Сіз білгенсіз бе?
Ежелгі заманда жол жүрген адамдар қалай от тұтатқан?
МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫНЫҢ 22-тарауында Құдай Ыбырайымға үйінен алыс жерге барып құрбандық шалуды тапсырғаны айтылған. Онда: “Ыбырайым өртелетін құрбандыққа арналған отынды алып, ұлы Ысқақтың иығына артты. Ал өзі қолына от пен пышақ алып, екеуі жүріп кетті”,— делінген (Мұсаның 1-жазбасы 22:6).
Ежелгі уақытта адамдар отты қалай жаққаны жайлы Киелі кітапта нақты ештеңе айтылмаған. Олай болса, Ыбырайым мен Ысқақ отты жағып, сосын оны өздерімен алып жүрген бе? Бір Киелі кітапты түсіндірушінің айтуынша, адамдар жанған отты “ұзақ сапар кезінде өшірмей алып жүре” алмаған болса керек. Сондықтан Ыбырайым мен баласы отты жағуға қажетті заттардың бәрін өздерімен алып шыққан болар.
Ал өзгелердің ойынша, ол заманда от тұтату оңай болмаған. Сол себептен жұрт мүмкін болса жанып тұрған дайын оттан, мысалы, көршілерінікінен болар, қызған шоқ алып, от жаққан. Көптеген ғалымдар Ыбырайым да ұзақ жолға шықпас бұрын, жанып тұрған оттан біраз ыстық шоқ алып алған деп есептейді. Ол жол жүргенде, шоқты шынжырға ілінген шұңғыл қыш ыдысқа салып алып жүрсе керек (Ишая 30:14). Ал жол-жөнекей от қажет болғанда, ыстық шоқ пен майда құрғақ ағаштарды алып, от тұтатқан болар.