Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ЖЕККӨРУШІЛІКТІҢ ШЕҢБЕРІНЕН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ?

1 | Ешкімді бөліп-жармаңыз

1 | Ешкімді бөліп-жармаңыз

Киелі кітаптың айтары:

“Құдай ешкімді алаламайтынын енді шынымен біліп алдым. Ол өзінен қорқатын және әділ әрекет ететін әрбір адамды, қай ұлттан шықса да, қабыл алады” (ЕЛШІЛЕРДІҢ ІСТЕРІ 10:34, 35).

Бұл сөздің мәні:

Ехоба * Құдай бізді ұлтымызға, нәсілімізге я мәдениетімізге қарап бөліп-жармайды. Ол біздің жан-дүниемізге қарайды. Ол үшін осы маңызды. Құдай Сөзі мұны растайды: “Пенде адамның сырт келбетіне қарайды, ал Ехоба жүрегіне қарайды” (Самуилдің 1-жазбасы 16:7).

Сізге тиер көмегі:

Біз адамның жүрегін көре алмаймыз, бірақ Құдай сияқты басқаларды бөліп-жармауды үйрене аламыз. Ол үшін ұлтына, нәсіліне қарап, бәріне бірдей топырақ шашпаңыз. Қайта, әр адамды жеке дара деп көріңіз. Біреуге деген жаман сезім кетпей жатса, Құдайға дұға қылып, сол сезімнен арылуға көмек сұраңыз (Зәбүр 139:23, 24). Егер шын жүректен тілесеңіз, ол дұғаңызды қабыл алып, сізге бәрін тең көруге көмектеседі (Петірдің 1-хаты 3:12).

^ Ехоба деген — Құдай Тағаланың төл есімі (Зәбүр 83:18).

“Мен ақ нәсілді адаммен... бейбіт сөйлесе алмайтынмын. Ал қазір мен нағыз халықаралық бауырластықтың мүшесімін”(ТАЙТУС).