Шындықты айтайық
“Бір-біріңе шындықты айтыңдар” (ЗӘКӘРИЯ 8:16).
1, 2. Адамзатқа үлкен залал келтіру үшін Ібіліс не істеді?
АДАМДАР ойлап тапқан телефон, автокөлік, тоңазытқыш сияқты кейбір нәрселер өмірімізді жеңілдетіп жатса, тапанша, мина, атом бомбасы, темекі сияқты өзге нәрселер өмірімізге қауіп төндіріп жатыр. Бірақ бұларға қарағанда әлдеқайда бұрын пайда болған және адамзатқа ең үлкен залал келтіріп отырған бірдеңе бар. Ол не нәрсе? Өтірік! Өтірік дегеніміз — әлдекімді алдау мақсатымен айтылған шындыққа жанаспайтын сөз. Өтірікті ең бірінші болып Ібіліс айтты. Иса Мәсіх оны “өтіріктің әкесі” деп атаған (Жохан 8:44 оқыңыз). Ібіліс алғашқы өтірігін қашан айтты?
2 Шайтан өзінің бірінші өтірігін осыдан мыңдаған жылдар бұрын Едем бағында айтты. Ол кезде Адам мен Хауа Ехоба жаратқан тамаша жұмақта өмір сүріп жатты. Құдай оларға “жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жемеуді” бұйырып, жейтін болса өлетіндерін ескерткен болатын. Шайтан бұл туралы білсе де, жыланды қолданып Хауаға: “Жоқ, өлмейсіңдер”,— деді. Бұл ең алғашқы өтірік болды. Сосын былай деп Мұсаның 1-жазбасы 2:15—17; 3:1—5).
қосты: “Оны жеген күні көздерің ашылып, ненің жақсы, ненің жаман екенін біліп, Құдай сияқты болатындарыңды ол біледі”,— деді (3. Неліктен Шайтанның өтірігі зұлым ниетпен айтылды дейміз және сол өтіріктің салдары қандай болды?
3 Шайтанның өтірігі зұлым ниетпен айтылды. Өйткені Ібіліс Хауаның сол өтірікке иланып, жемісті жейтін болса, өлетінін жақсы білді. Ол дегеніне жетті де. Алдымен Хауа, сосын Адам Ехобаның бұйрығына құлақ аспай, ақырында қайтыс болды (Мұсаның 1-жазбасы 3:6; 5:5). Қала берсе, “адамдардың бәрі өлетін болды”. Расында да, “өлім... Адам атанікіндей күнә жасамағандарға да билік жүргізді” (Римдіктерге 5:12, 14). Міне, осы себепті біз кемелді емеспіз, әрі Құдай ниет еткендей мәңгі жасамаймыз. Қайта, өміріміз “жетпіс жасқа созылады, қауқарымыз мол болса, сексенге барады”. Оның үстіне, өміріміз “қайғы-қасіретке” толы (Зәбүр 90:10). Осының бәрі Шайтанның өтірігінің кесірінен болып отыр!
4. а) Біз қандай сұрақтардың жауабын білуге тиіспіз? ә) Зәбүр 15:1, 2-ге сай, кімдер ғана Ехобаның досы бола алады?
4 Жохан 8:44-те Иса Шайтан жайлы: “Ол... шындықтан тайып кетті, өйткені онда шындық жоқ”,— деген. Шайтан өзгерген жоқ. Ол әлі күнге дейін “бүкіл жержүзін адастырып жүр” (Аян 12:9). Бірақ біз Шайтанға алданғымыз келмейді. Сондықтан келесі үш сұрақтың жауабын білгеніміз маңызды: Бүгінде Шайтан адамдарды қалай адастыруда? Адамдар неге өтірік айтады? Адам мен Хауа сияқты Ехобамен достығымызды жоғалтып алмас үшін, қалай әрдайым шындықты айта аламыз? (Зәбүр 15:1, 2 оқыңыз).
ШАЙТАН АДАМЗАТТЫ ҚАЛАЙ АДАСТЫРУДА?
5. Бүгінде Шайтан адамдарды қалай адастыруда?
5 Шайтанға алданып қалмау біздің қолымыздан келеді. Себебі елші Пауыл: “Біз оның айла-амалдарын жақсы білеміз”,— деген (Қорынттықтарға 2-хат 2:11). Біз бүкіл дүние Шайтанның уысында екенін білеміз. Оның ішінде жалған дін, жемқор үкіметтер мен ашкөз сауда-саттық бар (Жоханның 1-хаты 5:19). Сол себепті Шайтан мен жын-перілер ықпалды адамдарды өтірік айтуға итермелеп жатқанына таңғалмаймыз (Тімөтеге 1-хат 4:1, 2). Мәселен, кейбір бизнесмендер өздерінің зиянды тауарларын сату үшін я көп ақша табу үшін жарнамаларында өтірік айтады.
6, 7. а) Неге діни жетекшілердің өтірігі барып тұрған сорақылық деуге болады? ә) Сіз діни жетекшілердің қандай өтірігін естігенсіз?
6 Діни жетекшілердің өтірігі — барып тұрған сорақылық. Неге? Өйткені әлдекім олардың жалған ілімдеріне сенсе және Құдай жек көретінді істесе, ондай адам мәңгі өмір сүру мүмкіндігінен айырылып қалуы мүмкін (Ошия 4:9). Иса өз заманындағы діни жетекшілердің жұртты алдап жүргенін білген. Иса оларға батылдықпен былай деген: “Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екіжүзділер, сендер қасіретке қаласыңдар! Бір адамды болса да діндеріңе кіргізу үшін, теңіз бен құрлықты шарлап шығасыңдар. Ал кіргізген соң, оны... жаһаннамға түсуге лайық қыласыңдар”. “Жаһаннам” деген — мәңгілікке жойылуды білдіреді (Матай 23:15). Иса жалған діни жетекшілердің “кісі өлтіруші” болып табылатын Ібіліске ұқсайтынын айтқан (Жохан 8:44).
7 Қазіргі таңда да діни жетекшілер көп. Олар пастор, раввин және тағы басқа лауазымдармен аталады. Парызшылдар сияқты, олар да Құдай Сөзіндегі шындықты үйретпейді. Қайта, “Құдайдың шындығын жалғандыққа ауыстырған” (Римдіктерге 1:18, 25). Олар тозақ оты, өлмес жан, реинкарнация бар деп үйретеді, гомосексуализм мен бір жынысты неке Құдай алдында ұнамды дейді. Бұл олар айтатын өтіріктердің кейбірі ғана.
8. Жуырда саяси басшылар қандай өтірік айтады, бірақ біз оған қалай қарауымыз керек?
8 Өтірік айтатын саясаткерлер де бар. Жуырда олардың ең үлкен өтіріктерінің бірі әлемге “бейбітшілік пен қауіпсіздік” орнатамыз дегені болмақ. Алайда “олардың жойылатын кезі кенеттен келеді”. Сол себепті саясаткерлердің дүниедегі жағдай жақсарып жатыр дегеніне сенбеуіміз керек. Бірақ біз “Ехобаның күні тап ұрының түнде түсетіні сияқты келетінін” жақсы білеміз (Салоникалықтарға 1-хат 5:1—4).
АДАМДАР НЕГЕ ӨТІРІК АЙТАДЫ?
9, 10. а) Адамдар неге өтірік сөйлейді және мұның салдары қандай? ә) Ехоба жайлы нені есте ұстауымыз керек?
9 Бүгінде өтірік айтатындар тек ықпалды адамдар емес. Бір журналдың “Неге біз өтірік айтамыз?” атты мақаласында: “Көпшілік өтірік айтуды адамға тән нәрсе деп қарастырады”,— делінген. Былайша айтқанда, адамдар өтірік айтуды кәдімгі әрі табиғи нәрсе деп есептейді. Адамдар өздерін қорғау үшін, мысалы жасаған қателігін я қылмысын жасыру үшін, өтірік айтады. Өтірікке итермелейтін тағы бір себеп — адамдар ақшалай я басқалай пайда көруді көздейді. Аталмыш мақалада кейбір адамдардың “бейтаныстарға, әріптестерге, достар мен сүйікті адамдарға” өтірік айтқанда тұрған ештеңе жоқ деп есептейтіні де сөз етілген.
Адамдар басқаларды алдай алса да, Ехобаны алдай алмайды
10 Бұл өтіріктердің салдары қандай? Адамдар бір-біріне сенуден қалды, қарым-қатынастары құрдымға кетіп барады. Мысалы, әйелі күйеуінің көзіне шөп салып, мұнысын жасыру үшін өтірік айтқанын білсе, адал жары қандай күй кешетінін ойлап көріңізші. Я болмаса отағасы жұрттың көзінше сүюші де қамқор адамдай сыңай танытып, бірақ үйде әйелі мен бала-шағасына қорлық көрсетсе, мұнысы сұмдық іс болар еді. Мұндай адамдар басқаларды алдай алса да, Ехобаны алдай алмайтындарын ұмытпаулары керек. Киелі кітапта “оның көз алдында бәрі ашық та айқын” екендігі айтылған (Еврейлерге 4:13).
11. Анани мен Зәпира жайлы оқиғадан қандай сабақ аламыз? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)
11 Киелі кітапта Шайтанның ықпалына беріліп, Құдайға өтірік айтқан бір мәсіхші ерлі-зайыптының мысалы бар. Олардың есімдері — Анани мен Зәпира. Олар елшілерді алдамақ болды. Өздерінің меншіктерін сатып, елшілерге түскен ақшаның бір бөлігін ғана берді. Олар қауымдағы бауырластарға әсер қалдырғысы келіп, елшілерге бар ақшаны бердік деп айтты. Бірақ Ехоба мұның өтірік екенін білді, сол себепті оларды жазаға тартты (12. Зұлым ниетпен өтірік айтып, онысына өкінбейтін адамдармен не болады және неліктен?
12 Ехоба өтірікшілерге қалай қарайды? Зұлым ниетпен жалған сөйлейтін және мұнысына өкінбейтін адамдардың бәрі Шайтан іспетті “жанып жатқан көлге” тасталады. Былайша айтқанда, мәңгіге жойылады (Аян 20:10; 21:8; Зәбүр 5:6). Неліктен? Себебі Ехоба мұндай өтірікшілерді “иттердің”, яғни “жеркенішті істер жасайтындардың” қатарына қояды (Аян 22:15, сілтеме).
13. Біз Ехоба жайлы не білеміз және бұл бізді не істеуге талпындырады?
13 “Құдай — өтірік айтатын пенде емес”, оның “өтірік айтуы мүмкін емес”. Бұл шындықты біз жақсы білеміз (Мұсаның 4-жазбасы 23:19; Еврейлерге 6:18). Ехоба “өтірік айтатын тілді” жек көреді (Нақыл сөздер 6:16, 17). Оған ұнағымыз келсе, шындықты айтуымыз керек. Сондықтан біз “бір-бірімізге өтірік айтпаймыз” (Қолостықтарға 3:9).
БІЗ “ШЫНДЫҚТЫ АЙТАМЫЗ”
14. а) Шынайы мәсіхшілерді жалған дінді ұстанатын адамдардан не ерекшелендіреді? ә) Лұқа 6:45-тегі принципті түсіндіріңіз.
14 Шынайы мәсіхшілер жалған дінді ұстанатын адамдардан несімен ерекшеленеді? Мысалы, біз “шындықты айтамыз” (Зәкәрия 8:16, 17 оқыңыз). Елші Пауыл: “Өзімізді Құдайдың қызметшісі ретінде танытамыз. Мұны... шындықты айтуымызбен [көрсетеміз]”,— деген (Қорынттықтарға 2-хат 6:4, 7). Иса да: “Адамның жүрегі неге толса, аузы соны айтар”,— деген (Лұқа 6:45). Бұл сөздер шыншыл адам шындықты айтады дегенді білдіреді. Мұндай адам бейтаныстарға, әріптестеріне, достары мен сүйікті адамдарына өтірік айтпайды. Ендеше, әрдайым шыншыл болудың бірнеше жолын талқылайық.
15. а) Екі жақты өмір сүру неліктен қауіпті? ә) Жастарға құрдастарының қысымына берілмеуге не көмектеседі? (Сілтемені қараңыз.)
15 Егер жас қыз я бозбала болсаң, құрдастарыңның арасында ақ қарғадай болғың келмейтін шығар. Осы қалаудың жетегінде кетіп, кейбір жастар екі жақты өмір кеше бастаған. Олар үйде және қауымда жүргенде өнегелік жағынан таза болғансиды да, бірақ әлеуметтік медианы қолданғанда не Ехобаға қызмет етпейтін адамдармен араласқанда мүлдем басқа адам болып шыға келеді. Олар жаман сөздер айтуы, ашық-шашық киінуі, тұрпайы әуендер тыңдауы, мас болғанша ішімдік ішуі, есірткі қабылдауы, жасырын түрде қызбен не жігітпен кездесуі я болмаса басқа да жаман істерді жасауы мүмкін. Осылай олар ата-аналарына, бауырластарға және Ехобаға өтірік айтады (Зәбүр 26:4, 5). Ехоба өзін ауызбен ғана дәріптеп, жеккөрінішті істер істейтін адамдарды көріп тұр (Марқа 7:6). Сондықтан: “Жүрегіңде қызықпа күнәкарға, Ехобадан қорқып жүр күнұзаққа”,— деген нақыл сөзге құлақ асқаның әлдеқайда дұрыс (Нақыл сөздер 23:17) *.
16. Толық уақытты қызметке өтініш қағазын толтырғанда, жауаптарымыз қандай болу керек?
16 Егер сіз тұрақты ізашар болғыңыз келсе не бетелдік қызмет сияқты арнайы толық уақытты қызметті бастағыңыз келсе, онда өтініш қағазын толтыру керек болады. Ондағы денсаулығыңызға, ойын-сауыққа, өнегелілікке қатысты сұрақтарға шыншыл жауап бергеніңіз өте маңызды (Еврейлерге 13:18). Ал егер Ехоба жек көретін іс жасап қойсаңыз немесе қандай да бір ісіңіз үшін ар-ұжданыңыз мазалап жүрсе ше? Бұл жайлы ақсақалдармен сөйлеспеген болсаңыз, оларға барып көмек сұраңыз. Сонда Ехобаға таза ар-ұжданмен қызмет ете аласыз (Римдіктерге 9:1; Ғалаттықтарға 6:1).
17. Қудалаушылар бауырластарымыз жайлы сұрақтар қойса, не істеуіміз керек?
17 Сіз іс-шарамызға тыйым салынған елде тұрып жатырсыз делік. Билігі барлар бізді қамауға алып, бауырластар жайлы сұрай бастаса, не істейсіз? Оларға бар білетініңізді айтуыңыз керек пе? Иса римдік әмірші сұрақтар қойғанда, қалай әрекет етті? Ол Киелі Уағыздаушы 3:1, 7; Матай 27:11—14). Біз де сондай жағдайға кезіксек, бауырластарымызды қауіпке тікпес үшін ақылмен әрекет етіп, абай болғанымыз жөн (Нақыл сөздер 10:19; 11:12).
кітаптағы “үндемейтін уақыт, сөйлейтін уақыт” бар деген принципті ұстанған (18. Ақсақалдар бауырластар жайлы сұрақтар қойса, не істеуіміз керек?
18 Егер сіз қауымдағы бір бауырластың ауыр күнә жасағанынан хабардар болсаңыз ше? Ақсақалдар қауымның өнегелік тазалығына жауапты болғандықтан, сізден бұл жағдай туралы не білетініңізді сұрауы мүмкін. Сондай кезде не істейсіз? Күнә жасаған адам сіздің жақын досыңыз я туысыңыз болса ше? Киелі кітапта: “Адал куәгер шындықты айтады”,— делінген (Нақыл сөздер 12:17; 21:28). Сондықтан ешбір жайтты жасырмай, ақсақалдарға бар шындықты айтуымыз керек. Ақсақалдар толық мәліметті білуге құқылы, сонда олар күнә жасаған адамға Ехобамен қарым-қатынасын қалпына келтіруге көмектесудің ең жақсы жолын таба алады (Жақып 5:14, 15).
19. Келесі мақалада не талқылаймыз?
19 Дәуіт Ехобаға: “Адамның ішкі сарайының шынайылығы сені рақатқа бөлейді”,— деп дұға еткен (Зәбүр 51:6). Дәуіт ішкі дүниеміздің қандай екені бәрінен де маңызды екенін білген. Шынайы мәсіхшілер әрқашан “бір-біріне шындықты айтады”. Жалған дінді ұстанушыларға ұқсамайтынымызды көрсетудің тағы бір жолы — Киелі кітаптағы шындықты үйрету. Мұны қызметте қалай істей алатынымыз жайлы келесі мақалада сөз етіледі.
^ 15-абзац Келесі мәлімет көздерін қараңыз: “Жастарды қызықтыратын 10 сұрақ” атты кітапшаның “Мектептегі қысымға қалай төтеп берсем болады?” деген 6-сұрағы және “Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер”, 2-том (ор.) кітабының 16-тарауы.