Сыналғанда қарапайымдылық сақтайық
“Құдайыңның жолында қарапайым болып жүр” (МИХА 6:8).
ӘНДЕР: 48, 95
1—3. Яһудадан келген пайғамбар не істеген жоқ және мұның салдары қандай болды? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)
ИСРАИЛ ПАТШАСЫ Еробоғам Бетел қаласында жалған құдайға арнап құрбандық ошағын тұрғызады. Ехоба Еробоғамға үкім айту үшін Яһуда елінен бір пайғамбарды жібереді. Бұл кішіпейіл пайғамбар Құдайдың айтқанын істеп, хабарды түгел жеткізеді. Бұны естігенде, патша пайғамбарға қатты ашуланады, бірақ Ехоба өз қызметшісін қорғап қалады (Патшалар 1-жазба 13:1—10).
2 Үйіне қайтып бара жатқан жолда әлгі пайғамбарға бір қарт кісі кезіге кетеді. Ол өзін Ехобаның пайғамбарымын деп таныстырады. Ол өтірік айтып, жаңағы пайғамбарға Ехобаның “ол жерде нан жеп, су ішпе, келген жолыңмен де қайтушы болма” деген қатаң бұйрығына құлақ аспауға иландырады. Пайғамбардың мойынсұнбаушылық танытып, әлгі кісіге еріп кеткені Ехобаға қатты ұнамайды. Кейінірек үйіне қайтып бара жатқанда, оған бір арыстан тап беріп, өлтіріп тастайды (Патшалар 1-жазба 13:11—24).
3 Кезінде қарапайым болған бұл пайғамбар қалайша менмен әрекет етіп, қарт кісінің сөзіне еріп кетті? Киелі кітапта бұл туралы ештеңе айтылмаған. Бірақ ол “Құдайдың Миха 6:8 оқыңыз). Киелі кітапта Ехобаның жолында жүру деген ұғым оған сенім артуды, басшылығына жүгініп, оған мойынсұнуды білдіреді. Қарапайым адам сүйіспеншілігі мол әрі құдіреті шексіз Әкесіне үнемі дұға етіп отыруы керектігін жақсы түсінеді. Әлгі пайғамбар қарапайымдылықты сақтағанда, Ехобадан нұсқауының өзгерген-өзгермегені жайлы сұрар еді, бірақ Жазбаларда оның олай еткені айтылмаған. Кейде бізге де қиын шешімдер қабылдауға тура келеді, әрі мұндайда Ехоба не істегенімізді қалайтыны анық болмауы мүмкін. Егер қарапайымдылық танытып, Ехобадан басшылық сұрайтын болсақ, ауыр қателіктер жасап жүрмейміз.
жолында қарапайым болып жүру” керектігін мүлдем ұмытып кеткен сияқты (4. Бұл мақаладан не білеміз?
4 Алдыңғы мақаладан біз қарапайымдылықтың не екенін және бұл қасиеттің біз үшін неліктен маңызды екенін білдік. Алайда қарапайымдылығымыз қандай жағдайларда сыналуы мүмкін? Сондай кезде қалай қарапайым болып қала аламыз? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін жиі кездесетін үш жағдайды қарастырып, әрбір жағдайда қалай даналықпен әрекет етуге болатынын көрейік (Нақыл сөздер 11:2).
ЖАҒДАЙЫМЫЗ ӨЗГЕРГЕНДЕ
5, 6. Барзилай өзінің қарапайым екенін қалай көрсетті?
5 Жағдайымыз не міндеттеріміз өзгергенде, қарапайымдылығымыз сынға алынуы мүмкін. Бұл ретте Дәуіттің адал досы Барзилайдан үйренеріміз көп. 80 жастағы Барзилайды Дәуіт өзімен бірге патша сарайында тұруға шақырды. Егер барса, ол әрі қарай да патшаның жанында бола алар еді. Бұл бір зор құрмет болса да, Барзилай одан бас тартты. Неге? Жасы келіп қалғандықтан, ол Дәуітке ауыртпалық болғысы келмейтінін айтты. Сөйтіп, өз орнына Кимқамды, баласы болса керек, ұсынды (Самуилдің 2-жазбасы 19:31—37).
6 Қарапайымдылық Барзилайға ақылға қонымды шешім қабылдауға көмектесті. Ол Дәуіттің шақыруынан жауапкершіліктен қашқандықтан не тыныш өмір сүргісі келгендіктен бас тартқан жоқ. Ол бар болғаны өзінің жағдайы бұрынғыдай емес екенін әрі мүмкіндіктерінің шектеулі екенін мойындады. Әлім жетпейтін нәрсені қолға алмай-ақ қояйын деді (Ғалаттықтарға 6:4, 5 оқыңыз). Барзилайға ұқсап, біз де қарапайым болуымыз керек. Атақ-дәреже, танымал болу не жұрттың көзіне түсу сияқты жайттарға көп мән берсек, бұл тек атаққұмарлық, бақталастық секілді рухтың дамуына, ал ақырында түңілу мен көңілдің қалуына алып келеді (Ғалаттықтарға 5:26). Ал қарапайымдылық бәрімізге қабілеттеріміз бен күш-қайратымызды Құдайды дәріптеу үшін және өзгелерге жәрдем беру үшін жұмылдыруға көмектеседі (Қорынттықтарға 1-хат 10:31).
7, 8. Қарапайымдылық өзімізге арқа сүйемеуге қалай көмектеседі?
7 Қолға көбірек жауапкершілік не билік тигенде, қарапайымдылық қасиеті нағыз сынға алынады. Бұл орайда Нехемиядан үлгі алсақ болады. Ол Иерусалимдегі халықтың мүшкіл халде екенін естігенде, олар үшін Ехобаға жалбарынып дұға етті (Нехемия 1:4, 11). Ехоба оның дұғасына жауап берді: Артаксеркс патша Нехемияны сол өңірдің әміршісі етіп сайлады. Ол дәулетті, жоғары лауазымды кісі болса да, ешқашан өзінің тәжірибесі мен қабілетіне арқа сүйемеген. Нехемия әрдайым “Құдайдың жолында” жүріп, үнемі Құдай Заңын оқу арқылы Ехобаның басшылығына жүгінген (Нехемия 8:1, 8, 9). Қолында билік болса да, ол жұртқа өктемдік жасамаған, қайта, оларға өз есебінен қызмет еткен (Нехемия 5:14—19).
Нақыл сөздер 3:5, 6 оқыңыз). Мына дүниеде адамдар қара бастарын ойлап, жұрттың алды болуға ұмтылады. Бірақ Ехобаның қызметшілері ондай емес. Жүктелген жауапкершіліктеріміз бізді отбасында не қауымда өзгелерден артық етеді деп есептемейміз. Керісінше, “Құдай отбасындағы” өз орнымызды есте ұстап, бауырластарымызбен бірге иық тіресе еңбектенеміз (Тімөтеге 1-хат 3:15).
8 Біз де Нехемия сияқты көбірек жауапкершілік алсақ не басқа міндетке тағайындалсақ, қарапайымдылығымызды жоғалтып алғымыз келмесі анық. Мұндайда тек өз қабілетіміз бен тәжірибемізге жүгінуден аулақпыз. Бірақ адам қалай өзіне сенім артып кетеді? Мысалы, тек өзінің тәжірибесіне сүйенген ақсақал дұға етпестен қауымның істеріне кірісіп кетуі мүмкін. Я болмаса қандай да бір бауырлас алдымен шешім қабылдап алып, содан кейін ғана Ехобадан шешіміне батасын беруін сұрайтын шығар. Мұны қарапайымдылық деп атауға бола ма? Қарапайым адам талай рет істеп жүрген істе де өзіне сенім артпайды. Ол өзінің қабілеттері Ехобаның қабілеттерімен салыстыруға да келмейтінін есте ұстайды (СЫН НЕ МАҚТАУ СӨЗ ЕСТІГЕНДЕ
9, 10. Әділетсіз сынға ұшырағанымызда, қарапайымдылық қалай көмектеседі?
9 Әлдебіреу бізді әділетсіз сынап-мінесе, бұған ашуымыз келуі мүмкін. Мұндай жағдай Ханнаның басынан өткен. Күйеуі оны қатты жақсы көрсе де, ол бақытсыз еді, себебі бедеу болатын. Күндесі Пәнана осыны бетіне салық қылып, оны келеке-мазақ еткендіктен, Ханнаның көз жасы тыйылмайтын. Еңсесін қайғы басқан Самуилдің 1-жазбасы 1:5—7, 12—16; 2:1—10).
Ханна бірде дұға ету үшін киелі шатырға барады. Бас діни қызметкер Ели қателесіп, оны ішіп алған деп айыптайды. Ханна сонда да өз-өзін ұстап, оған құрметпен жауап береді. Оның кейін айтқан жан тебірентерлік дұғасы Киелі кітапқа жазылып қалдырылды. Бұл дұға зор сенімге, мадақ пен ризашылыққа тұнып тұр (10 Қарапайымдылық бізге “жамандықты... әрдайым жақсылықпен жеңіп шығуға” көмектеседі (Римдіктерге 12:21). Шайтанның дүниесі жамандыққа толы, сондықтан әділетсіздікке кезігіп жатсақ, таңғалмауымыз керек. Зұлымдардың ісі ашу-ызамызды келтірсе де, оған бой алдырмағанымыз жөн (Зәбүр 37:1). Ал қиындық қауымдағы бауырластармен арамызда туындаса, бұл одан бетер жанымызға батуы мүмкін. Қарапайым адам мұндайда Исаны үлгі тұтады. Киелі кітапта: “Ол жұрт өзіне тіл тигізгенде, оларды ғайбаттамады... қайта, өзін әділ Соттаушыға сеніп тапсырды”,— делінген (Петірдің 1-хаты 2:23). Иса кішіпейіл болған және кек алу Ехобаның ісі екенін, әділетсіздікті өзі түзететінін білген (Римдіктерге 12:19). Біз де кішіпейілділік танытып, “жамандыққа жамандықпен қайтармауымыз” керек (Петірдің 1-хаты 3:8, 9).
11, 12. а) Өзгелер мақтағанда не жағынғанда, қалай қарапайым болып қала аламыз? ә) Сырт көрінісімізбен және өзімізді қалай ұстайтынымызбен қалай қарапайымдылық таныта аламыз?
11 Жұрт бізді мақтағанда я астымызға көпшік қойып жағынған кезде де, қарапайымдылығымыз сыналып жатады. Естер 2:9, 12, 15, 17).
Мысалы, Естерді алсақ, ол мақтау мен жағымпаз сөздерді көптеп естіді. Ол Персия империясындағы қас сұлулардың бірі болған. Бір жыл бойы оған патшаның назарына таласқан көп қыздармен бірге сұлулыққа арналған қымбат күтім жасалды. Соған қарамастан ол өзгелерге деген сый-құрметі мен биязылығынан айныған жоқ. Тіпті патша оны патшайым етіп таңдаған соң да, ол кеуде керіп, өзімшіл болып кетпеді (12 Қарапайымдылық киімімізбен, келбетімізбен, өзімізді қалай ұстайтынымызбен өзгені де, өзімізді де құрметтеуге талпындырады. Біз мақтануға не ерекше көзге түсуге емес, “биязы да жұмсақ мінез” танытуға тырысамыз (Петірдің 1-хаты 3:3, 4 оқыңыз; Еремия 9:23, 24). Өзіміз туралы қандай ойда екеніміз ертелі-кеш сөзіміз бен ісімізден көрініс табады. Мысалы, қандай да бір мәртебелі міндеттер атқарғандықтан, өзгелер білмейтін мәліметті білгендіктен не жауапты бауырластармен жақын қарым-қатынаста болғандықтан, өзімізді ерекше етіп көрсеткіміз келетін шығар. Я болмаса бір нәрсеге өзгелер көмектескенін бұғып, өз күшімізбен қол жеткізгендей әсер қалдырғымыз келуі мүмкін. Бірақ тағы да Исаның үлгісіне назар аударайықшы. Ол өзінің қаншалықты дана екенін көрсетіп, жұртты таңғалдыруына болар еді. Алайда ол жиі Құдай Сөзіне жүгінген. Ол өзін жұрттың даңқ-құрметке бөлегенін қаламады, қайта, барлық атақ-даңқ Ехобаға айтылса екен деді (Жохан 8:28).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАҒАНДА
13, 14. Қарапайымдылық дұрыс шешім қабылдауымызға қалай көмектеседі?
13 Шешім қабылдау — қарапайымдылығымызды сынға алуы мүмкін тағы бір жайт. Елші Пауыл Кесарияда жүргенде, Ехобаның тапсырған ісін аяқтау үшін Иерусалимге бармақ болды. Бірақ Агаб пайғамбар ол жаққа барса, тұтқындалатынын айтты. Ол тіпті сол жерде өліп кетуі де мүмкін еді. Пауыл үшін қорыққан бауырластар одан Иерусалимге бармауды өтінді. Бірақ Пауыл алған бетінен қайтпады. Сонда ол өзіне арқа сүйегендіктен осылай етті ме? Жоқ. Қарапайым болған Пауыл Ехобаға толықтай сенім артты. Бауырластар да қарапайымдылық танытып, оның шешіміне қарсы келмеді (Елшілердің істері 21:10—14).
14 Қарапайымдылық бізге де жағдайымыз қалай өзгеретінін нақты білмесек те, не оны қадағалай алмасақ та, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Мысалы, толық уақытты қызметті бастағымыз келіп жүр делік. Ал егер сырқаттанып қалсақ, не істейміз? Ата-анамыз ауырып, көмекке мұқтаж болса ше? Жасымыз келгенде, жағдайымыз не болмақ? Қанша дұға етіп, қанша ізденіс жүргізсек те, мұндай сұрақтарға толық жауап таба алмаймыз (Уағыздаушы 8:16, 17). Бірақ өз мүмкіндігіміздің шектеулі екенін мойындасақ, Ехобаға арқа сүйейміз. Біз барлық жайтты салмақтап-саралап, өзгелермен ақылдасып, ал ең бастысы, Құдайдан басшылық сұрап дұға етуіміз керек. Содан соң Ехобаның рухы көрсеткен бағыт-бағдарға сай әрекет жасауымыз қажет (Уағыздаушы 11:4—6 оқыңыз). Сонда Ехоба шешімімізге батасын береді, я болмаса жоспарымызды өзгертуге көмектеседі (Нақыл сөздер 16:3, 9).
ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ?
15. Ехоба жайлы ой жүгірткеніміз қарапайым болып қалуға қалай көмектеседі?
15 Қарапайымдылықтың пайдалы тұстары көп болғандықтан, оны қалай дамыта түссек болады? Мұның төрт жолын Ишая 8:13). Біз адамға не періштеге емес, Құдіреті шексіз Құдайға қызмет ететінімізді естен шығармайық. Осы жайлы ойланып-толғанғанымыз кішіпейіл болып, Құдайдың “құдіретті қолының астына бойсұнуға” талпындырады (Петірдің 1-хаты 5:6).
қарастырайық. Біріншіден, Ехоба жайлы ой жүгіртіп, оның асқақ қасиеттері мен дәрежесі жайлы терең ойлануымыз керек. Сонда онымен салыстырғанда өзіміздің қаншалықты кіші екенімізді және қаншалықты аз білетінімізді түсінеміз (16. Ехобаның сүйіспеншілігі жайлы ой жүгірту қарапайым болуға қалай талпындырады?
16 Екіншіден, Ехобаның сүйіспеншілігі жайлы ой жүгірту қарапайым бола түсуімізге септігін тигізеді. Елші Пауыл қауымды адам денесімен салыстыра отырып, Ехоба дененің онша құрмет көрсетілмейтін мүшелеріне “көбірек көңіл бөлетінін” айтқан (Қорынттықтарға 1-хат 12:23, 24). Тап солай, Ехоба мүмкіндіктеріміз шектеулі болса да, әрқайсысымыз үшін қам жейді. Ол бізді өзгелермен салыстырмайды, қателіктер жасап қойған күнде де сүюін доғармайды. Ұйымдағы орнымыз қандай болмасын, Ехобаның бізді жақсы көретініне сенімді бола аламыз.
17. Өзгелердің жақсы жақтарын көруді үйренгеніміз бізге қалай әсер етеді?
17 Үшіншіден, Ехобаға еліктеп, өзгелердің жақсы жақтарын көруге ұмтылсақ, қарапайымдылық қасиетін дамытамыз. Сонда жұртты өзімізге қаратуға тырысудың не басқаларға не істеу керектігін айтудың орнына, олардан ақыл сұрап, кеңестерін қуана қабылдайтын боламыз (Нақыл сөздер 13:10). Бауырластарымыз мәртебелі қызметке тағайындалып жатса, олар үшін шын жүректен қуанамыз. Сондай-ақ “дүниежүзіндегі барлық бауырластарға” батасын төгіп жатқанын көріп, Ехобаны мадаққа бөлейміз (Петірдің 1-хаты 5:9).
18. Ар-ұжданымызды тәрбиелегеніміз қарапайымдылықты ұштауға қалай көмектеседі?
18 Төртіншіден, Киелі кітап принциптеріне сай ар-ұжданымызды тәрбиелеген сайын, қарапайымдылығымыз ұштала түседі. Бұл принциптердің арқасында Ехобаның не ойлап, не сезінетінін білеміз. Барлық жайттарға Ехобаның көзқарасымен қарауды үйренсек, оған ұнамды шешімдер қабылдайтын боламыз. Жүйелі түрде зерттеу, дұға ету және білгендерімізге сай әрекет ету арқылы ар-ұжданымызды қайрай түсеміз (Тімөтеге 1-хат 1:5). Біз алдымен басқалардың мүддесін ойлауды үйренеміз. Егер өз жағымыздан күш салсақ, Ехоба бізге қарапайымдылық пен басқа да қасиеттерді дамытуға көмектесіп, “тәлімімізді ақырына дейін жеткізетінін” уәде етеді (Петірдің 1-хаты 5:10).
19. Бізге қазір де, болашақта да қарапайым болып қалуға не көмектеседі?
19 Мақаланың басында айтылып кеткен Яһудадан келген пайғамбар бір ғана менмен әрекеті үшін Құдаймен достығынан және өмірінен айырылды. Бірақ сынға алынған кезде де қарапайымдылық сақтау қолымыздан келеді. Бұрынғы және қазіргі замандағы Құдайдың адал да қарапайым қызметшілері осыны дәлелдеп кетті. Ехобаның жолында ұзақ жүрген сайын, оған көбірек сенім артып, қарапайым бола түсуіміз керек (Нақыл сөздер 8:13). Қазіргі жағдайымыз не ұйымдағы орнымыз қандай болмасын, Ехобаның жолында жүрудің өзі — теңдесі жоқ тамаша мәртебе! Осы мәртебені қымбат тұтып, Ехобаның жолында мәңгі бақи қарапайым болып жүруге барымызды салайық.