Көсеміміз Мәсіхке сенім артайық
“Көсемдерің біреу-ақ. Ол — Мәсіх” (МАТАЙ 23:10).
1, 2. Мұса қайтыс болғаннан кейін Ешуаға қандай үлкен жауапкершілік тапсырылды?
ЕХОБА Ешуаға: “Қызметшім Мұса қайтыс болды. Енді орныңнан тұр да, өзің де, бүкіл халық та Иордан өзенінен өтіп, мен сендерге... беріп отырған жерге барыңдар”,— деді (Ешуа 1:1, 2). 40 жылдай Мұсаның қызметшісі болып келген Ешуа үшін бұл үлкен өзгеріс еді.
2 Бұған дейін көптеген жылдар бойы исраилдіктерді Мұса бастап жүрген еді, ал енді бұл істі Ешуа атқармақ. Ол: “Халық мені басшы ретінде қабылдар ма екен?”— деп уайымдаған шығар (Мұсаның 5-жазбасы 34:8, 10—12). Бір еңбекте Ешуа 1:1, 2-ге қатысты келесідей сөздер келтірілген: “Билеушілердің ауысатын кезі халық үшін қашанда қиын әрі қауіпті кез болған”.
3, 4. Ехоба өзіне сенім артқаны үшін Ешуаны қалай жарылқады және біз өзімізге қандай сұрақ қойсақ болады?
3 Ешуаның уайымдайтынындай бар еді. Бірақ ол Ехобаға Ешуа 1:9—11). Өзіне сенім артқаны үшін Құдай Ешуаны жарылқап, оны және исраилдіктерді жетелеп отыру үшін бір періштесін жіберді. Бұл періште Сөз, яғни Құдайдың тұңғыш Ұлы болса керек (Мұсаның 2-жазбасы 23:20—23; Жохан 1:1).
сенім артып, бірден оның нұсқауларына құлақ асты (4 Ешуаның жаңа басшы болуы Исраил халқы үшін елеулі өзгеріс еді. Алайда Ехоба оларға осы өзгеріске бейімделуге көмектесті. Біздің күндерімізде де ұйымда үлкен өзгерістер орын алып жатады. Сондықтан біз: “Құдайдың ұйымы алға басып жатқан уақытта, Көсеміміз Иса Мәсіхке сенім артуға қандай негіз бар?”— деп ойлайтын шығармыз (Матай 23:10 оқыңыз). Бұл сұраққа жауап алу үшін, Ехоба өз халқын өзгерістер кезінде қалай жетелегенін қарастырайық.
ҚҰДАЙ ХАЛҚЫН УӘДЕ ЕТІЛГЕН ЖЕРГЕ ЖЕТЕЛЕУ
5. Иерихонның маңында Ешуа қандай ерекше оқиғаны бастан өткізді? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)
5 Исраилдіктер Иордан өзенінен өткеннен көп ұзамай, Ешуа ерекше бір оқиғаны бастан өткерді. Ол Иерихон қаласының маңында қолына қылыш ұстаған бір кісіні кездестірді. Ешуа ол кісіден: “Сен кімнің жағындасың, біздің бе, жауларымыздың ба?”— деп сұрады. Ол кісі Құдай халқын қорғауға дайын тұрған періште еді. Періште өзінің “Ехобаның әскерінің басшысы” екенін айтқанда, Ешуа таңғалып қалды (Ешуа 5:13—15 оқыңыз). Киелі кітапта Ешуамен Ехоба сөйлесті деп жазылғанымен, Ехоба онымен періштесі арқылы сөйлескен көрінеді. Ежелгі кезде Ехоба жиі өз сөзін періште арқылы жеткізген (Мұсаның 2-жазбасы 3:2—4; Ешуа 4:1, 15; 5:2, 9; Елшілердің істері 7:38; Ғалаттықтарға 3:19).
6-8. а) Періштенің кейбір нұсқаулары неге бір түрлі болып көрінген болуы мүмкін? ә) Нұсқаулардың дұрыс әрі дер кезінде берілгендігін қайдан білеміз? (Сілтемені де қараңыз.)
6 Періште Ешуаға Иерихонды жаулап алу үшін нақты не істеу керектігін айтты. Періштенің берген кейбір нұсқаулары бір қарағанда ақылға қонымсыз болып көрінген шығар. Мысалы, періште Ешуаға бүкіл сарбаздарды сүндеттеу керектігін айтты. Бірақ олар бірнеше күн соғысқа жарамсыз болып қалмақ еді. Осындай кезде оларды сүндеттеу дұрыс болар ма еді? (Мұсаның 1-жазбасы 34:24, 25; Ешуа 5:2, 8).
7 Бәлкім, сол кезде сарбаздар: “Жауларымыз қосымызға шабуыл жасаса, үй ішімізді қалай қорғамақпыз?”— деп уайымдаған шығар. Бірақ кейін күтпеген жағдай орын алды! Иерихондықтар исраилдіктерге шабуыл жасаудың орнына, олардан қорқа бастады. “Иерихон тұрғындары исраилдіктерден қорқып, қақпаны тас қылып бекітіп алды. Қаладан ешкім шықпады да, кірмеді де” (Ешуа 6:1). Бұл жайт исраилдіктердің Ехобаның басшылығына деген сенімдерін одан бетер нығайтқаны шүбәсіз!
8 Періште исраилдіктерге Иерихонға шабуыл жасаудың орнына, қаланы алты күн бойы күніне бір рет, ал жетінші күні жеті рет айналып өту керектігін айтты. Мүмкін, сарбаздар: “Уақытымыз бен күшімізді босқа сарп етудің қажеті қанша?”— деп ойлаған шығар. Бірақ Исраилдің Құдайы Ехоба не істеу керектігін жақсы білді! Исраилдіктер Ехобаның нұсқауларына құлақ Ешуа 6:2—5; Еврейлерге 11:30) *.
асқанның арқасында Иерихонды соғыссыз-ақ жаулап алды. Сондай-ақ оның нұсқауларына мойынсұнудың пайдасын көргенде, олардың сенімдері нығая түсті (9. Неге біз Құдайдың ұйымынан келіп жатқан кез келген нұсқауларға құлақ асуымыз керек? Мысал келтіріңіз.
9 Бұл оқиғадан не нәрсеге үйренеміз? Ехобаның ұйымы кейде кейбір нәрселерді жаңаша жолмен жасайды. Біз бұл өзгерістердің не үшін болып жатқанын түсінбеуіміз мүмкін. Мысалы, біз жеке зерттеуде, қызметте, қауым кездесулерінде электронды құрылғыларды қолдану тиімді болады деп ойламаған шығармыз. Бірақ қазір оларды қолданып, пайдасын көріп жүрген болармыз. Өзгерістердің жақсы нәтиже әкеліп жатқанын көргенде, сеніміміз бен бірлігіміз одан сайын нығаяды.
МӘСІХ ЕРТЕДЕГІ МӘСІХШІЛЕРДІ ҚАЛАЙ ЖЕТЕЛЕДІ?
10. Сүндеттелуге қатысты мәселенің басқарушы кеңесте қарастырылуына кім қам жасады?
10 Өзге ұлттан шыққан Корнел деген сүндеттелмеген кісінің мәсіхші болғанына 13 жылдай уақыт өтті. Сонда да кейбір яһуди мәсіхшілер әлі де адамдар сүндеттелу керек деп айтып жүрді (Елшілердің істері 15:1, 2). Антиохиядағы бауырластардың арасында осы мәселеге қатысты дау туды. Бұл мәселені шешу үшін ақсақалдар Пауылды Иерусалимдегі басқарушы кеңеске жіберді. Бірақ оны шын мәнінде Иерусалимге жіберген кім еді? Пауылдың түсіндіруінше, ол Иерусалимге “аян алғандықтан барды”. Демек, жағдайдың барлығын қадағалап, бағыт беріп отырған Мәсіхтің өзі еді. Ол басқарушы кеңеске де бұл мәселенің шешімін табуға көмектесті (Ғалаттықтарға 2:1—3).
11. а) Кейбір яһуди мәсіхшілер сүндеттелуге қатысты қандай ойда болды? ә) Пауыл Иерусалимдегі ақсақалдарды кішіпейілділікпен қолдайтынын қалай көрсетті? (Сілтемені де қараңыз.)
11 Мәсіх басқарушы кеңес арқылы яһуди емес мәсіхшілердің сүндеттелуі шарт емес екенін анық көрсетті (Елшілердің істері 15:19, 20). Соған қарамастан көптеген яһуди мәсіхшілер біраз жылдар өткеннен кейін де ұлдарын сүндеттеуді жалғастыра берді. Кейіннен Иерусалимдегі ақсақалдар Пауыл Мұса Заңын құрметтемейді деген өсек естіді. Сондықтан олар Пауылдан Мұса заңын құрметтейтінін көрсету үшін бір нәрсе істеуді сұрады * (Елшілердің істері 21:20—26). Ол Заңды құрметтейтінін көрсету үшін өзімен төрт адамды ертіп, ғибадатханада тазару рәсімін жасауы керек еді. Пауыл: “Бұның қажеті қанша? Неге бұлай етуді сұрап тұрсыздар? Егер яһуди мәсіхшілері сүндеттелуге қатысты мәселені түсінбесе, менің не кінәм бар?”— деуіне болар еді. Бірақ мұны ақсақалдар барлық мәсіхшілердің бірлікте болғанын қалағандықтан айтқан еді. Осыны түсінген Пауыл олардың айтқандарына кішіпейілділікпен мойынсұнды. Ал біз: “Мұса заңы Иса қайтыс болғанда күшін жойды емес пе? Ендеше, Иса не үшін сүндеттеуге қатысты мәселенің ұзақ уақытқа жалғасуына жол берді?”— деп ойлауымыз мүмкін (Қолостықтарға 2:13, 14).
12. Мәсіх сүндеттелуге қатысты мәселенің біраз уақытқа созылуына неге жол берген болуы мүмкін?
12 Кейде жаңа түсінікке үйрену үшін уақыт қажет болып жатады. Кейбір яһуди мәсіхшілерге де бұдан былай Мұса заңын ұстанбайтындарын түсіну үшін уақыт қажет еді (Жохан 16:12). Өйткені олар сүндеттелуді Құдаймен ерекше қарым-қатынастың белгісі деп білетін (Мұсаның 1-жазбасы 17:9—12). Ал басқалары яһуди жұртшылығынан ерекшеленсек, қудалануымыз мүмкін деп қорыққан (Ғалаттықтарға 6:12). Бірақ уақыт өте келе Мәсіх Пауылдың жазған хаттары арқылы мәсіхшілерге көбірек басшылық берді (Римдіктерге 2:28, 29; Ғалаттықтарға 3:23—25).
МӘСІХ ӘЛІ ДЕ ҚАУЫМҒА ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУДЕ
13. Көсеміміз Мәсіхті қолдауға бізге не көмектеседі?
13 Мәсіх — әлі де мәсіхшілер қауымының Көсемі. Сондықтан ұйымда сіз түсінбейтін өзгерістер орын алып жатса, Мәсіхтің Құдай халқын бұрын қалай жетелегені жайлы ой жүгіртіңіз. Ешуаның күндерін не елшілердің күндерін алмайық, Мәсіх Құдай халқына әрдайым дұрыс басшылық беріп келген. Соның арқасында олар қорғанышта болып, сенімдері нығайған әрі бірліктері күшейе түскен (Еврейлерге 13:8).
14-16. “Адал да ақылды құлдың” беріп отырған басшылығынан Мәсіхтің сенімімізді берік сақтауға көмектескісі келетіні қалай көрінеді?
14 Бүгінде “адал да ақылды құл” бізге дер кезінде қажетті басшылық береді Матай 24:45). Бұдан Исаның бізді қамқорлайтынын көреміз. Төрт баланың әкесі Марк былай дейді: “Шайтан отбасыларына шабуыл жасау арқылы қауымдарды әлсіреткісі келеді. Апта сайын отбасылық ғибадатты өткізуге қатысты басшылықтың арқасында отағалары отбасын қорғаудың маңыздылығын жақсы түсінеді!”
(15 Исаның бізді қалай жетелеп жатқанын көргенде, оның сенімімізді берік сақтауға көмектескісі келетінін түсінеміз. Мысалы, Патрик есімді ақсақал былай дейді: “Алғашында кейбіреулерге демалыс күндері шағын топтармен өтетін уағыздау кездесулері онша ұнамады”. Бірақ оның айтуынша, бұл өзгеріс Исаның қауымдағы әрбір бауырластың қамын ойлайтынын көрсетеді. Мысалы, кейбір ұялшақ не бұрын қызметке көп шықпаған бауырластар өздерін керекті сезініп, уағыз ісіне өз үлестерін қосып жүр. Бұл өзгеріс олардың сенімдерін нығайтты.
16 Мәсіх бізге әрдайым уағыз ісін назарымызда ұстауға көмектеседі. Өйткені бұл — жер бетіндегі атқарылып жатқан ең маңызды іс (Марқа 13:10 оқыңыз). Андре есімді жаңадан тағайындалған ақсақал Ехобаның ұйымында болып жатқан кез келген өзгеріске әрдайым бейімделуге тырысады. Ол былай дейді: “Бетелде қызмет ететін бауырластардың санының қысқартылуы уақыттың аздығын және уағыз ісіне барынша атсалысуымыз керектігін есімізге салады”.
МӘСІХТІҢ БАСШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАЙЫҚ
17, 18. Неге біз өзгерістердің игілігі жайлы ойлануымыз керек?
17 Патшамыз Иса Мәсіхтің беріп жатқан басшылықтарының игілігін қазір де, болашақта да көретін боламыз.
Жақында болған өзгерістердің қандай пайдасын көргеніңіз жайлы ойлап көріңізші. Қауымда және қызметте болған өзгерістер сіздің отбасыңызға қандай игілік әкелгені жайлы отбасылық ғибадатта қарастырсаңыз болады.18 Ехобаның ұйымы беріп жатқан нұсқауларға мойынсұну жақсы нәтиже әкелетінін есте ұстасақ, оларға құлақ асу жеңілірек болады, әрі өзімізді бақытты сезінеміз. Мысалы, біз жаңа технологияны қолданғанымыздың арқасында бұрынғыдай көп әдебиет басып шығармаймыз. Осылайша көп ақша үнемделіп жатыр. Осының арқасында ұйым үнемделген ақшаны ізгі хабарды көбірек адамға жеткізуге қолдана алады. Сіз электронды түрдегі әдебиеттер мен аудио-видео материалдарды қолдануға тырысып жүрсіз бе? Бұл Мәсіхті қолдаудың бір жолы. Өйткені ол ұйымның қаражатын даналықпен жұмсағанымызды қалайды.
19. Неге біз Мәсіхтің басшылығын қолдауымыз керек?
19 Мәсіхтің басшылығын қолдасақ, өзге бауырластарға сенімдері мен өзара бірліктерін нығайтуға көмектесеміз. Жақында дүниежүзіндегі Бетел отбасыларында болған өзгерістер туралы Андре былай дейді: “Бұрын Бетелде қызмет еткен бауырластардың оң көзқарас сақтағандары маған қатты әсер етті. Оларға құрметім артып, Мәсіхтің басшылығына деген сенімім де нығая түсті. Олар өздеріне тапсырылған кез келген қызметті қуанышпен атқарып, Ехобаның көктегі арбасына ілесіп келеді”.
КӨСЕМІМІЗГЕ АРҚА СҮЙЕП, СЕНІМ АРТАЙЫҚ
20, 21. а) Неге біз Көсеміміз Мәсіхке сенім арта аламыз? ә) Келесі мақалада қандай сұрақтың жауабын аламыз?
20 Жақында Көсеміміз Иса Мәсіх “толық жеңіске жетіп”, “таңғажайып істер жасайды” (Аян 6:2; Зәбүр 45:4). Ол қазірдің өзінде бізді жаңа дүниедегі өмірге дайындап жатыр. Сол кезде біз қайта тірілген адамдарға тәлім беріп, жерді жұмаққа айналдыруға көмектесетін боламыз.
21 Егер Көсеміміз әрі Патшамыз Мәсіхке әрқашан арқа сүйесек, ол бізді жаңа дүниеге жетелейді (Зәбүр 46:1—3 оқыңыз). Кейде өзгерістерді қабылдау қиын болып жатады, әсіресе ол біз күтпеген кезде орын алса және бізге тікелей әсер етсе. Осындай кезде біз қалайша жантыныштығын жоғалтпай, Ехобаға деген сенімімізді берік сақтап қала аламыз? Бұл сұрақтың жауабын біз келесі мақаладан білетін боламыз.
^ 8-абзац Археологтар Иерихонның үйінділерінен желінбеген мол азық қорын тапқан. Бұл Киелі кітапта айтылғандай, исраилдіктердің Иерихонды қоршауда қысқа уақыт ұстағандарын және ондағы астықты жемегендерін дәлелдейді. Орақ кезінде егіндікте мол азық болатындықтан, бұл исраилдіктер үшін қаланы жаулап алуға қолайлы уақыт еді (Ешуа 5:10—12).
^ 11-абзац 2003 жылдың 1 маусымындағы “Күзет мұнарасының” 16-бетіндегі “Пауыл сынақты кішіпейілділікпен қабылдады” деген қоршауды қараңыз.