КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ № 1, 2022 | Жеккөрушіліктің шеңберінен шыға аламыз!
Қазіргі кезде жеккөрушілік пен жақтырмаушылық терең тамыр жайып бара жатқандай. Адамдар бір-біріне деген жеккөрінішін неше түрлі жолмен көрсетіп жатады. Мысалы, адамды бөлектеп, кемсітеді, қысым көрсетеді, сөзбен қорлайды я қол жұмсайды. Жеккөрушілікті жеңу мүмкін бе? Бұл журналда оның шеңберінен шығуға Құдай Сөзі қалай көмектесетіні сөз етіледі. Сондай-ақ Құдай Тағаланың жеккөрушілік атаулыны біржола жоқ қыламын деген уәдесі туралы айтылады.
Жеккөрушілікті жеңе аламыз!
Жеккөрушіліктің шеңбері деген не? Ол қалай көрініс табады?
Жеккөрушілік қайдан пайда болады?
Киелі кітап жеккөрушіліктің түбі қайдан шыққанын, адамдар неге басқаларды жек көруге бір табан жақын екенін және әлемді неге жеккөрушілік жайлап жатқанын көрсетеді.
Жеккөрушіліктің шеңберінен қалай шығуға болады?
Құдай Сөзіндегі ақыл-кеңестер көп адамға жақсаруға көмектескен.
ЖЕККӨРУШІЛІКТІҢ ШЕҢБЕРІНЕН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ?
1 | Ешкімді бөліп-жармаңыз
Біреуге деген жеккөрініш сезімін жеңу үшін Құдай сияқты адамдардың бәрін тең көріңіз.
ЖЕККӨРУШІЛІКТІҢ ШЕҢБЕРІНЕН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ?
2 | Кек алуды ойламаңыз
Өшігу сезімінен арылыңыз, жақында Жаратушымыз толық әділдік орнататынына сеніңіз.
ЖЕККӨРУШІЛІКТІҢ ШЕҢБЕРІНЕН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ?
3 | Ой-санаңыздан алып тастаңыз
Құдай Сөзінің көмегімен ойыңыз бен жүрегіңізден жеккөрушілікті алып тастай аласыз.
ЖЕККӨРУШІЛІКТІҢ ШЕҢБЕРІНЕН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ?
4 | Құдайдың көмегіне жүгініңіз
Құдайдың киелі рухы, яғни құдіретті күші сізге жеккөрушіліктің уытын қайтаратын жақсы қасиеттерді дамытуға көмектеседі.
Жеккөрушілік атаулы келмеске кетеді!
Жеккөрушілік мәселесін кім және біржола шешеді?
Қайда қарасаң да — жеккөрушілік құрбандары
Жеккөрушілік шеңберінен қалай шығуға болады? Бүгіннің өзінде әлемдегі миллиондаған адам осы бір жаман сезімді жеңе алған.