Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Дұғаларымыз Құдайдың құлағына жете ме?

Дұғаларымыз Құдайдың құлағына жете ме?

Сіз дұға қылғанда, Құдай сізді шынымен ести ме?

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ АЙТАРЫ:

  • Құдай — тыңдаушы. Киелі кітапта “Ехоба өзін шақыратындардың бәрінің қасында, өзін шын жүректен шақыратындардың бәрінің жанында” екені, әрі “көмек сұраған үндерін еститіні” айтылған (Зәбүр 145:18, 19).

  • Құдай дұға қылғаныңызды күтеді. “Барлық өтініштеріңді дұға етіп, жалбарынып, ризашылықпен Құдайға білдіріңдер” (Філіпіліктерге 4:6).

  • Құдай Тағала — қамқоршы. Ол біздің уайым-қайғымыздың бәрін білетіндіктен, бізге көмектескісі келеді. Киелі кітапта: “Бар уайымдарыңды оған артыңдар, себебі ол қамдарыңды ойлайды”,— делінген (Петірдің 1-хаты 5:7).