Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ЖЕККӨРУШІЛІКТІҢ ШЕҢБЕРІНЕН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ?

3 | Ой-санаңыздан алып тастаңыз

3 | Ой-санаңыздан алып тастаңыз

Киелі кітаптың айтары:

“Ой-саналарыңды жаңартып, түбегейлі өзгеріңдер. Сонда Құдайдың ізгі де ұнамды әрі кемелді еркіне не жататынына көз жеткізе аласыңдар” (РИМДІКТЕРГЕ 12:2).

Бұл сөздің мәні:

Біздің не ойлап, не қоятынымыз Құдайдың назарынан тыс қалмайды (Еремия 17:10). Әлбетте, біреуді жек көргеннен айтатын сөздерден және істерден қашық болу керек, бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі жеккөрушіліктің тамыры ойымыз бен жүрегімізде жатыр, бәрі сол жерден басталады. Сондықтан оның басы қылтиып шыққан кезде-ақ жұлып тастауымыз қажет. Сонда ғана біз “түбегейлі өзгеріп”, жеккөрушіліктің шеңберінен шыға аламыз.

Сізге тиер көмегі:

Өзгелерге, әсіресе нәсілі, ұлты басқа адамдарға қалай қарайтыныңызды ойланып көріңіз. Жүрегіңіздің түкпірінде не жатқанын анықтау үшін өзіңізге келесі сұрақтарды қойсаңыз болады: “Олар туралы қандай ойдамын? Олардың сыртынан тон пішемін бе, әлде өзім жеке көріп-білгендіктен солай ойлаймын ба?” Интернеттен, әлеуметтік желілерден жеккөрушілікті оятатын, зорлық-зомбылыққа итермелейтін мәліметтерді қарамаңыз. Сондай фильмдерді де көрмеңіз.

Құдай Сөзінің көмегімен ойымыз бен жүрегімізден жеккөрушілікті алып тастай аламыз

Ой-сезімдерімізге әділ баға беру кейде оңай емес, бірақ Құдай Сөзі “жүректегі ой-ниетті аян етеді” (Еврейлерге 4:12). Сол себептен Киелі кітапты оқып біле беріңіз. Сіздің ойларыңыз, көзқарасыңыз онда жазылғандармен сәйкес келе ме, жоқ па — салыстырып көріңіз. Егер сай болмай жатса, оларды өзгертуге тырысыңыз. Өйткені Құдай Сөзінің ойымыз бен жүрегімізге терең енген жеккөрушілік сезімін жеңуге құдіреті жетеді (Қорынттықтарға 2-хат 10:4, 5).