Еш нәрсе бізді сыйымыздан айырып жүрмесін
“Ешкім сендерді сыйларыңнан айырып жүрмесін” (ҚОЛОСТЫҚТАРҒА 2:18).
ӘНДЕР: 32, 134
1, 2. а) Құдайдың қызметшілері қандай сыйды асыға күтеді? ә) Сыйға көз тігуге не жәрдемдеседі? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)
МАЙЛАНҒАН мәсіхшілердің асыл үміті бар. Олар көктегі өмірге асық. Елші Пауыл осы үмітті “Құдайдың сыйы” деп атаған (Філіпіліктерге 3:14). Көкте олар Мәсіх Патшалығында Исамен бірге билік етіп, адамдарға кемелділікке жетуге көмектеседі (Аян 20:6). Бұл — керемет үміт! Басқа қойлар болса өзге сыйды күтеді. Олар жер бетіндегі жұмақта мәңгі өмір сүруге үміттенеді әрі бұл үміттеріне қатты қуанады! (Петірдің 2-хаты 3:13).
2 Пауыл өз заманындағы майланған бауырластары адал болып, сыйды алса екен деді. Сол үшін оларға: “Көктегі нәрселерді ойлаңдар”,— деді (Қолостықтарға 3:2). Иә, олар көкпен байланысты асыл үміттеріне бар назарын аудару керек еді (Қолостықтарға 1:4, 5). Ехобаның баталары жайлы ойланғаны Құдайдың барлық қызметшілеріне, мейлі олар көкте не жерде өмір сүруге үміттенсін, алатын сыйларына көз тігуге жәрдемдеседі (Қорынттықтарға 1-хат 9:24).
3. Пауыл бауырластарға не жайлы ескертті?
Қолостықтарға 2:16—18). Сондай-ақ ол әлі күнге дейін бар қауіп-қатерді сөз етіп, олар бізді сыйымыздан айыруы мүмкін екенін айтқан. Оның ішінде азғын қалаулармен қалай күресу керектігін, үй ішімізде не қауымдағы бауырластармен қиындықтар туындағанда не істеу керектігін түсіндірген. Пауылдың берген құнды кеңестері біз үшін де пайдалы. Сондықтан оның қолостықтарға сүйіспеншілікпен берген кей ескертулерін қарастырып өтелік.
3 Сонымен қатар Пауыл бауырластарға сыйға қауіп төндіретін жайттар туралы да ескертті. Мысалы, қолостықтарға арнаған хатында ол Мәсіхке сену арқылы емес, Мұса Заңын ұстану арқылы Құдайға ұнаймыз деп ойлаған жалған мәсіхшілер жайлы жазған (АЗҒЫН ҚАЛАУЛАРДЫ ӨЛТІРУ
4. Неге азғын қалаулар бізді сыйымыздан айыруы мүмкін?
4 Пауыл бауырластарының есіне тамаша үміттерін салған соң, былай деп жазды: “Сондықтан топырақтан жаралған дене мүшелеріңнен туындайтын азғындық, арам істер, нәпсіқұмарлық, зиянды құмарлық және... ашкөздік сияқты бейімділіктеріңді өлтіріңдер” (Қолостықтарға 3:5). Азғын қалауларымыз өте күшті болуы мүмкін және оның кесірінен Ехобамен қарым-қатынасымыз бұзылып, болашаққа деген үмітімізден айырылып қалуымыз да ғажап емес. Өнегесіз қалауларына бой алдырған, бірақ кейіннен қауымға қайтып оралған бір ер бауырлас айтқандай, бұл қалаулар оның бойын билеп алғаны сонша, ол “тым кеш болғанша, соның жетегінде жүре берген”.
5. Қауіпті жағдайларда өзімізді қалай қорғай аламыз?
5 Ехобаның өнегелік талаптарынан тайып кетуіміз мүмкін жағдайда болсақ, сақ болу әсіресе маңызды. Мысалы, кездесіп жүрген жұптар әуел бастан Киелі кітаптың қол ұстасу, сүйісу мен оңашада қалуға қатысты тәлімдерін қалай қолданатынын талқылап алғандары жөн болады (Нақыл сөздер 22:3). Я болмаса іссапармен жүргенде не қарсы жынысты адаммен жұмыс істегенде қауіпті жағдайлар тууы мүмкін (Нақыл сөздер 2:10—12, 16). Осындай жағдайларда сіз өзіңізді қалай қорғай аласыз? Ехоба куәгері екеніңізді айтыңыз. Жүріс-тұрысыңыз өнегелі болсын әрі қылымсу мен қырындаудың құрдымға әкелетінін ешқашан ұмытпаңыз. Мұңайған не жалғызсыраған кездері де өте абай болуымыз керек. Сондайда біреудің көңіл бөліп, бізді бағалайтынын сезінгіміз келетін шығар. Күдеріміз үзілгені сонша, бізге көңіл білдірген кез келген адамның ығына көніп кетуіміз мүмкін. Бұл қауіпті жағдай. Осындай сезімдер бойыңызда пайда болса, сыйыңыздан айыратын ешқандай әрекетке бармаңыз. Ехоба мен бауырластарыңыздың көмегіне жүгініңіз (Зәбүр 34:18; Нақыл сөздер 13:20 оқыңыз).
6. Көңіл көтеру түрін таңдағанда нені есте ұстауымыз қажет?
6 Азғын қалауларды өлтіру үшін, бізге өнегесіз көңіл көтеру түрлерінен аулақ болу керек. Бүгіндегі көңіл көтеру түрлерінің басым бөлігі Содом мен Ғоморадағы жағдайды еске салады (Яһуда 7). Ойын-сауық түрлерін шығарушылар жыныстық өнегесіздікті кәдімгі, еш қауіпсіз жайт етіп көрсетеді. Демек, бізге әрқашан сақ жүру керек. Біз осы дүние ұсынатын кез келген көңіл көтеру түрлерін қабылдай бермеуіміз қажет. Керісінше, сыйымыздан айырмайтын ойын-сауық түрлерін таңдағанымыз абзал (Нақыл сөздер 4:23).
СҮЙІСПЕНШІЛІК ПЕН МЕЙІРІМДІЛІККЕ БӨЛЕНЕЙІК
7. Мәсіхшілік қауымда қандай қиындықтар туындауы мүмкін?
7 Мәсіхшілік қауымның мүшесі болғанымызға біз өте қуаныштымыз. Біз қауым кездесулерінде Құдай Сөзін зерттейміз және бір-бірімізді сүйіспеншілікпен демеп-қолдаймыз. Бұлай еткеніміз сыйға бар назарымызды аударуға көмектеседі. Дегенмен кейде бауырластар арасында түсініспеушіліктің салдарынан қиындық болып тұрады. Мұндай қиындықтарды шешіп алмасақ, артынан ашу-ызаға берілуіміз оп-оңай (Петірдің 1-хаты 3:8, 9 оқыңыз).
8, 9. а) Сыйымызды алуға қандай қасиеттер көмектеседі? ә) Бауырласымыз бізді ренжітіп қойса, татулық сақтауға не көмектеседі?
8 Ашу-ызаның бізді сыйымыздан айыруына жол бермеуіміз керек. Мәсіхшілер не істеу керектігін айтып Пауыл былай деген: “Құдай таңдаған, қасиетті де сүйікті адамдар ретінде жанашырлық, мейірімділік, кішіпейілділік, жұмсақтық, шыдамдылық сияқты қасиеттерге бөленіңдер. Егер әлдекімнің біреуге ренжуге себебі болса да, өзара төзімді болып, бір-біріңді кеңпейілмен кешіріңдер. Ехобаның өздеріңді кеңпейілмен кешіргеніндей, сендер де солай етіңдер. Бұған қоса, сүйіспеншілікке бөленіңдер, өйткені ол адамдарды толықтай біріктіреді” (Қолостықтарға 3:12—14).
9 Сүйіспеншілік пен мейірімділік өзгелерді кешіруге көмектеседі. Біреудің сөзі не ісі жанымызға батса, өзіміздің де басқаларды сөзімізбен не әрекетімізбен жаралағанымызды әрі олардың бізді кешіргенін еске алсақ болады. Сол кезде олардың сүйіспеншілігі мен мейірімділігіне өте риза болғанымыз сөзсіз! (Уағыздаушы 7:21, 22 оқыңыз). Мәсіх шынайы ғибадат ететіндерді мейірімділікпен біріктіргеніне ризашылығымыз шексіз (Қолостықтарға 3:15). Бәріміз бір Құдайды жақсы көреміз, бір хабарды уағыздаймыз, көріп жүрген көп қиындығымыз да бірдей. Бір-бірімізді сүйіп, мейірімді болсақ, кешіре білсек, қауымымыздың бірлігі нығая түседі әрі сыйымыздан да көз жазбаймыз.
10, 11. а) Қызғаныш неге қауіпті? ә) Қызғаныш сыйымыздан айырып жүрмеуі үшін не істеуіміз керек?
10 Қызғаныш сыйды алуымызға кедергі жасауы мүмкін. Киелі кітаптағы мысалдардан қызғаныштың қаншалықты қауіпті екенін білеміз. Мысалы, Қабыл Әбілді іштарлықтан өлтіріп тастады. Қорах, Датан, Әбирам үшеуі Мұсаны көре алмай, оған қарсы бас көтерді. Саул патша Дәуітке қызғанышпен қарап, өлтіргісі келді. Құдай Сөзіндегі мына сөздер өте рас айтылған: “Қызғаныш пен жанжалқұмарлық бар жерде тәртіпсіздік пен жамандық атаулының бәрі де болады” (Жақып 3:16).
11 Шынайы сүйіспеншілік пен мейірімділікке бөленуге барынша күш салсақ, қызғанышқа оңайлықпен бой бермейтін боламыз. Киелі кітапта: “Сүйіспеншілік шыдамды да мейірімді; сүйіспеншілік қызғанбайды”,— делінген (Қорынттықтарға 1-хат 13:4). Қызғаныш болмысымыздың бір қырына айналмауы үшін кез келген мәселеде Ехобанікіндей көзқарасты ұстануға тырысуымыз керек. Бауырластарымызға қауымның, яғни бір дененің мүшелері ретінде қарауға тиіспіз. Киелі кітапта былай делінген: “Бір мүше дәріптелсе, онымен бірге бәрі қуанады” (Қорынттықтарға 1-хат 12:16—18, 26). Бауырласымыз бір қуанышқа жетіп жатса, біз оған қызғанышпен қарамаймыз, қайта, қуанышына ортақтасамыз. Саул патшаның ұлы Жонатан керемет үлгі қалдырған. Патша болуға өзі емес, Дәуіт таңдалған кезде ол қызғанбады. Ол тіпті Дәуітті жігерлендіріп, қолдау көрсетті (Самуилдің 1-жазбасы 23:16—18). Біз де Жонатан сияқты болып, мейірімділік пен сүйіспеншілік көрсете аламыз ба?
СЫЙҒА ОТБАСЫМЫЗБЕН ИЕ БОЛАЙЫҚ
12. Киелі кітаптағы қандай кеңес сіздің отбасыңызға сыйды алуға көмектеседі?
12 Отбасымыздың әрбір мүшесі Киелі кітап принциптерін ұстанса, үй ішіміз тату-тәтті тұрып, бақытты болады әрі алдағы сыйға ие болады. Пауыл отбасыларына мына бір керемет кеңесті берген: “Әйелдер, Иемізбен байланыстағы сендер күйеулеріңе бағыныңдар. Күйеулер, әрдайым әйелдеріңді сүйіңдер, оларға кәрлеріңді төкпеңдер. Балалар, әрдайым ата-аналарыңа мойынсұныңдар, өйткені бұл Иемізге ұнайды. Әкелер, балаларыңның көңілі түспеуі үшін, оларды ызаландырмаңдар” (Қолостықтарға 3:18—21). Қалай ойлайсыз, сіздің отбасыңыз бұл кеңестің қандай пайдасын көре алады?
13. Әйел бауырлас сенбейтін күйеуінің Ехобаға қызмет етуге деген ықыласын қалай оята алады?
13 Қымбатты әйел бауырлас, бәлкім, сіздің күйеуіңіз Ехобаға қызмет етпейтін болар. Егер жұбайыңыз сізге жұмсақтық пен құрмет танытпаса, не істейсіз? Ашуға беріліп, ұрыс шығарсаңыз, жағдай оңала ма? Дегеніңізге қол жеткізсеңіз Петірдің 1-хаты 3:1, 2 оқыңыз).
де, мұнымен күйеуіңіздің Ехобаға қызмет етуге деген ықыласын оятасыз ба? Сірә, оятпассыз. Ал егер күйеуіңізге отағасы ретінде құрмет көрсетсеңіз, отбасыңыздың ұйыған айрандай болуына үлес қосасыз әрі Ехобаны даңқтайсыз. Сіздің үлгіңіз күйеуіңіздің бойында Ехобаға қызмет етуге деген ықылас оятып, нәтижесінде екеуіңіз де сыйға ие бола аласыздар (14. Сенбейтін әйелі құрметтемейтін болса, ер бауырлас не істеуі керек?
14 Қымбатты ер бауырлас, бәлкім, сіздің әйеліңіз Ехобаға қызмет етпейтін шығар. Егер ол сізді құрметтемейді деп ойласаңыз, не істейсіз? Әйеліңізге айқай салып, үйде кім қожайын екенін көрсетсеңіз, ол сізді құрметтейтін бола ма? Әрине, жоқ! Құдай сізден Исаға еліктеп, сүюші күйеу болады деп күтеді (Ефестіктерге 5:23). Қауымның басы Иса әрқашан шыдамдылық пен сүйіспеншілік танытады (Лұқа 9:46—48). Сіз Исаға еліктесеңіз, уақыт өте келе жарыңыз да Ехобаға қызмет етуге ықылас білдіруі мүмкін.
15. Мәсіхші күйеу әйелін сүйетінін оған қалай көрсетеді?
15 Ехоба күйеулерге мынадай басшылық берген: “Әрдайым әйелдеріңді сүйіңдер, оларға кәрлеріңді төкпеңдер” (Қолостықтарға 3:19). Сүйіспеншілігі мол күйеу әйеліне құрмет көрсетеді. Қалай? Ол оның ой-пікірімен санасады және әйелінің не дейтіні ол үшін маңызды екенін көрсетеді (Петірдің 1-хаты 3:7). Оның барлық өтінішін орындай алмаса да, әйелін құлақ қойып тыңдағанының арқасында ол әлдеқайда дұрыс шешімдер қабылдай алады (Нақыл сөздер 15:22). Сүюші күйеу әйелінен құрмет көрсетуді күштеп талап етпейді. Керісінше, оның құрметіне бөленудің жолын іздейді. Отағасы әйелі мен балаларын сүйсе, олар бақытты болып, Ехобаға қызмет етуі әрі өмір сыйына ие болуы әбден мүмкін.
ЖАСТАР, СЫЙДЫ АЛУЛАРЫҢА ЕШТЕҢЕ КЕДЕРГІ БОЛМАСЫН!
16, 17. Жастық шағыңда ата-анаңа қатты ренжімеуге не көмектеседі?
16 Қымбатты жасөспірім, бәлкім, ата-анаң сені түсінбейтіндей не тым қатал көрінетін шығар. Бұған қатты ренжіп, тіпті Ехобаға қызмет еткің келмей қалуы да мүмкін. Бірақ Ехобаны тастап кетсең, мына әлемде сені мәсіхші ата-анаң мен қауымдағы достарың сияқты ешкім жақсы көрмейтінін түсінесің.
17 Ойланып көрші, егер ата-анаң сені еш түзетпейтін болса, олар сенің қамыңды ойлайды деуге болар ма еді? (Еврейлерге 12:8). Әрине, ата-анаң кемелсіз болғандықтан, олардың сені қалай түзететініне қапа болатын шығарсың. Бірақ оған қадалып қалма. Олардың айтқан сөздері мен істеріне қандай себептер түрткі болғанын түсінуге тырыс. Бұлқан-талқан болмай, сабыр сақта. Құдай Сөзінде: “Білімді байыппен сөйлер, Парықты сабыр сақтар”,— делінген (Нақыл сөздер 17:27). Кеңес қалай берілгеніне қарамастан, оны қабылдап, сабақ ала білетін толысқан адам болуға мақсат қой (Нақыл сөздер 1:8). Ехобаны сүйетін ата-анаңның бары теңдессіз сый екенін еш ұмытпағайсың. Олар сенің мәңгі өмір сыйын алуың үшін көмегін аямайды.
18. Не себепті алдағы сыйға көз тігуге бекіндіңіз?
18 Үмітіміз көктегі я жердегі мәңгі өмір болсын, бәріміз де жарқын болашаққа көз тігеміз. Бұл — шынайы үміт. Ол әлемнің Жаратушысының берген уәдесіне негізделген. Жұмақтағы өмір жайлы Құдай: “Жер беті Ехоба туралы білімге толады”,— деген (Ишая 11:9). Жақында жердің әрбір тұрғыны Құдайдың тәлімін алады. Осы сыйға барынша күш салғанымыз тұрарлық іс емес пе?! Сондықтан Ехобаның сізге берген уәдесін ешқашан естен шығармаңыз және ештеңенің сізді сыйдан айыруына жол бермеңіз!