Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Қалай ойлайсыз?

Қалай ойлайсыз?

Киелі кітапты оқысақ, Құдаймен дос бола аламыз ба?

КЕЙБІР АДАМДАР...

өздерін күнәкар санағандықтан, Құдаймен дос бола алмаймыз деп ойлайды. Біздің жағдайымыз Құдайды еш қызықтырмайды дейтіндер де бар. Ал сіздің ойыңыз қандай?

КИЕЛІ КІТАП БЫЛАЙ ДЕЙДІ:

Құдай “шыншыл адаммен жақын дос болады” (Нақыл сөздер 3:32). Құдаймен дос болу үшін, оның айтқанын тыңдауымыз керек.

КИЕЛІ КІТАПТАН ТАҒЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

  • Құдай бізбен дос болғысы келеді (Жақып 4:8).

  • Дос ретінде Құдай бізге көмектесуге және бізді кешіруге дайын (Зәбүр 86:5).

  • Құдай нені жақсы көріп, нені жек көрсе, оның достары да соны жақсы көріп, соны жек көреді (Римдіктерге 12:9).