Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ЖЕККӨРУШІЛІКТІҢ ШЕҢБЕРІНЕН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ?

4 | Құдайдың көмегіне жүгініңіз

4 | Құдайдың көмегіне жүгініңіз

Киелі кітаптың айтары:

“Киелі рухтың жемісі — сүйіспеншілік, қуаныш, татулық, шыдамдылық, мейірімділік, ізгілік, сенім, жұмсақтық, ұстамдылық” (ҒАЛАТТЫҚТАРҒА 5:22, 23).

Бұл сөздің мәні:

Жеккөрушіліктің шеңберінен Құдайдың ғана көмегімен шыға аламыз. Құдайдың киелі рухының, яғни құдіретті күшінің көмегімен біз бойымызда жақсы қасиеттер дамыта аламыз. Бұл өзіміздің қолымыздан келмейді. Сондықтан жеккөрушілік пен өшпенділікті өз күшіммен жеңемін деп ойламай, Құдайға жүгінгеніміз абзал. Сонда біз де Құдайдың бір қызметшісі сияқты: “Маған күш-қуат берушінің арқасында бәрін де істей аламын”,— деп ауыз толтырып айта аламыз (Філіпіліктерге 4:13). Сондай-ақ Киелі кітаптағы: “Маған көмек көк пен жердің Жаратушысы Ехобадан келеді”,— деген сөздің растығына көз жеткіземіз (Зәбүр 121:2).

Сізге тиер көмегі:

“Ехобаның арқасында мен қатыгез адамнан бейбітсүйгіш адамға айналдым” (ВАЛЬДО)

Ехоба Құдайға шын жүректен дұға қылып, киелі рух сұраңыз (Лұқа 11:13). Одан өміріңізде жақсы қасиеттер танытуға көмек сұраңыз. Оның Сөзінде сүйіспеншілік, татулық, шыдамдылық пен ұстамдылық секілді қасиеттер жайлы не айтылғанын оқып көріңіз. Себебі осы асыл қасиеттердің көмегімен жеккөрушіліктің уытын қайтара аласыз. Бұл қасиеттерді қай кезде, қай жерде таныта алатыныңыз жайында ойланыңыз. Сондай-ақ сізге осы жағынан үлгі болатын адамдармен араласуға тырысыңыз. Олар сізді “сүйіспеншілікке және игі істерге талпындырады” (Еврейлерге 10:24).