Ұстамдылық дамытайық
“Киелі рухтың жемісі... ұстамдылық” (ҒАЛАТТЫҚТАРҒА 5:22, 23).
ӘНДЕР: 83, 52
1, 2. а) Ұстамдылықтың жетіспеушілігі неге әкеп соғуы мүмкін? ә) Неге ұстамдылық жайлы талқылауымыз қажет?
ҰСТАМДЫЛЫҚ — Ехоба Құдайдың көмегімен дамытылатын қасиет (Ғалаттықтарға 5:22, 23). Ехоба бұл қасиетті мүлтіксіз таныта алады, алайда кемелсіз пенделер олай ете алмайды. Бүгінде адамдардың кезігіп жатқан қиындықтарының көбісі осы ұстамдылықтың жетіспеушілігінен туындап отыр. Өз-өзін қадағалай алмайтын адам маңызды істерді кейінге ысыра береді, мектептегі үлгерімі не жұмысының өнімділігі төмен болады. Сондай-ақ ұстамсыздық қорлық сөздер айтуға, ішімдікке салынуға, қатыгездікке, ажырасуға, қажетсіз қарыздануға, жаман әдетке тәуелді болуға, түрмеге қамалуға, жанды жаралауға, жыныстық қатынас арқылы берілетін ауруларға не қалаусыз жүктілікке әкеп соғуы мүмкін (Зәбүр 34:11—14).
2 Ұстамдылық танытпайтын адам өзінің де, өзгелердің де басын пәлеге душар етеді. Бүгінде адамдар барған сайын ұстамсыз болып барады. Бұл біз үшін жаңалық емес, себебі Құдай Сөзінде ұстамсыздық “соңғы күндері” өмір сүріп жатқанымыздың бір белгісі болатыны алдын ала айтылған (Тімөтеге 2-хат 3:1—3).
3. Неге бізге ұстамдылық қасиеті қажет?
Мұсаның 1-жазбасы 3:6). Соларға ұқсап бүгінде көп адам ұстамсыздықтың ауыр зардабын тартуда.
3 Неге бізге ұстамдылық қасиеті керек? Мұның маңызды екі себебі бар. Біріншіден, сезімдері мен эмоциясын тежей алатын адамның қиындықтары азырақ болады. Мұндай адамдарға басқалармен жақсы қарым-қатынас сақтау оңай, әрі ашу-ыза, уайым не жан күйзелісіне бой алдыра қоймайды. Екіншіден, азғыруларға төтеп берсек және бұрыс қалауларды тежей алсақ, Құдаймен достығымызды сақтап қаламыз. Адам ата мен Хауа ана осы жағынан мүлт кеткен еді (4. Бұрыс қалауларын тізгіндеу қиынға соғатын адамдарға мойымауға не көмектеседі?
4 Ехоба біздің пенде екенімізді, сондықтан ұстамды болу бізге оңай емес екенін жақсы түсінеді. Десе де ол бұрыс қалауларымыздан үстем болғанымызды қалайды (Патшалар 1-жазба 8:46—50). Сүйіспеншілігі мол Дос ретінде ол сезімдері мен қалауларын тізгіндеу қиынға соғатын адамдарға мейірімділікпен қолдау көрсетеді. Осы мақалада біз Ехобаның ұстамдылығынан үйренеміз. Сондай-ақ Киелі кітаптағы ұстамдылықты танытқан және танытпаған адамдардың мысалдарын талқылаймыз. Осы ретте көмек болатын тиімді кеңестерді де қарастырамыз.
ЕХОБАНЫҢ ҮЛГІСІ
5, 6. Ехоба қалай ұстамдылық танытты?
5 Ехоба ұстамдылықты кемелді түрде танытады, себебі ол барлық жағынан кемелді (Мұсаның 5-жазбасы 32:4). Алайда біз кемелсізбіз. Десе де Ехобаға жақсырақ еліктей алуымыз үшін, біз оның қалай ұстамдылық танытқанын қарастыруымыз қажет. Осының арқасында көңілімізді түсіретін жағдайларға кезіккенде, өзімізді қалай дұрыс ұстау керектігін білеміз. Ендеше, Ехоба қандай жағдайларда ұстамдылық танытқан?
6 Шайтан Едем бағында бүлік шығарғанда, Ехоба өзін қалай ұстағаны жайлы ойлайықшы. Ібілістің таққан айыбы Құдайдың көктегі адал қызметшілерін аң-таң қалдырып, бойларында ашу мен жеккөрініш тудырған болар. Бәлкім, сіз де Шайтанның кесірінен болып жатқан қайғы-қасіретті ойлағанда, дәл осындай күй кешетін шығарсыз. Бірақ Ехоба қызбалыққа салынбай, мәселені өте дұрыс шешті. Ол ашуға берілмей, Шайтанның бүлігіне қатысты мәселеде әділ әрекет етті (Мұсаның 2-жазбасы 34:6; Әйүп 2:2—6). Неге Ехоба уақыттың өтуіне жол берді? Себебі ол бірде-бір адамның жойылмай, “бәрінің өкінгенін қалайды” (Петірдің 2-хаты 3:9).
7. Ехобадан неге үйренеміз?
7 Ехобаның үлгісі бізге ойланып барып әрекет етуге және қызбалыққа салынбауға үйретеді. Маңызды шешім қабылдамас бұрын, ойлануға уақыт бөліңіз. Дұрыс сөйлеп, дұрыс әрекет ету үшін даналық сұрап дұға етіңіз (Зәбүр 141:3). Ашулы не жабырқаулы күйде қызбаланып әрекет ету оп-оңай. Осының салдарынан көп адам ойланбай айтқан сөздері мен істеген әрекеттерінен соң сан соғып жатады (Нақыл сөздер 14:29; 15:28; 19:2).
ҚҰДАЙ ХАЛҚЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЖАҚСЫ ЖӘНЕ ЖАМАН МЫСАЛДАР
8. а) Ұстамдылықтың жақсы үлгілерін қайдан таба аламыз? ә) Потифардың әйелі азғырмақ болғанда, Жүсіп ненің арқасында берілмеді? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.)
8 Киелі кітаптағы қандай мысалдар ұстамдылықтың маңыздылығына назар аударады? Осы орайда Жақыптың ұлы Жүсіпті еске алармыз. Перғауынның бас қорғаушысы Потифардың үйінде қызметші болып жүргенде, ол азғыруға елікпеді. Потифардың әйелі Жүсіпке көз салды, себебі ол “дене бітімі келісті, әдемі жігіт” еді. Содан ол бірнеше рет Жүсіпті азғырмақ болды. Жүсіп ненің арқасында бұған елікпей, қарсы тұрды? Бәлкім, бұл әйелге көнетін болса, мұның арты не болатынын ол алдын ала мұқият ойланып алған шығар. Ал кейіннен, әлгі әйел киімінен ұстай алғанда, ол одан қашып кетті. Жүсіп: “Қалайша мен осындай ауыр қылмыс жасап, Құдай алдында күнәға батпақпын?”— деді (Мұсаның 1-жазбасы 39:6, 9; Нақыл сөздер 1:10 оқыңыз).
Ехобадан азғыруға төтеп беру үшін даналық пен ұстамдылық сұраңыз
9. Азғыруға төтеп беру үшін қалай алдын ала дайындалсаңыз болады?
9 Жүсіптен қандай сабақ аламыз? Құдайдың қандай да бір заңын бұзуға азғырылсақ, бұған төтеп беруіміз қажет. Ехоба куәгері болмай тұрып, кейбіріміз мешкейлік, ішкілікке салыну, темекі шегу, есірткі қабылдау, азғындық не басқа да қиындықтармен күрескенбіз. Шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін де, ара-тұра біз осы жағынан азғырылуымыз мүмкін. Егер сізге де бұл жағдай таныс болса, бір сәтке кідіріп, бұл азғыруға елігіп кетсеңіз, Ехобамен қарым-қатынасыңыз қаншалықты бұзылатынын ойлаңыз. Қандай жағдайларда азғырылуыңыз мүмкін екенін анықтап, олардан қалай аулақ бола алатыныңызды шешіп алсаңыз болады (Зәбүр 26:4, 5; Нақыл сөздер 22:3). Қай кезде болмасын, осындай сынаққа ұшырасаңыз, Ехобадан азғыруға төтеп беру үшін даналық пен ұстамдылық сұраңыз.
10, 11. а) Мектепте көп жастар қандай қиындыққа кезігеді? ә) Құдай Заңын бұзуға азғырылғанда, жас бауырластарға бұған қарсы тұруға не көмектеседі?
10 Жүсіптікіндей жағдай бүгінде көп жас мәсіхшілердің басынан өтіп жатады. Солардың бірі — Кимберли есімді қыз бауырлас. Сыныптастары жиі әңгімелерінде демалыс күндері біреумен жыныстық қатынасқа түскені жайлы айтып мақтанады екен. Алайда Кимберли мұндай әңгімеге қосылмайды. Басқалардан ерекшеленгендіктен, ол кейде өзін “жападан-жалғыз” сезінетінін жасырмайды. Жігітпен жүрмейтіні үшін сыныптастары оны ақымақ деп санайды екен. Алайда шын мәнісінде Кимберли ақылмен әрекет етіп жүр. Өйткені ол әсіресе жастық шақта адамның жыныстық құмарлығы өте күшті болатынын біледі (Тімөтеге 2-хат 2:22). Сыныптастары одан: “Әлі ешкіммен болмағансың ба?”— деп жиі сұрайды. Кимберли осы мүмкіндікті пайдаланып, неге ешкіммен жыныстық қатынасқа түспеуді шешкенін түсіндіріп береді. Бүгінде азғындық жасауға қысым көрсетілгенде, бұдан үзілді-кесілді бас тартатын жас мәсіхшілерді біз мақтан етеміз. Ехоба да оларды мақтан тұтатыны сөзсіз!
11 Киелі кітапта азғындық жасауға азғырылып қалған адамдардың да мысалдары бар. Бұл мысалдар ұстамсыздықтың салдары қандай жаман болатынын көрсетеді. Егер сіз Кимберли сияқты жағдайда болсаңыз, Нақыл сөздер 7-тараудағы ақылсыз жігітті еске алыңыз. Бұған қоса, Амнон мен оның өнегесіз әрекетінің салдары қандай сорақы болғанын да ойлансаңыз болады (Самуилдің 2-жазбасы 13:1, 2, 10—15, 28—32). Ата-аналар отбасылық ғибадатта осы мысалдарды талқылау арқылы балаларын ұстамдылық пен даналыққа үйрете алады.
12. а) Жүсіп бауырларына деген сезімін қалай тізгіндеді? ә) Қай кездері сезімімізді жүгендеуге тура келеді?
12 Басқа бір жолы Жүсіп ұстамды болуымен тағы да үлгі көрсетті. Бұл оның бауырлары Мысырға тамақ сатып алуға келгендегі жағдай еді. Ағаларының ішкі пиғылдарын түсіну үшін, Жүсіп олардың бауыры екенін бірден айтпады. Іштей қатты толқып кеткенде, ол қастарынан кетіп қалды да, оңашада жылап алды (Мұсаның 1-жазбасы 43:30, 31). Егер бір бауырластың әрекеті сізді қапаландырса, Жүсіптің ұстамдылығына еліктегеніңіз сізді кейін бармақ тістеп қалатындай сөйлеп не әрекет етуден сақтайды (Нақыл сөздер 16:32; 17:27). Я болмаса сіздің қауымнан шығарылған туысыңыз бар шығар. Мұндайда олармен қажетінсіз араласпау үшін сезімдеріңізді жүгендеу керек болады. Бұл оңайға соқпайтын шығар. Бірақ осылайша Ехобаны үлгі етіп жатқаныңызды және оның талабын орындап жүргеніңізді есте ұстағаныңыз сізге көмек болады.
13. Дәуіт патшаның өмірінде болған жағдайлардан не нәрсеге үйренеміз?
13 Дәуіт патшадан да біраз нәрсеге үйрене аламыз. Саул мен Шимей оны жамандыққа арандатпақшы болғанда, Дәуіт ашуланбады және билігін оларға қарсы қолданбады (Самуилдің 1-жазбасы 26:9—11; Самуилдің 2-жазбасы 16:5—10). Дегенмен оның ұстамсыздық танытқан кездері де болған. Мұны біз оның Барсабиямен жасаған күнәсінан және Набалдың сараңдығын көргенде өзін қалай ұстағанынан білеміз (Самуилдің 1-жазбасы 25:10—13; Самуилдің 2-жазбасы 11:2—4). Дәуіттің жағдайынан көкейімізге маңызды сабақ түйіп алсақ болады. Біріншіден, әсіресе Құдай халқының арасындағы бақылаушылар өз билігін теріс қолданбау үшін ұстамды болуы керек. Екіншіден, ешбіріміз “азғыруға ешқашан елікпеймін” деп өзімізге тым сенімді болмауымыз қажет (Қорынттықтарға 1-хат 10:12).
ТИІМДІ ҚАДАМДАР
14. Бір ер бауырласпен не болды және осыған ұқсас жағдайларда ұстамды болғанымыз неге маңызды?
14 Ұстамдылық қасиетін қалай шыңдай түсуге болады? Луиджи есімді бауырласпен болған оқиғаға назар аударайықшы. Бірде бір көлік оның көлігінің артынан соғады. Бұған сол көліктің Қорынттықтарға 2-хат 6:3, 4 оқыңыз).
жүргізушісі кінәлі болса да, ол Луиджиге бас салып айқайлап, төбелес шығарғысы келеді. Луиджи сабыр сақтауға көмек сұрап Ехобаға дұға айтады да, қасындағы кісіні де сабырға шақырады. Бірақ оның айқайы еш басылмайды. Осындай қиын жағдайда да Луиджи сабырлық сақтайды. Бір жетіден соң, Луиджи қызметте бір әйелге қайта барады. Сөйтсе, бұл әйелдің күйеуі әлгі жүргізуші екен! Бұл кісі өз әрекеті үшін қатты ұялып, кешірім сұрайды. Луиджидің көлігінің тез арада жөнделуі үшін, ол қажетті шараларды қолға алатынын айтады. Сонымен қатар Киелі кітап жайлы әңгімелеріне қосылып, жақсы тыңдайды. Осы оқиғадан соң, Луиджи әлгі көлік соқтығысы кезінде сабыр сақтағаны қаншалықты дұрыс болғанын және қызбалыққа салынғанда, бұл жағдайдың қалай ушығып кетуі мүмкін екенін ұғынды (15, 16. Киелі кітапты зерттеу сізге және отбасыңызға ұстамдылықты дамытуға қалай көмектеседі?
15 Киелі кітапты үнемі әрі мұқият зерттеу мәсіхшілерге ұстамдылықты бойына сіңіруге көмектеседі. Құдай Ешуаға не дегенін еске алайықшы: Ешуа 1:8). Бірақ Киелі кітапты зерттеу ұстамдылықты дамытуға қалай көмектеседі?
“Осы Заң кітабындағы сөздерді аузыңнан тастама, әрі мұқият орындау үшін күндіз-түні соларды күбірлеп оқы. Сонда әрқашан жемісті болып, даналықпен әрекет етесің” (Киелі кітапты зерттеу ұстамдылық дамытуға көмектеседі
16 Жазбалардан біз ұстамдылықтың қандай пайдасын көретінімізді, ал ұстамсыздықтың қандай зардабын тартатынымызды көрсететін мысалдарды білдік. Ехоба бұл оқиғаларды бекерге жаздырған жоқ (Римдіктерге 15:4). Сондықтан оларды оқып, зерттеп, мұқият ой елегінен өткізгеніміз дұрыс. Оқығаныңызды өзіңіз және отбасыңыз қалай қолдана алатынын ұғынуға тырысыңыз. Ехобадан Сөзіндегі кеңеске құлақ асуға көмек сұраңыз. Кейбір салада ұстамдылық жетпей жатқанын байқасаңыз, мұны мойындаңыз. Сосын осы жайлы дұға етіп, қалай жақсара алатыныңызды түсінуге барынша күш салыңыз (Жақып 1:5). Ізденіс жүргізіп, басылымдардан іс жүзінде қолдануға болатын кеңестер табуға тырысыңыз.
17. Ата-ана ұстамдылық қасиетін баласының бойына қалай ұялата алады?
17 Балаларыңызға ұстамдылық дамытуға қалай көмектесе аласыз? Әрине, ата-ана баласының бойында бұл қасиет туа бітпейтінін біледі. Сондықтан олар өз үлгісімен балаларын ізгі қасиеттерге баулуы қажет (Ефестіктерге 6:4). Балаларыңызға ұстамдылық жетпей жатқанын көрсеңіз, өзіңіз бұл жағынан жақсы үлгі болып жатырсыз ба, жоқ па, сол жайлы ойланып көріңіз. Қызметке жүйелі түрде шығу, қауымнан қалмау және отбасылық ғибадатты үзбей өткізу арқылы үлгі-өнеге бола аласыз. Әрі қажет кезінде балаларға “жоқ” деуден де қорықпаңыз. Ехоба Адам мен Хауаға шектеу қойған. Осылайша олар Ехобаның билігін құрметтеуді үйренбек еді. Сол сияқты, ата-аналар балаларын жөнге салғанда және оларға үлгі-өнеге болғанда, балалар ата-анасының билігін құрметтеуді үйренеді. Бұл, өз кезегінде, оларға ұстамдылық дамытуға көмектеседі. Құдайдың билігіне деген сүйіспеншілік пен оның талаптарын құрметтеу балаларыңыздың бойына ұялататын өте құнды қасиеттер (Нақыл сөздер 1:5, 7, 8 оқыңыз).
18. Неге достарды ақылмен таңдауымыз қажет?
18 Ата-ана болсақ та, болмасақ та, бәрімізге достарды ақылмен таңдай білу керек. Егер достарыңыз Ехобаны сүйетін болса, олар сізді мағыналы мақсаттар қоюға және жамандықтан аулақ жүруге талпындырады (Нақыл сөздер 13:20). Олардың үлгісі сізді ұстамды болуға талпындырады. Ал сіздің үлгіңіз оларға қозғау салары сөзсіз. Ұстамдылықты бойымызға сіңірсек, Құдайдың ықыласына бөленеміз, өмірден қуаныш аламыз және жақындарымызбен бірге бақытты сәттерді бастан кешеміз.