Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Құдай Патшалығы жайлы ақиқат

Құдай Патшалығы жайлы ақиқат

Иса Мәсіх шәкірттеріне былай деп дұға айтуды үйретті: “Көктегі Әкеміз, сенің есімің киелі тұтылсын! Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің көктегідей жер бетінде де орындалсын!” (Матай 6:9, 10). Құдай Патшалығы деген не? Ол нені іске асырады? Не үшін дұғада “Патшалығың келсін” деп сұрауымыз керек?

Иса — Құдай Патшалығының Патшасы

Лұқа 1:31—33: “Оның атын Иса деп қоясың. Ол аса ұлы болады, әрі Құдай Тағаланың Ұлы деп аталады. Ехоба оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды. Ол Жақыптың әулетіне мәңгілік бойы Патша ретінде билік етеді. Оның Патшалығының шегі болмайды”.

Иса Құдай Патшалығы жайлы уағыздаған

Матай 9:35: “Иса барлық қалалар мен ауылдарды аралай жүріп, мәжілісханаларда тәлім берді, Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздады, түрлі ауру-сырқауларды сауықтырды”.

Иса шәкірттеріне Патшалықтың келіп қалғанын қай белгіден білетіндерін айтты

Матай 24:7: “Ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанады, түрлі жерлерде ашаршылық пен жер сілкіністері болады”.

Исаның шәкірттері Патшалық жайлы жер жүзі бойынша уағыздап жүр

Матай 24:14: “Патшалық жайлы осы ізгі хабар барлық халықтар есту үшін бүкіл жер бетінде уағыздалады. Содан кейін осы заманның соңы келеді”.