Ехоба “бар жоспарыңды іске асырсын!”
“Ехобадан зор қуаныш тап, Сонда ол жүрек қалауыңды орындайды” (ЗӘБҮР 37:4).
ӘНДЕР: 89, 140
1. Жастар болашағына қатысты нені шешіп алуы керек? Қатты уайымға берілмеуге жастарға не көмектеседі? (Мақаланың басындағы суретті қара.)
ЖАСТАР, келісетін шығарсыңдар, адам саяхатқа аттанбас бұрын қай жаққа баратынын жоспарлап алу керек. Өмірді де саяхатқа теңеуге болады, ал сол өмір жолында қайда барғың келетінін ойластырып жоспарлайтын уақыт — жастық шағың. Әрине, мұндай жоспар құру оңай болмауы мүмкін. Мысалы, Хетер есімді қыз былай дейді: “Бүкіл өміріңді неге арнайтыныңды қазір шешіп алу керектігін ойлағанда, қорқып кетесің”. Сенде де осындай сезім болса, Ехобаның келесі сөздерін есіңде ұстағайсың: “Еш қорықпа, мен саған жар боламын. Еш абыржыма, мен сенің Құдайыңмын. Мен сені нығайтамын, саған көмектесемін” (Ишая 41:10).
2. Ехоба сенің бақытты болашаққа жоспар құрғаныңды қалайтынын қайдан білуге болады?
2 Ехоба сені өз келешегіңді ақылмен жоспарлауға шақырады (Уағыздаушы 12:1; Матай 6:20). Ол сені бақытты болса екен дейді. Жаратылысқа көз жіберіп, сондағы дыбыстарды естіп, Құдай жаратқан нәрселердің дәмін татқан кезде бұған көзің жете түседі. Алайда оның қамқорлығы бұдан ғана көрінбейді. Ол бізге кеңестер беріп, ең жақсы өмір жолына баулиды. Сондықтан адамдар оның кеңесін елемегенде, оған бұл ұнамайды. Басшылығына мойынсұнбаған адамдар жайлы ол былай дейді: “Маған ұнамсыз нәрселерді таңдадыңдар... Менің қызметшілерім қуанышқа кенеледі, ал сендер ұятқа қаласыңдар! Менің қызметшілерім жүректерін қуаныш кернеп, ән салады!” (Ишая 65:12—14). Өмірде дұрыс таңдау жасасақ, бұл Ехобаға даңқ әкеледі (Нақыл сөздер 27:11).
БАҚЫТҚА БӨЛЕЙТІН ЖОСПАР
3. Ехоба саған не ұсынып отыр?
3 Ехоба саған болашағыңа қатысты қандай жоспар ұсынып отыр? Бақытты болу үшін, Ехобаны танып-біліп, оған қызмет ету қажет. Ехоба адам баласын солай етіп жаратқан (Зәбүр 128:1; Матай 5:3). Жануарлар тек қоректеніп, көбеюді ғана біледі. Ал саған келер болсақ, Ехоба болашағыңды жоспарлап, өміріңді мәнді де сәнді еткеніңді қалайды. Адам баласын “өзіне ұқсас етіп” жаратқан Жаратушымыз — “сүйіспеншіліктің Құдайы” әрі “бақытты Құдай” (Қорынттықтарға 2-хат 13:11; Тімөтеге 1-хат 1:11; Мұсаның 1-жазбасы 1:27). Сүйіспеншілікке толы Құдайға еліктер болсаң, сен де бақытты боласың. Киелі кітапта: “Алғаннан гөрі берген бақытты”,— делінген (Елшілердің істері 20:35). Мұны өзің де сезінген боларсың. Бұл — өмірдің негізгі шындығы. Сондықтан Ехоба сенің болашаққа құрған жоспарыңның өзгелерге және оған деген сүйіспеншілікке негізделгенін қалайды (Матай 22:36—39 оқы).
Сүйіспеншілік көрсетсең, бақытты боласың
4, 5. Исаны бақытты еткен не?
4 Жастар, Иса Мәсіх сендер үшін тамаша үлгі қалдырды. Бала кезінде ол да ойнап-күлген шығар. Құдай Сөзінде айтылғандай, “күлетін уақыт” пен “би билейтін уақыт” бар (Уағыздаушы 3:4). Сондай-ақ Иса Жазбаларды зерттеп, Ехобаға жақындаған. 12 жасында ол “ұғымталдығымен және берген жауаптарымен” ғибадатханадағы ұстаздарды таңғалдырған (Лұқа 2:42, 46, 47).
5 Ал ересек кезінде Иса Құдайдың айтқанын істеу арқылы бақытқа бөленген. Мысалы, Құдай оның “кедейлерге ізгі хабарды жариялағанын” және “зағиптарға көздері ашылатынын жария еткенін” қалады (Лұқа 4:18). Зәбүр 40:8-де Исаның сезімдері келесідей сипатталған: “Өзіңнің еркіңді орындауға құштармын, уа, Құдайым”. Ол адамдарға Әкесі жайлы тәлім беруден рақат тапқан (Лұқа 10:21 оқы). Бірде бір әйелмен шынайы ғибадат жайлы әңгімелескеннен кейін ол шәкірттеріне былай деген: “Менің тамағым — өзімді жіберген Құдайдың еркін орындау және оның тапсырған ісін аяқтау” (Жохан 4:31—34). Иса бақытты болды, өйткені ол Құдайға және адамдарға деген сүйіспеншілігін көрсетті. Осылай сүйіспеншілік танытсаң, сен де бақытты боласың.
6. Басқалармен болашаққа қатысты жоспарларың жайлы сөйлескеннің қандай пайдасы бар?
6 Көптеген мәсіхшілер жас кезінде ізашарлық Нақыл сөздер 15:22). Бәлкім, олар ізашарлық қызметтің сені бүкіл өміріңе қажетті нәрселерге үйрететінін айтып беретін шығар. Иса көкте болғанда Әкесінен көп нәрсеге үйренген. Жердегі қызметі кезінде ол әрі қарай да үйрене берді. Ізгі хабарды айту және қиын жағдайларда мінсіздігін сақтау арқылы ол зор қуанышқа бөленді (Ишая 50:4 оқы; Еврейлерге 5:8; 12:2). Қазір толық уақытты қызмет сені қалайша бақытты ететіні жайлы сөз қозғайық.
қызметті бастаған, осылайша бақыт көзін тапқан. Неге сол бауырластардың кейбірімен жоспарың жайлы әңгімелеспеске? “Ақылдаспаған жерде жоспар іске аспайды, Кеңесші көп болса, ол жүзеге асады” (ШӘКІРТ ДАЙЫНДАУ ІСІ — ЕҢ КЕРЕМЕТ ІС
7. Неге көп жастар шәкірт дайындау ісінен қуаныш табады?
7 Иса бізге адамдарды үйретіп, “шәкірттер дайындауды” тапсырған (Матай 28:19, 20). Егер сен осы іске өміріңді арнар болсаң, Ехобаға даңқ әкелетін мағыналы өмір кешесің. Әрине, кез келген іс сияқты, бұл істе де шебер болу үшін уақыт керек. Жасөспірім кезінде ізашарлық қызметті бастаған Тимоти есімді бауырлас былай деді: “Ехобаға толық уақытты қызмет ету маған ұнайды, өйткені осылайша мен оған сүйіспеншілігімді көрсете аламын. Бастапқыда ешкіммен зерттеу сабағын бастай алмадым. Бірақ кейіннен басқа аумаққа көштім. Арада бір ай өтер-өтпес, мен бірнеше зерттеу сабағын бастадым. Олардың бірі Патшалық сарайына келе бастады. Кейінірек екі айлық Салтбасты ер бауырластарға арналған Киелі кітап мектебінде білім алдым *. Сосын жаңадан тағайындалған жерімде төрт зерттеу сабағын таптым. Адамдарға тәлім беру маған қатты ұнайды. Өйткені киелі рух адамдардың өмірін қалай өзгертіп жатқанына куә боласың” (Салоникалықтарға 1-хат 2:19).
8. Көбірек адамға уағыздау үшін кейбір жастар не істейді?
8 Кейбір жастар шет тілін үйреніп алған. Мысалы, Солтүстік Америкадағы Джейкоб былай деп жазды: “Жеті жасымда сыныптастарымның көбісі вьетнамдықтар еді. Мен оларға Ехоба жайында айтып бергім келетін, сондықтан көп ұзамай олардың тілін үйреніп алуды жоспарладым. Бұл тілді үйрену үшін, көбінесе ағылшын тіліндегі “Күзет мұнарасын” вьетнам тіліндегі басылыммен салыстыратынмын. Бұған қоса, көрші вьетнам тіліндегі қауымдағы бауырластармен достасып алдым. Он сегізге толғанда, ізашар болдым. Кейіннен Салтбасты ер бауырластарға арналған Киелі кітап мектебінде оқыдым. Қазіргі ізашар ретінде тағайындалған жерімде бұл маған зор көмек болды. Мен қызмет етіп жүрген вьетнам тіліндегі топта жалғыз ақсақалмын. Көп вьетнамдықтар менің тіл үйреніп алғанымды көріп таңғалып жатады. Олар мені ішке кіргізеді, сөйтіп мен олармен жиі зерттеу сабағын бастап кетемін. Олардың кейбірі рухани өсіп, шомылдыру рәсімінен өтті” (Елшілердің істері 2:7, 8 салыстыр).
9. Шәкірт дайындау ісімен айналысқанда неге үйренеміз?
9 Шәкірт дайындау ісі сені жақсы еңбек дағдыларына үйретеді. Мысалы, Нақыл сөздер 21:5; Тімөтеге 2-хат 2:24). Ал ең бастысы, осы істің арқасында сен өз нанымыңды Жазбаларға негіздеп дәлелдеуді игересің, осылайша зор қуанышқа бөленесің. Сондай-ақ Ехобамен бірге еңбектенуді де үйрене аласың (Қорынттықтарға 1-хат 3:9).
адамдармен тіл табысуды, өзіңді сенімді ұстай білуді және ілтипаттылық танытуды үйренесің (10. Қиын аумақта қызмет етіп жүрсең де, шәкірт дайындау ісінен қалай қуаныш таба аласың?
10 Сендердің аумақтарыңда Киелі кітапты зерттегісі келетіндер өте аз болса да, сен шәкірт дайындау ісінен қуаныш таба аласың. Шәкірт дайындау ісіне бүкіл қауым жұмыла атсалысады. Бір бауырлас қана шәкірт болатын адам тапса да, бәріміз қуанамыз, себебі барлығымыз бірлесе іздедік. Мысалы, Киелі кітапқа онша қызығушылық танытпайтын аумақта тоғыз жыл бойы ізашар болған Брэндон былай деді: “Ізгі хабарды уағыздағанды жақсы көремін, себебі Ехоба бізге осыны істеуді айтты. Мен ізашарлық қызметті мектеп бітіргеннен кейін алдым. Қауымымыздағы жас ер бауырластарды жігерлендіре алатыныма, олардың рухани алға басып жатқандарына қуанамын. Салтбасты ер бауырластарға арналған Киелі кітап мектебіне барған соң, мені жаңа жерге ізашар етіп тағайындады. Шомылдыру рәсімінен өтуге дейін барған зерттеушіні сол күйі таппадым, бірақ басқалар тапты ғой. Шәкірт дайындау ісіне барынша атсалысуды шешкеніме ризамын” (Уағыздаушы 11:6).
ЖОСПАРЫҢ СЕНІ ҚАЙДА ЖЕТЕЛЕП ӘКЕЛУІ МҮМКІН?
11. Көп жастар тағы қандай жолмен Ехобаға қызмет етіп жүр?
11 Ехобаға қызмет етудің мүмкіндігі көп. Мәселен, көп жастарымыз құрылыс ісінде көмек көрсетіп жүр. Қазір жүздеген Патшалық сарайына қажеттілік бар. Бұл ғибадат орындары Ехобаны даңқтайтындықтан, олардың бой көтеруіне атсалысқаның сені шаттыққа кенелтетіні сөзсіз. Мұнымен қоймай, ол жақтағы бауырластарыңмен қызметтесу де қуанышқа бөлейді. Бұдан бөлек, жұмысты ұқыпты істеу, қауіпсіздік шараларын ұстану, бақылаушылармен қызметтесе білу сияқты дағдыларды да меңгеріп аласың.
12. Қалай ізашарлық қызмет арқылы басқа да мүмкіндіктерге есік ашылады?
12 Кевин есімді бауырлас былай дейді: “Кішкентай кезімнен бері Ехобаға толық уақытты қызмет етуді армандайтынмын. Ақыры, 19 жасымда ізашар болдым. Бір құрылысшы бауырласқа толық емес уақытты жұмысқа тұрып, өз-өзімді асырадым. Шатыр, терезе, есік орнатуды үйреніп алдым. Кейінірек мен екі жыл бойы дауылдан жапа шеккендерге көмектесу тобында болып, Патшалық сарайы мен бауырластардың үйлерін қайта соғуға жәрдемдестім. Ал Оңтүстік Африкада құрылыс жағынан
мұқтаждық бар екенін білгенде, өтініш толтырып, сонда шақырылдым. Африкада мен бірнеше апта сайын бір Патшалық сарайының жобасынан екіншісіне барамын. Біз құрылыс тобымызбен бір отбасы сияқтымыз. Біз бір жерде тұрамыз, Киелі кітапты бірге оқимыз, жұмысты да бірге істейміз. Жергілікті бауырластармен де апта сайын уағызға шығып тұрған ұнайды. Бала кезімде құрған жоспарым қазір мені зор қуанышқа бөлеуде. Бұлай болады деп ойламаған да едім”.“Бала кезімде құрған жоспарым қазір мені зор қуанышқа бөлеуде. Бұлай болады деп ойламаған да едім”
13. Неге бетелдік қызмет көп жастарымызды қуанышқа бөлеуде?
13 Кезінде ізашар болған жастардың кейбірі қазір Бетелде қызмет етеді. Бетелдік қызмет бақытқа бөлейді, себебі сен ол жерде не істесең де, Ехоба үшін істейсің. Бетел отбасы адамдардың шындықты білуі үшін Киелі кітап пен басылымдарды шығаруға күш салады. Дастин есімді бетелдік былай дейді: “Мен тоғыз жасымда толық уақытты қызмет етемін деп мақсат қойдым, сөйтіп, мектеп бітірген соң ізашарлықты бастадым. Бір жарым жылдан кейін, мені Бетелге шақырды. Ол жерде баспа машиналарымен жұмыс істеуді, сосын компьютерлік бағдарлама жасауды игердім. Бетелде мен дүниежүзілік шәкірт дайындау ісінің өсімі жайында тікелей ести аламын. Бұл жақтағы қызмет қатты ұнайды, өйткені біздің ісіміз адамдардың Ехобаға жақындай түсуіне септігін тигізеді”.
БОЛАШАҚҚА ҚАНДАЙ ЖОСПАР ҚҰРАСЫҢ?
14. Толық уақытты қызметке қазірден бастап дайындалу үшін не істесең болады?
14 Толық уақытты қызмет етуге қалай дайындалсаң болады? Ехобаға ең жақсы жолмен қызмет ету үшін саған мәсіхшіге тән қасиеттерді дамыту қажет. Құдай Сөзін жүйелі түрде зертте, мән-мағынасына тереңінен бойлап ой жүгірт, қауым кездесулерінде өз сеніміңмен бөлісіп отыруға тырыс. Мектеп қабырғасында жүргенде, өзгелерге ізгі хабарды айту қабілетіңді дамыта аласың. Адамдардың пікірлерін ілтипатпен сұрап, жауабын тыңдау арқылы көңіл бөлуді үйрене бер. Сонымен қатар қауымыңда тазалық жұмысына не Патшалық сарайын жөндеу сияқты істерде көмегіңді ұсынсаң болады. Ехоба кішіпейіл әрі жұмыс істеуге даяр адамдарды қуана қолданады (Зәбүр 110:3 оқы; Елшілердің істері 6:1—3). Елші Пауыл Тімөтені миссионерлік қызметке шақырған, себебі “бауырластар ол туралы жақсы пікірде болатын” (Елшілердің істері 16:1—5).
Мектеп қабырғасында жүргенде, өзгелерге ізгі хабарды айту қабілетіңді дамыта аласың
15. Ізашар болуға мүмкіндік беретін жұмысты қалай табуға болады?
15 Толық уақытты қызметшілердің көбісіне жұмыс керек (Елшілердің істері 18:2, 3). Бәлкім, жергілікті аумақтан табылады-ау деген толық емес уақытты жұмысқа кіре алу үшін, арнайы бір қысқа курсты оқып аларсың. Жоспарың жайлы аудандық бақылаушымен немесе басқа да ізашарлармен ақылдасып, ойларын сұрап көр. Сосын Киелі кітапта айтылғандай, “Бар ісіңді Ехобаға сеніп тапсыр, Сонда жоспарларың іске асар” (Нақыл сөздер 16:3; 20:18).
16. Толық уақытты қызмет қалай болашақтағы жауапкершіліктерге дайындайды?
16 Ехоба сенің бақытты болашақты “берік ұстанғаныңды” қалайды. Бұған сенімді болсаң болады (Тімөтеге 1-хат 6:18, 19 оқы). Толық уақытты қызмет еткенде сен басқа да толық уақытты қызметшілермен иық тіресе қызмет етіп, толысқан мәсіхші боласың. Сондай-ақ жас кезінен бастап толық уақытты қызмет еткен көптеген бауырластар отбасын құрғанда да, мұның пайдасын көрген. Үйленбей тұрып ізашар болған бауырластардың көбісі отбасын құрғаннан кейін де ізашарлық қызметтерін бірге жалғастырып жатады (Римдіктерге 16:3, 4).
17, 18. Жоспар құрудың жүрекпен қандай байланысы бар?
17 Зәбүр 20:4-те Ехоба жайлы былай делінген: “Жүрек қалауыңды орындасын, Бар жоспарыңды іске асырсын”. Болашағыңды жоспарлағанда өміріңді шын мәнінде неге арнағың келетіні жөнінде ойлан. Ехоба біздің кезімізде не істеп жатқаны туралы және оның ісіне қалай үлес қоса алатының жайлы ойланып көр. Сөйтіп, оған ұнайтын іспен айналысуды жоспарла.
18 Өміріңді толықтай Ехобаға қызмет етуге және оны мадақтауға арнайтын болсаң, өте бақытты боласың. Сонда “Ехобадан зор қуаныш” табасың, ал “ол жүрек қалауыңды орындайды” (Зәбүр 37:4).
^ 7-абзац Бұл мектеп Патшалықты жариялаушыларға арналған мектеппен алмастырылды.