Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Пайдалы әрі қызықты жеке зерттеу үшін не істей аласыз?

Пайдалы әрі қызықты жеке зерттеу үшін не істей аласыз?

ЕШУАҒА Исраил халқын Уәде етілген жерге бастап алып жүру тапсырылды. Бұл оңай тапсырма емес еді. Бірақ Ехоба оған: “Батыл да берік бол!”— деп рухын көтеріп, нығайтты. Сосын ол Ешуаға Заңды оқып, оны мұқият орындауды айтты. Осылай етсе, Ешуа даналықпен әрекет етіп, жемісті болмақ еді (Ешуа 1:7, 8).

Біз “ерекше қиын уақытта” өмір сүріп жатқандықтан, бізге де оңай бола бермейді (Тімөтеге 2-хат 3:1). Ешуа сияқты жемісті болғымыз келсе, Ехобаның оған берген кеңесіне құлақ асуымыз қажет. Яғни Киелі кітапты жүйелі түрде оқып, білгендерімізді қолдану арқылы даналықпен әрекет етуіміз керек.

Бәлкім, кейбіріміз қалай зерттеуге болатынын білмейтін шығармыз. Я болмаса зерттеуді онша ұнатпайтын болармыз. Бірақ Киелі кітапты жеке зерттеу өте маңызды. “ Тиімді кеңестер” деген қоршау сізге зерттеуді әлдеқайда пайдалы әрі қызықты етіп жүргізуге көмектеседі.

Зәбүр жыршысы: “Өсиеттеріңнің жолымен жетелеші, Себебі содан қуаныш табамын”,— деген (Зәбүр 119:35). Сіз де Құдай Сөзін зерттеуден қуаныш таба аласыз. Киелі кітапты зерттей берер болсаңыз, өзіңізге ұнайтын көптеген құнды ойлар табасыз.

Ешуа сияқты халықты бастап алып жүрмесеңіз де, өз қиындығыңыз жетіп жатқан шығар. Сондықтан Ешуаға еліктеп, Құдай Сөзін зерттеңіз және білгеніңізді өмірде қолданыңыз. Сонда даналықпен әрекет етіп, жемісті боласыз!