Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Оқырман сауалдары

Оқырман сауалдары

Егер некеге тұрмаған ер мен әйел келелі себепсіз бір үйде жалғыз өздері түнеп шықса, бұл олардың күнә жасағанына дәлел болып, сот комитеті құрылу керек пе?

Иә. Келелі себепсіз жалғыз өздері бір үйде түнеп шыққандары олардың жыныстық өнегесіздік жасағанына салмақты дәлел болып табылады. Сондықтан ескеретін келелі себептер шықпаса, сот комитеті құрылуы тиіс (Қорынттықтарға 1-хат 6:18).

Ақсақалдар кеңесі сот комитетін құру қажет пе, жоқ па — соны анықтау үшін әр жағдайды мұқият қарастырады. Мысалы, келесі жайттарды анықтайды: екеуінің арасында романтикалық қарым-қатынас бар ма еді? Екеуінің қарым-қатынасына қатысты ақсақалдар оларға бұрын кеңес берген бе еді? Бір үйде түнеп шығуына не себеп болды? Бұлай етуді алдын ала жоспарлады ма? Олардың басқа амалы болды ма? Я болмаса күтпеген оқиға не төтенше жағдай сияқты жайттардың кесірінен бір үйде түнеп шығудан басқа амалдары болмады ма? (Уағыздаушы 9:11). Олар үйдің қай жерінде ұйықтады? Әр жағдай әртүрлі, сондықтан ақсақалдардың шешіміне әсер ететін басқа да жайттар болуы мүмкін.

Ақсақалдар кеңесі барлық жайттарды қарастырған соң, сот комитетін құру-құрмауды шешеді.