“Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады”
“Көк шөп қурайды, гүлдер де солады, ал Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады” (ИШАЯ 40:8).
ӘНДЕР: 116, 115
1, 2. а) Киелі кітапсыз өміріміз қандай болар еді? ә) Қай кезде Құдай Сөзінің пайдасы көбірек болады?
КИЕЛІ КІТАП болмағанда өміріміз қандай болар еді? Күнделікті өмірімізге бағыт-бағдар беретін дана кеңестер болмас еді. Құдай жайлы, өмір мен болашақ туралы шындықты да білмес едік. Сондай-ақ Ехобаның ежелде адамзат үшін не істегені бізге беймәлім күйі қалар еді.
2 Бақытымызға орай, жағдайымыз мұндай мүшкіл емес. Ехоба бізге өз Сөзі — Киелі кітапты берген. Ол ондағы хабардың мәңгі қалатынын уәде еткен. Елші Петір өз хатында Ишая 40:8-дегі сөздерді келтірген. Бұл тармақ нақты Киелі кітап жайлы болмаса да, оны Киелі кітаптағы хабарға қатыстыруға болады (Петірдің 1-хаты 1:24, 25 оқыңыз). Киелі кітаптың көбірек пайдасын көру үшін, адам оны ана тілінде оқығаны дұрыс. Құдай Сөзін сүйетіндер мұны баяғыдан жақсы білген. Ғасырлар бойы адамдар оны аударып, көпшілікке қолжетімді ету үшін, қарсылықтар мен қиындықтарға қарамай аянбай еңбек еткен. Олардың осындай ықыласы “әртүрлі адамның құтқарылғанын және шындық жайлы тура білім алғанын қалайтын” Ехобаның еркіне сай келді (Тімөтеге 1-хат 2:3, 4).
3. Бұл мақалада біз нені талқылаймыз? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)
3 Бұл мақалада біз Құдай Сөзінің келесі үш жайтқа қарамастан қалай сақталып қалғанын қарастырамыз: 1) тілдің өзгеруі, 2) көпшілікке ортақ тілді өзгерткен саяси оқиғалар және 3) Киелі кітап аудармасына көрсетілген қарсылықтар. Бұны талқылағанымыздың арқасында Киелі кітап пен оның Авторына деген ризашылығымыз тереңдей түседі (ТІЛДІҢ ӨЗГЕРУІ
4. а) Тілдер уақыт өте қалай өзгеріске ұшырайды? ә) Құдай қандай да бір тілді басқаларынан артық санамайтынын қайдан білеміз? Бұл сізді қандай сезімге бөлейді?
4 Тілдер уақыт өте келе өзгеріске ұшырап жатады. Сөздер мен сөз тіркестері бұрынғы мағынасын жоғалтып, мүлде басқа мағынаға ие болып кетуі мүмкін. Бәлкім, өз тіліңізден бұған мысал келтіре алатын шығарсыз. Көне тілдермен де тура осылай болған. Бүгінде адамдар сөйлейтін еврей мен грек тілдері бұрынғы Киелі кітап жазылған еврей мен грек тілдерінен мүлдем өзгеше. Сол көне тілдерде жазылған Киелі кітапты қалың көпшілік түсінбейді, сондықтан олар аудармаға мұқтаж. Кейбіреулер көне еврей және көне грек тілін үйреніп алсам, Киелі кітапты жақсырақ түсінетін боламын деп ойлайды. Бірақ бұның пайдасы өздері ойлағандай көп емес *. Сондықтан бүгінде Киелі кітаптың толық не кейбір бөліктерінің 3200-ден аса тілге аударылғаны үшін алғысымыз шексіз. Ехоба “әрбір ұлт, ру, тілден” шыққан халықтардың бәрі өз Сөзінің игілігін көрсе екен дейді (Аян 14:6 оқыңыз). Бұл бізді сүюші әрі ешкімді алаламайтын Құдайымызға жақындата түседі (Елшілердің істері 10:34).
Бүгінде Киелі кітаптың толық не кейбір бөліктерінің 3200-ден аса тілге аударылғаны үшін алғысымыз шексіз
5. “Король Яковтың аудармасын” ерекше еткен не?
5 Тілдің өзгеруі Киелі кітаптың аудармасына да әсер етеді. Алғаш шығарылған кезде оқуға оңай болған қандай да бір аударма кейінірек түсініксіздеу болып қалуы мүмкін. Мысалы, “Король Яковтың аудармасы” алғаш рет 1611 жылы жарық көрді. Сөйтіп, ағылшын тіліндегі өте көп қолданылатын Киелі кітап аудармаларының біріне айналды. “Король Яковтың аудармасы” тіпті ағылшын тіліне де әсер етті. Бұл аудармада Құдайдың есімі бірнеше жерде ғана кездесетіні рас. Десе де Еврей жазбаларының түпнұсқасында тұрған Құдайдың есімі бұл аударманың көп жерінде “ИЕ” деп бас әріптермен берілген. “Король Яковтың аудармасының” кейінгі басылымдарындағы Грек жазбаларының кейбір тармақтарына да “ИЕ” деген сөз бас әріптермен енгізілді. Осылайша “Король Яковтың аудармасы” Грек жазбаларында
да (“Жаңа өсиет” деп аталып кеткен) Құдайдың есімі болу керектігін мойындады.6. Неге “Жаңа дүние аудармасы” үшін қатты ризамыз?
6 Бастапқыда “Король Яковтың аудармасында” қолданылған сөздер сол заманның адамдарына түсінікті болды. Бірақ уақыт өте келе, ондағы кейбір сөздер көнере бастады. Қазір оларды түсіну қиын. Киелі кітаптың басқа тілдердегі бұрынғы аудармаларымен де осылай болған. Сондықтан қолымызда заманауи тілмен жазылған “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы” болғанына біз қатты ризамыз. Бұл аударма толықтай не жартылай 150-ден астам тілде қолжетімді. Демек, дүниежүзіндегі адамдардың көпшілігі бұл аударманы өз ана тілдерінде оқи алады. Онда қолданылған заманауи әрі түсінікті сөздердің арқасында Құдай хабары жүрегімізге тез жетеді (Зәбүр 119:97). Бірақ “Жаңа дүние аудармасын” аса ерекше ететін нәрсе — Құдай есімінің түпнұсқадағыдай тиісті жерлердің бәріне қойылып шыққаны.
САЯСИ ОҚИҒАЛАР
7, 8. а) Неге б. з. б. ІІІ ғасырда көп яһуди Еврей жазбаларын түсінбеген? ә) Грек Септуагинті деген не?
7 Тарих барысында дүниеде орын алған кейбір саяси оқиғалар адамдардың тіліне әсер еткен. Алайда Ехоба Киелі кітаптың адамдар түсінетін тілде қолжетімді болуына қам жасаған. Мысалы, Киелі кітаптың алғашқы 39 кітабын еврейлер, яғни исраилдіктер жазған. Осылайша олар “Құдайдың қасиетті сөздері сеніп тапсырылған” алғашқы адамдар болды (Римдіктерге 3:1, 2). Бұл кітаптар бастапқыда еврей және арамей тілдерінде жазылды. Бірақ б. з. б. ІІІ ғасырға қарай еврейлердің көбісі өз тілін түсінбейтін болды. Неге? Ескендір Зұлқарнайын дүниенің көп бөлігін жаулап алып, Грекия империясының билігінің аясын кеңейтті. Нәтижесінде Грекияның қол астындағы жерлерде грек тілі ортақ тілге айналды, содан көп адам өз ана тілдерінде емес, грекше сөйлейтін болды (Даниял 8:5—7, 20, 21). Еврейлердің де көбісі грек тілінде сөйлегендіктен, оларға еврейше Киелі кітапты түсіну қиынға соқты. Бұл мәселе қалай шешілмек еді?
8 Исаның туылуынан 250 жылдай уақыт бұрын, Киелі кітаптың алғашқы бес кітабы грек тіліне аударылды. Кейіннен Еврей жазбаларының қалған бөлігі де осы тілге аударылды. Бұл аударма Грек Септуагинті деген атаумен белгілі болды. Септуагинт Еврей жазбаларының ең алғашқы толық жазбаша аудармасы болып саналады.
9. а) Септуагинт және бұрындағы басқа да аудармалар Құдай Сөзін оқитын адамдарға қалай көмектесті? ә) Еврей жазбаларының қай үзіндісі сізге қатты ұнайды?
9 Септуагинт аудармасының арқасында грекше сөйлейтін еврейлер Еврей жазбаларын грек тілінде оқи алды. Олар Құдай Сөзін түсінікті тілде естіп, оқи алғандарына қаншалықты риза болды десеңізші! Уақыт өте келе Киелі кітаптың кейбір бөліктері басқа да кең тараған тілдерге, мысалы сирия, гот және латын тілдеріне, аударылды. Неғұрлым көп адам Құдай Сөзін өз тілдерінде оқып түсінген сайын, оны жақсы Зәбүр 119:162—165 оқыңыз). Иә, Құдай Сөзі саяси өзгерістерге және ортақ тілдің өзгеруіне қарамастан, біздің күндерімізге дейін жетіп отыр.
көретіндердің қатары да көбейе берді. Біз сияқты, олардың да жақсы көретін тармақтары болған шығар (АУДАРМАҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚАРСЫЛЫҚТАР
10. Неге Джон Уиклифтің заманында адамдардың көбі Киелі кітапты оқи алмаған?
10 Жылдар бойы көптеген ықпалды басшылар адамдардың Киелі кітапты оқуына кедергі жасауға тырысқан. Десе де Киелі кітап барлығына қолжетімді болу үшін, Құдайдан қорқатын адамдар талмай еңбек еткен. Солардың бірі — XIV ғасырда Англияда тұрған Джон Уиклиф есімді кісі. Ол Киелі кітапты әр адам оқи алуы қажет деген көзқараста болған. Алайда ол өмір сүрген уақытта Англиядағы адамдардың басым бөлігі Киелі кітаптағы хабарды өз тілінде ешқашан естімеген де еді. Киелі кітап өте қымбат тұратын және әр данасын қолмен көшіру қажет болатын. Сондықтан санаулы ғана адамның өз Киелі кітабы болды. Сондай-ақ сол уақытта адамдардың көбі тіпті оқуды да білмейтін. Ал шіркеуге баратындар Киелі кітаптың латын тілінде дауыстап оқылғанын естіген шығар. Бірақ бұл қарапайым адамдар үшін түсініксіз ескі тіл болған. Адамдардың өз тілдерінде Киелі кітаптары болу үшін Ехоба қалай қам жасады? (Нақыл сөздер 2:1—5).
11. Уиклифтің Киелі кітабының ықпалы қандай болды?
11 1382 жылы Джон Уиклиф пен басқа кісілер Киелі кітапты ағылшын тіліне аударды. Содан Уиклифтің Киелі кітабы лоллардтардың, яғни оның ізбасарларының арасында кеңінен қолданылды. Олар Киелі кітапты қатты жақсы көрді. Лоллардтар бүкіл Англияның ауыл-ауылын жаяу аралап, адамдарға Киелі кітапты оқып, қолмен көшірілген бөліктерін таратып беретін. Осылай етулерінің арқасында Киелі кітап қайтадан кеңінен оқыла бастады.
12. Шіркеу басшылары Уиклиф пен оның еңбегіне қалай қарады?
12 Шіркеу басшылары Уиклифті, оның Киелі кітабын және оның ізбасарларын
жек көрді. Олар лоллардтарды қудалап, Уиклифтің табылған барлық Киелі кітабын жойып жіберді. Тіпті Уиклиф қайтыс болып кетсе де, оны еретик, яғни шіркеудің жауы деп жариялады. Оның сүйектерін қазып алып, өртеді де, күлін Свифт өзеніне ағызып жіберді. Десе де Құдай Сөзін оқып, оны түсінгісі келген адамдар көп болды, ал шіркеу бұған еш тосқауыл қоя алмады. Келесі жүздеген жыл бойы Еуропа мен жердің басқа да бөліктерінде Киелі кітап көпшілік түсінетін тілдерге аударылып, басып шығарыла бастады.“МЕН СЕНДЕРГЕ ПАЙДАЛЫНЫ ҮЙРЕТЕМІН”
13. Біз не нәрсеге сенімді бола аламыз? Бұл біздің сенімімізді қалай нығайта түседі?
13 Киелі кітап Құдай рухының жетелеуімен жазылған. Бірақ бұл дегеніміз Септуагинт, Уиклифтің Киелі кітабы, “Король Яковтың аудармасы” не сол сияқты басқа да аудармалар Құдай рухының жетелеуімен жасалды дегенді білдірмейді. Әйтсе де осындай аудармалардың қалай жасалғаны жайлы зерттеген кезде Ехобаның Сөзі, өзі уәде еткендей, сақталып қалғанына көзіміз жетеді. Бұл жайт Ехоба не уәде етсе, соны орындайтынына деген сенімімізді нығайтады (Ешуа 23:14).
14. Киелі кітап жайлы біліміміз Құдайға деген сүйіспеншілігімізді қалай арттыра түседі?
14 Ехобаның өз Сөзін қорғап келгені жайлы білгенде, оған деген сеніміміз нығая түсіп, сүйіспеншілігіміз де арта түседі *. Ехоба неге бізге Киелі кітапты берді? Неге оны қорғауды уәде етті? Себебі ол бізді жақсы көреді әрі бізге пайдалыны үйреткісі келеді (Ишая 48:17, 18 оқыңыз). Осылайша біз де оны жақсы көруге әрі оның тілін алуға талпынамыз (Жоханның 1-хаты 4:19; 5:3).
15. Келесі мақалада біз не талқылаймыз?
15 Біз Құдай Сөзін қатты жақсы көреміз. Ендеше, Киелі кітапты жеке оқығанымызда оның көбірек пайдасын көру үшін не істеуіміз керек? Қызметте жолықтырған адамдарға Киелі кітапты бағалауға қалай көмектесе аламыз? Қауымдағы тәлімгерлер үйретіп жатқандары Құдай Сөзіне негізделгеніне қалай көз жеткізе алады? Бұл сұрақтардың жауабын біз келесі мақалада талқылаймыз.
^ 4-абзац “Күзет мұнарасы” (ор.) журналындағы “Еврей және грек тілдерін үйрену қажет пе?” деп аталатын мақаланы қараңыз: 2009 жыл, 1 қараша.
^ 14-абзац “ Өз көзіңізбен көріңіз!” деген қоршауды қараңыз.