыдан да көбірек ойлауымыз керек?

2 Бүгінде біз де тура сондай жағдайдамыз. Ехобаның “ұлы да ғаламат” күні жақындап келеді (Жоел 2:11). Софония пайғамбардың келесі сөздері біздің күнімізге де қатысты айтылған: “Ехобаның ұлы күні жақын! Ол күн жақын, тез жақындап келеді!” (Софония 1:14). Сол себептен де біз “сүйіспеншілікке және игі істерге талпындыру үшін, бір-бірімізге көңіл бөлуіміз” керек (Еврейлерге 10:24). Бауырластарға бұрынғыдан да көбірек көңіл бөлуді үйренуіміз қажет, сонда оларға мұқтаж кездерінде жігер бере аламыз.

КІМДЕР ЖІГЕРГЕ МҰҚТАЖ?

3. Елші Пауыл жігерлендіру туралы не айтқан? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)

3 “Сарыуайым жүректі күйзелтеді, жақсы сөз оны шаттыққа толтырады” (Нақыл сөздер 12:25). Ара-тұра бәріміз де жігерге мұқтаж боламыз. Пауылдың сөздерінен анық көрінетіндей, өзгелерді жігерлендіруге жауапты бауырластардың өзіне де жігер керек. Пауыл Римдегі бауырластарға былай деп жазған: “Сендерді көруге құштармын: рухани сыймен бөлісіп, өздеріңді нығайтсам, дәлірек айтқанда, бір-біріміздің сенімімізді көріп, өзара жігерленсек екен деймін” (Римдіктерге 1:11, 12). Көргеніміздей, тіпті Пауылдың өзі кей кездері жігерді қажет еткен (Римдіктерге 15:30—32 оқыңыз).

4, 5. Бүгінде кімдер жігерге мұқтаж және неге?

4 Қазіргі таңда біз Ехобаға толық уақыт қызмет ететін бауырластарды, мысалы қызметтерін адал атқарып жүрген ізашарларды, жігерлендіре аламыз. Олардың көбісі ізашар болу үшін өздеріне ұнайтын нәрселерден бас тартқан. Миссионерлер, аудандық бақылаушылар мен олардың әйелдері, сондай-ақ филиалдарда не қашықтағы аударма кеңселерінде қызмет ететін бауырластар да солай еткен. Олардың бәрі Ехобаға көбірек уақыт қызмет ету үшін құрбандықтарға баруда. Сондықтан олар біздің жігерлендіруімізге әбден лайық. Бұдан бөлек, толық уақытты қызметтерін әрі қарай да атқарғысы келетін, бірақ енді атқара алмайтын бауырластар да аз емес. Оларды да жігерлендірсек, бір марқайып қалады.

5 Біздің жігерлендіруімізге тағы кімдер лайық? “Тек Иеміздің ізбасарына шығу керек” деген Құдайдың талабына мойынсұнуды қалап, салтбасты болып жүрген көптеген ер-қыз бауырластарды жігерлендіре аламыз (Қорынттықтарға 1-хат 7:39). Егер күйеулер әйелдеріне жақсы көретіндерін айтып, жасаған барлық істері үшін ризашылық білдірсе, әйелдері жігерленіп қалады (Нақыл сөздер 31:28, 31). Қуғын-сүргінге не дертке табандылықпен төзіп жүрген бауырластарымыз да күш-жігерге мұқтаж (Салоникалықтарға 2-хат 1:3—5). Ехоба мен Иса осы адал жандардың бәрін жұбатады (Салоникалықтарға 2-хат 2:16, 17 оқыңыз).

АҚСАҚАЛДАР БІЗДІ ЖІГЕРЛЕНДІРЕ АЛАДЫ

6. Ишая 32:1, 2-ден ақсақалдардың қызметі жайлы не білеміз?

6 Ишая 32:1, 2 оқыңыз. Біз қиын уақытта өмір сүріп жатқандықтан, мұң мен күйзеліске бой алдыруымыз оп-оңай. Иса Мәсіх “әміршілер”, яғни майланған бауырластардың және басқа қойлардың арасындағы ақсақалдар арқылы бізді жігерлендіреді. Қауымдағы бұл ақсақалдар “сенімімізге үстемдік етпейді”, қайта, қуанышты болуымыз үшін бізбен “қызметтеседі”. Олар бізге бақытты болуға және адал болып қалуға көмектескілері келеді (Қорынттықтарға 2-хат 1:24).

7, 8. Ақсақалдар өзгелерді сөздерімен және істерімен қалай жігерлендіре алады?

7 Ақсақалдар Пауылдан үлгі алса болады. Ол бауырластарын үнемі жігерлендіруге тырысқан. Салоникадағы қуғынға ұшыраған мәсіхшілерге ол былай деп жазған: “Өздеріңе аяулы сезіміміз болғандықтан, Құдайдың ізгі хабарын жеткізіп қана қоймай, жанымызды беруге дайын болдық, өйткені өздеріңді жақсы көріп кеттік” (Салоникалықтарға 1-хат 2:8).

8 Ақсақалдар өздерінің сөздерімен керемет жігерлендіре алады. Бірақ бұл кейде жеткілікті бола бермейді. Пауыл Ефестегі ақсақалдарға былай деген: “Әлсіздерге жәрдем беру керектігін және Иеміз Исаның “алғаннан гөрі берген бақытты” деген сөздерін ұмытпау қажет” (Елшілердің істері 20:35). Пауыл бауырластар үшін “барын қуана беріп, өзін де еш аямаған”. Олар үшін бар жақсысын аямайтынын ісімен көрсеткен (Қорынттықтарға 2-хат 12:15). Тура сол сияқты, ақсақалдар да өзгелерге сөздерімен ғана емес, істерімен де жігер мен жұбаныш берулері керек. Осылай олар шынымен қамымызды ойлайтындарын көрсетеді (Қорынттықтарға 1-хат 14:3).

9. Ақсақалдар қалай жігерлендіретіндей етіп кеңес бере алады?

9 Ақсақалдарға кейде бауырластарды нығайту үшін кеңес беру қажет болып жатады. Олар кеңесті қалай жігерлендіретіндей етіп беруге болатынын Киелі кітаптан біле алады. Иса өліп, қайта тірілгеннен кейін Кіші Азиядағы қауымдарға хабар жіберген кезде, кеңес беруге қатысты тамаша үлгі көрсетті. Ол Ефестегі, Пергам мен Тиатирадағы қауымдарға бірнеше қатаң кеңес бергісі келді. Бірақ ол алдымен оларды жасап жүрген бар игі істері үшін мақтап алды (Аян 2:1—5, 12, 13, 18, 19). Иса Лаудикидегі қауымға былай деген: “Кімді жақсы көрсем, соны әшкерелеп, жөнге саламын. Сол себепті ынталы бол және өкін” (Аян 3:19). Ақсақалдарымыз кеңес бергенде, Исаға еліктеуге тырысады.

ӨЗГЕЛЕРДІ ЖІГЕРЛЕНДІРУ АҚСАҚАЛДАРДЫҢ ҒАНА МІНДЕТІ ЕМЕС

Ата-аналар, балаларыңызға өзгелерді жігерлендіруді үйретіп жүрсіз бе? (10-абзацты қараңыз)

10. Бәріміз де бір-бірімізді қалай нығайта аламыз?

10 Өзгелерді жігерлендіру ақсақалдардың ғана міндеті емес. Елші Пауыл барлық мәсіхшілерді “жақсы сөздер” айтуға талпындырған. Бұл сөздер өзгелерді “қажет кезінде нығайтып, пайдаларына аспақ” еді (Ефестіктерге 4:29). Басқаларға қол ұшын бере алу үшін, олардың не нәрсеге мұқтаж екенін әрқайсысымыз аңғара білуіміз керек. Пауыл еврей мәсіхшілерге былай деп жазған: “Әлсіреген қолдар мен тізелерді нығайтыңдар. Ақсап жүргендер одан бетер жарақаттанып қалмай, қайта, сауығу үшін, аяқтарыңның астына түзу жол салыңдар” (Еврейлерге 12:12, 13). Бәріміз де, тіпті жасы кішілер де, бір-бірімізді сөзімізбен жігерлендіріп, нығайта аламыз.

11. Жан күйзелісінде жүрген кезде Алинаға не көмектесті?

11 Алина * есімді бауырлас біраз уақыт жан күйзелісінде жүрген. Ол былай деп жазды: “Бір күні Құдайдан жігер сұрап дұға еткеннен кейін, жасы үлкен бір әйел бауырласты кездестірдім. Ол маған көңіл бөліп, жанашырлық танытты. Сол уақытта бұған әсіресе мұқтаж болып жүрген едім. Сосын ол менікіндей сынақты бастан кешкенін айтып берді. Сонда өзімнің жалғыз емес екенімді түсіндім”. Айтқан сөздері Алинаға қаншалықты көмектескенін бұл бауырлас тіпті білмеген де шығар!

12, 13. Філіпіліктерге 2:1—4 тармақтардағы кеңесті қалай қолдана аламыз?

12 Пауыл Філіпідегі бауырластарға былай деп жазған: “Мәсіхпен байланыстағы сендер бір-біріңді жігерлендірсеңдер, сүйіспеншілікпен жұбатсаңдар, бір-біріңнің қамдарыңды ойласаңдар, бар көңілмен жақсы көріп, жанашырлық танытсаңдар, менің қуанышымды арттырасыңдар. Сондықтан ниеттес болыңдар, бір-біріңді сүйіңдер, өзара бірлікте әрі пікірлес болыңдар. Күншіл не атаққұмар болмай, қайта, кішіпейілділікпен басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар. Тек өз мүдделеріңді емес, басқалардың да мүддесін ойлаңдар” (Філіпіліктерге 2:1—4).

13 Барлығымыз да бір-бірімізге көмектесудің жолдарын іздеп жүруіміз керек. Бауырластарымызды “сүйіспеншілікпен жұбату” арқылы, “қамдарын ойлау” арқылы, “бар көңілмен жақсы көріп, жанашырлық таныту” арқылы жігерлендіре аламыз.

ЖІГЕРЛЕНДІРУДІҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ

14. Жігер берудің бір жолы қандай?

14 Кезінде біз көмектескен қандай да бір адамның адалдық сақтап келе жатқанын естісек, қатты қуанып қаламыз. Елші Жохан: “Мен үшін балаларымның шындық жолында жүргенін естуден артық қуаныш жоқ!”— деп жазған (Жоханның 3-хаты 4). Көптеген ізашарлар бұрын өздері шындықты білуге көмектескен адамның Ехобаға адалдықпен қызмет етіп келе жатқанын, тіпті ізашар болып жүргенін білсе, мәз-мейрам болады. Ендеше, ізашарлардың еңсесі түсіп жүрсе, олардың өзгелер үшін жасаған бар игі істерін естеріне салсақ болады.

15. Ехобаға адал қызмет етіп жүргендерді жігерлендіру үшін не істей аламыз?

15 Көп аудандық бақылаушылардың айтуынша, қандай да бір қауымға сапар жасағаннан кейін қысқаша алғысхат алғанда, өздері де, әйелдері де жігерленіп қалады екен. Ехобаға адал қызмет етіп жүрген ақсақалдар, миссионерлер, ізашарлар мен бетелдіктер жайлы да солай деуге болады. Алғысымызды білдіру арқылы оларға өзіміз ойлағаннан да зор жігер сыйлай аламыз.

ҚАЛАЙ БАРЛЫҒЫМЫЗ БІР-БІРІМІЗГЕ ЖІГЕР БЕРЕ АЛАМЫЗ?

16. Біреуді жігерлендірудің қандай қарапайым жолдары бар?

16 Өзгелерге деген сезіміңізді ашық айтуға қысыласыз ба? Негізі, өзгелерді жігерлендіру соншалықты қиын емес. Біреуге күлімсіреп қарауға тырысып көріңіз. Егер ол адам сізге күлімдемесе, бәлкім ол бір қиындыққа кезігіп, шер тарқататын адамға мұқтаж болып жүрген шығар. Оларды жай құлақ салып тыңдау арқылы көңілдеріне медет бола аласыз (Жақып 1:19).

17. Бір жас бауырласты не жігерлендірді?

17 Андрей есімді жас бауырластың бірнеше жақын туысы Ехобаға қызмет етуді доғарғанда, ол қатты жабырқайды. Олардың ішінде ақсақал болып қызмет еткен әкесі де бар еді. Андрейдің көңілсіз жүргенін байқаған аудандық бақылаушы оны бірге кофе ішіп қайтуға шақырады. Ол Андрейдің мұң-шерін мұқият тыңдайды. Сонда Андрей өзі адал болып қалса ғана, отбасына шындыққа оралуға көмектесе алатынын түсінеді. Зәбүр 46-тараудағы, Софония 3:17 мен Марқа 10:29, 30-дағы сөздер де оған зор жұбаныш береді.

Өзгелерді жігерлендіру барлығымыздың қолымыздан келеді (18-абзацты қараңыз)

18. а) Сүлеймен патша жігерлендіруге қатысты не деген? ә) Елші Пауыл қандай кеңес берген?

18 Алина мен Андрейдің жағдайынан қандай сабақ аламыз? Кез келгеніміз жігерге мұқтаж болып жүрген бауырластың рухын көтере аламыз. Сүлеймен патша былай деген: “Уақытында айтылған сөз қандай жақсы! Жайнаған көз [немесе “күлімдеген көзбен қарау”] жүректі қуантар, жақсы хабар сүйекке күш-қуат дарытар” (Нақыл сөздер 15:23, 30). Әлдебіреудің жігері құм болып не мұңайып жүргенін байқағансыз ба? Неліктен оған “Күзет мұнарасы” журналынан не веб-сайтымыздан бірдеңе оқып беру сияқты қарапайым нәрсе жасамасқа? Пауыл Патшалық әндерін қосылып шырқаудың да көңілге жай беретінін айтқан. Ол: “Зәбүр жырлары, мадақтау өлеңдері және ризашылыққа толы рухани әндермен үнемі бір-біріңе тәлім беріп, жігерлендіріңдер. Ехобаға шын жүректен ән айтыңдар”,— деп жазған (Қолостықтарға 3:16; Елшілердің істері 16:25).

19. Неге жақында жігерлендірудің маңыздылығы барған сайын арта бермек және біз не істеуіміз қажет?

19 Ехобаның күні жақындаған сайын, бір-бірімізді жігерлендіру бұрынғыдан бетер маңызды бола түспек (Еврейлерге 10:25). Пауылдың: “Бір-біріңді жұбатып, нығайтып жүргендеріңдей, әрі қарай да солай ете беріңдер”,— деген кеңесіне құлақ ассақ, қуанышқа кенелеміз (Салоникалықтарға 1-хат 5:11).

^ 11-абзац Есімдер өзгертілген.